Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс» Мақсаты: А.Құнанбаевтың «Қыс» атты өлеңінің мазмұнымен таныстыру. Міндеттері: - Абайдың «Қыс» атты өлеңі арқылы жылдың төрт мезгілінің бірі қыс мерзімінің ерекшеліктерін ашу; - Оқушылардың бойында адами қасиеттерді: адамгершілік, ізгілік, әдептілік, адалдық, жауапкершілік, төзімділік, өзара көмек, қарым-қатынас мәдениеттілігіне тәрбиелеу; - Оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін есте сақтауын және танымдық қызығушылығын дамыту. Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып үш топқа бөлінеді, әрбір топқа ат қойылады. 1-топ: Шежіре 2-топ: Мұрагер 3-топ: Атамұра -Балалар, бүгінгі сабағымыз ізденіс сабақ, бұл сабақта Абай туралы білетінімізді жинақтап, тұжырымдап, өлеңдерінің мазмұнымен танысамыз. II. Жаңа материалмен жұмыс. -Семей өңірінің әрбәр жас азаматы кішкентай кезінен бастап Абайдың есімін естіп, әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеміз. -Бүгінгі сабағымыз ізденіс сабағы, себебі әрбір топқа Абай туралы материалдар жинақтау тапсырылған. Қазір әр топ өзінің ізденіс жұмысын көрсетеді. 1-топ «Шежіре» тобына Абайдың қысқаша өмірбаяны берілген. (Бұл топ «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты газет шығарады. 1-оқушы: Біздің «Шежіре тобы» Абай атамызға арнап «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты тақырыпқа материалдар жинақтадық. 2-оқушы: Абай Құнанбаев 1845 жылы 28 тамызда Шығыс Қазақстан облысында, Абай ауданында, Шыңғыс тауының етегінде дүниеге келген. Негізгі шын аты – Ибраһим, халық қойған аты – Абай. Бала кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан. Оны әкесі Құнанбай Семейге оқуға жібереді. Мұсылман медресесінде араб, парсы тілдерін үйренеді. 14 жасында өлең шығарған. 3-оқушы: Абай – ақын әрі ұлы ойшыл, композитор, ағартушы. Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып өсті. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілмен анасы атанған кәрі әжесі Зеренің аңыз ертегілерін тыңдап, мінезі жанға жайлы өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде болған. 4-оқушы: Абай қазақ жастарын оқуға, білімге, өнеге, еңбекке шақырып, бірнеше өлеңдер жинағын жазды. 1886 жылы «Адам болам десеңіз» атты өлеңі жарық көрді. 5-оқушы: Абай 1904 жылы дүниеден өтті. Абай өзі өлсе де артына көп мұра қалдырды. Біз жұмысымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына бір шумағымен аяқтағымыз келеді. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе. Адамдықты көздесең, Жаттап тоқы көңілге. 2-топ «Мұрагер» тобына Абайдың қара сөздері тапсырылған. 1-оқушы: Біздің ізденіс жұмысымыз «Абай бізді мәңгі тәрбиелеуші» Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны 46 бөлек шығарма. Абайдың қара сөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдылардан аулақ болуға үйретеді. 2-оқушы: Ұлы ақын бірінші сөзінде адам өмірін үш кезеңге бөлген: 1) Жастық шақ, 2) Орта кезең, 3) Кәрілік шақ. Ол осы кәрілік шақты қалай өткізсем деп сөз қозғаған. Ақыр аяғында ақ қағазбен ақ сияны ермек қылып, артыма сөз қалдырайын деп шешкен. 3-оқушы: Жетінші сөзінде жас баланың анадан екі түрлі мінезбен туатынын айтады. Біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам дейді. Екіншісі көрсем, білсем, үйренсем дейді. 