Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Тақырыбы: «Тұмарлар дүкені» жаттығуы Мақсаттары: оқушылардың қабілеттерін анықтау, дағдыларымен жақынырақ танысу. Топ көлемі: 15-20 Жатығу ұзақтығы: 20-40 минут Қолданылатын жабдықтар: картоннан жасалған белгілер Ойынның өткізу шарттары: Мұғалім қатысушылар тобына келесі сөздерді айтады: «Сіздің қаланызға бүгін ерекше сәт туды. Мұнда ежелгі тұмарлары бар дүкен келді. Мен осы дүкеннің бұрыннан бері сатушысы болып табыламын және қазір мен сізге осында сатып алатын ғажайып тауарлар туралы айтып беремін». Одан кейін мұғалім белгілерді оқып, олардың мағынасын түсіндіреді. • «Күн бейнеленген алтын тиын»: ынталандыру – маериалдық. • «Күміс алақан»: ынталандыру – ұжым ішіндегі қарым-қатынас. • «Алмасты баспалдақ»: ынталандыру – мансабы жоғарылау. • «Зүбаржат кітап»: ынталандыру – кәсіптік өсуі. • «Лағыл алау»: ынталандыру – өздігінен қол жеткізу, ескішілдің болмау. • «Ақ алтын сағат»: ынталандыру – иілгіш жұмыс графигі. «Бірақ біздің дүкеніміздің ерекше ережелері бар, бір адам өзіне тек қана бір тұмар таңдай алады ең кажеттісін. Бірақ бір тұмарды бірнеше адам таңдай алады барлығына да жетеді». Мұғалім әрбіреуіне 1-2 минуттан ойлануға береді, одан кейін өз таңдауын түсіндіруге сұрайды. «Өздерін түсінетіндей, егер мен тауарларымды әрқашан да тегін таратсам, мен баяғыда қайыршылық күйге түсушедім. Бизнес бұл бизнес дегендей мен де тауарларымды тегін бермеймін. Бірақ менің шарарым бар себебі бұл жай тауар емес. Әр тұмар үшін сіз ең жақсы істей алатын қабілетіңізді көрсетіп, тұмарға төлеу керексіз». Қатысушыларға айта кету керек, қатысушылар тұмарға төлеген соң өз қабілетінңен айырылмайды, терісінше олар сатушыны үйретуі мүмкін. «Сатушы» төлем ақы ретінде көрсеткен өнерді қабылдайды ма әлде қабылдамайды ма өзі шешеді. Оған ұнамаса саудаласуға болады. Тұмарлар Белгілердің мағынасы: «Күн бейнеленген алтын тиын» - бұл тұмар өз қожайына әрқашан өзі істеген жұмысына жоғары сый алуға мүмкіндік береді. «Күміс алақан» - бұл тұмар өз қожайына әрқашан жұмысты жайлы, тату ұжымда істеуге мүмкіндік береді. «Алмасты баспалдақ» - бұл тұмар өз қожайына әрқашан мансабы жоғарылататын жұмыс істеуге мүмкіндік береді. «Зүбаржат кітап» - бұл тұмар өз қожайына кез келген жұмыста тиімді оқуды алуға мүмкіндік береді. «Лағыл алау» - бұл тұмар өз қожайына әрқашан шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік береді. «Ақ алтын сағат» - бұл тұмар өз қожайына әрқашан өз жұмысын ыңғайлы уақытта істеуге мүмкіндік береді. Нәтижені топпен талқылауға арналған сұрақтар: 1) Бұл сіздің жалғыз ынталандыруыңыз деп айтуға бола ма? 2) Тағы бір тұмар таңдауға мүмкіндігіңіз болса, қандай тұмарды таңдар едіңіз? 3) Сізді таңғалдыратын кейбір төлем ақы ретінде төленген қабілеттер болды ма? 4) Бұл ақпаратты келешек жұмыста қалай қолданасыз? | |
Просмотров: 1339 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|