Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Тақырып: «Таңдау және жауапкершілік» жаттығуы Сабақтың мақсаттары: • «Таңдау» және «жауапкершілік» түсініктерін талдау. • Өз таңдауына, жасаған істеріне жаупкершілік дағдыларын дамыту. • Әртүрлі түсініктер талдау дағдыларын дамыту. Сабақтың түрі: тренинг Сабақтың жабдықталуы: қызыл, сары, жасыл түсті «смайликтер», әр түрлі түсті қиықшалар. Топтарға бөлу әдісі: «Жылға» ойыны Сабақ жоспары: 1. Көңіл-күймен бөлісу. - «Смайликтер» арқылы - Люшердің 8 түсті тесті 2. Тақырыпқа кіріспе. - «Барлығы сенің қолында» тәмсіл әңгіме оқу 3. Негізгі материал. 4. Талқылау. 5. Қорытынды. 6. Көңіл-күймен бөлісу. Сабақ барысы: 1. Көңіл-күймен бөлісу. Сабақтың басында оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау үшін, мұғалім алдын-ала әрбір оқушының алдына 3 түсті «смайлик» қояды. • Көк тұсті – көңіл-күйі көңілді • Сары түсті – көңіл-күйі орташа • Қызыл түсті – көңіл-күйі көңілсіз көңілді орташа көңілсіз Олар өз көңіл-күйіне сай «смайликті» көтеру керек. Люшер тесті бойынша 8 түс арқылы көңіл күйлерін анықтау. Оқушылар аудиторияға кірген кезде 8 түсті қиықшалар тұрады. Олар өзіне ұнайтын бір түсті қиықшаны таңдап алу керек. Әрбір түстін мініздемесі бар: Көк – ынтымақшылдық, нәзіктік, жайшылық, қанағаттанушылық Жасыл – өз дегеңінен қайтпайтын, қырсықтық, өзін-өзі сыйлау Қызыл – белсенділік, агрессивті, күш жігері, жігерлілік Сары – белсенділік, көңілді, өмірге құштар, білімқұмар, коммуникативті Күлгін – аса сентиментальдық Қоныр – қауіпсіздік пен жайлылықты қажет етеді Қара – біреуді немесе бірнәрсені ұнатпау Сұр – жасырын, белсенділіктен бас тарту 2. Тақырыпқа кіріспе. Сабақтың тақырыбына сәйкес тәмсіл әңгіме оқу. «Барлығы сенің қолында» Баяғы кезде бір ескі қалада бір шәкірттері қоршаған Шебер тұрыпты. Ең алғыры бір күні былай деп ойланыпты: «Біздің Шебер білмейтін сұрақ бар ма екен?». Ол далаға барып, ең әдемі көбелекті ұстап алып, екі алақанын ортасына тығып қойыпты. Ол күлімсіреп Шеберіне барып, сұрапты: — Менің қолымдағы көбелек тірі әлде өлі ме? Ол көбелекті қолында ұстап тұрып, ішінен былай деп ойлапты: «Егер қазір ол тірі десе, мен көбелекті мыжып өлтіремін, ал егер өлі десе, қолымнан ұшырып жіберемін». Ал Шебер шәкіртінің қолына қарамастан, жауап беріпті: — Барлығы сенің қолында. 3. Негізгі материал. Жаттығу барысы: Жаттығу жүргізушінің балаларға жаттығудың шарттарын түсіндіргеннен басталады: «Сіз дене мүшелерін ауыстыратын дүниежүзілік клиниканың хирургы екенің елестетіңіз. Сіздің сегіз науқастарыңыз жедел операция жасауды қажет етеді, ал донорлық жүрек тек қана үшеу. Кімге операцияны жасайтыңызды таңдау жасау керек». 1 бөлім. Балалар үш адамды өздігінен таңдайды. Бұл тапсырмаға 5 минут беріледі. 2 бөлім. Одан кейін мұғалім сыныпты 5-6 адамнан тұратын бірнеше топтарға бөледі. Енді олар топтық шешім қабылдай алады. Оларға бұл тапсырмаға 20 минут беріледі. 3 бөлім. Әр топ өз шешімін айтады. Топқа «Жылға» ойыны арқылы бөлінеді. Екі адамнан қолдарын көтеріп тұрады. Бір адам араларынан өткен кезде кез келген жұптын біреуін үзіп әкетеді. Солай бірнеше рет істейді. Соңында жүргізуші «Он жағалауға, сол жағалауға бөлін» деген кезде, жұптар екі жаққа бөлінеді. Науқас адамдар туралы мәлімет (Ол әрбір оқушының қолында болу керек). 1. Бельгиядан келген 18 жастағы жігіт. Басқаға тәуелді науқас анасы бар. ВИЧ-инфицированный. 2. Армениядан келген ЖИТС мәселесін шешіміне жақындаған ғалым. 3. Ташкенттен келген 19 жастағы аяғы ауыр жас әйел. 4. Италиядан келген иман. Ол жетім балаларға баспана ұйымдастырып, бағып қағады. 5. Жапониядан келген 16 жастағы әйгілі пианист әйел. 6. Қазақстаннан келген 40 жастағы жесір ер азамат, екі кішкентай бала асырап отыр. 7. Швециядан келген 25 жастағы ер азамат, ішімдікке тәуелді. 8. Ресейден келген 20 жастағы жігіт, Шешен еліндегі соғысқа қатысқан. 4. Талқылау. Талқылауға арналған сұрақтар: • Жаттығу сіздерге ұнады ма? • Шешімді жалғыз қабылдауға қиын болды ма? • Ал топпен қалай болды? • Неге сіз таңдауыңызды дәл сол ауруға тоқтаттыңыз? • Немен немесе қандай аргументтерге сіз сол кезде қарадыңыз? (әлеуметтік жағдайы, ұлты, жасы, отбасы жағдайы...) • Сіздің көзқарасыңызға қиынға не түсті: жауапты шешім қабылдау немесе басқаларға тәуелді болу ма? • Таңдау мәселесі өміріңізде жиі кездесті ме? • Осы кезде қандай да шешім қабылдау қажет пе? Мысал келтіріңіз. 5. Қорытынды. - Бүгінгі сабақтан қандай қорытынды жасадыңыздар? 6. Көңіл-күймен бөлісу. Оң қолынызды үстіге көтеріп, сұқ саусағынызды көтеріңіз. Енді, бүгінгі сабақта ең ... болған оқушыны көрсетіндер: ең белсенді ең көнілді ең ақылды ең күлкілі ең салмақты тақырыпқа сай емес сөйлеген оқушыны Сабақтын соңында оқушылар өз көңіл-күйіне сай «смайликті» көтеру керек. | |
Просмотров: 3106 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|