4-оқушы: 17 сөзінде ақыл, қайрат, жүрек – үшеуін бір-бірімен айтыстырыпты. Әрқайсысының қызметіне тоқтап, ең сонында мынандай ой түйеді «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» дейді. - Міне Мұрагер тобы бізге Абайдың қара сөздерінен бірнеше мысалдар келтірді. Ал 3-топ «Атамұра» тобы «Абайдың туған ауылы» атты материалдар жинақтады. 1-оқушы: Шығыс Қазақстанға жан-жақтан келген қонақтар ат басын Абайдың балалақ шағы мен өмірі өткен ата қонысы – Жидебайға мұражайға тірейді. (Жидебай суреті) 2-оқушы: Бұл мұражайда Абайдың аңшылық үшін пайдаланған құрал саймандары бар. 3-оқушы: Абайдың жеке жұмыс бөлмесін тамашалайды. 4-оқушы: Абай атамыздың мінген көлігі де сақталған. 5-оқушы: Келген қонақтар міндетті түрде Абай қабірінің басына тағзым етеді. 6-оқушы: Абайдың өмір сүрген кезінде қолданған ошағы мен ыдыс-аяқтары сақталған. 7-оқушы: Абай өз отбасымен бірге. Міне, бұл топ Абайдың туып өскен өлкесімен таныстырып өтті. -Балалар сендер өз ізденістеріңді сабақ барысында көрсете білдіңдер. -Енді Абай атамыздың өлеңдеріне тоқталайық. -Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? «Қыс», «Жаз», «Көктем», «Күз». Сергіту сәті. (Қысқы ойындар) -Дұрыс, балалар, енді сабағымызды әрі қарай Абайдың «Қыс» өлеңімен сабақтастырайық. Бұл өлең 1888 жылы жазылған екен. (Интерактивті тақтадан слайдпен көрсетіліп отырады) Қазір осы өлеңді мәнерлеп оқимыз, мұқият тыңдап отырыңдар. (Боранның дыбысы шығады) -Балалар, осы өлең ішінде сендерге таныс емес сөздер бар. Сол сөздермен танысайық. Сөздік жұмыс. Денелі - денесі зор, ірі тұлғалы адам. Долдану – қатты ызалану. Алты қанат ақ орда – алты керегелі үлкен үй. Домбығу – дененің суыққа тонуы, ісінуі. Шидем – қой жүнінен тоқылған сыртқы киім. -Ал енді осы сөздермен бірнеше сөйлемдер құрастырайық. Оқулықпен жұмыс. -Оқулығымызд ашамыз, «Қыс» өлеңін мәнерлеп іштей оқимыз. Әр топтан бір-бір оқушы мәнерлеп оқиды. -Енді осы өлең шумақтары бойынша жұмыс жүргізейік. 1-топқа тапсырма: Ақын қысты кімге теңеген? 2-топқа тапсырма: Ақын қыстың күйін қалай бейнелеген? 3-топқа тпсырма: Ақын балалармен малшыны қалай суреттеген? -Дұрыс, балалар, ақын қысты жанды адам бейнесіндей суреттеген. Бұл Абайдың жаңалығы, себебі Абайға дейін ешбір ақын табиғатты жанды нәрсеге теңемеген. -Ия, балалар, Абай атамыз қыстың қатты болатынын үскірік аязды қорқыныш әкелген қатал бейнеде көрсеткен. -Ал үшінші шумақта мал баққан малшылардың киген киімдеріне қарамастан қатты аязға шыдамағандығы мен жас балалардың аязға қарамастан ойнаған балалар жайлы суреттеген. -Сонымен Абайдың «Қыс» өлеңін оқи отырып қыстың өзіне тән қасиеттері мен ерекшеліктерін білдік. Осы өлең жолдарынан түйгенімізді суреттейік, яғни қатал, суық қысты суреттейміз. (Әр топ сурет салып, қорғайды) IV. Сабақты қорыту. -Балалар бүгін кімнің өлеңімен таныстық? -Өлең қай жылы жазылған? Өлеңнің ерекшелігі неде? -Сонымен, балалар, Абай есімін естігенде ойларыңа не орлады? (Интерактивті тақта арқылы ассоциация қатарды жазу) V. Оқушы білімін бағалау. VI. Үйге тапсырма беру: | |
Просмотров: 4752 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|