Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ ҮШІН, СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА 1. Есте сақтаңыздар, ата-аналар жиналысын өткізу – өте үлкен жауапкершілік. Жиналыс туралы ұмытып кету дұрыс емес – оған залал әкелумен бірдей. Жиналысты әр тоқсан сайын бір рет өткізіп тұру қажет. 2. Ата-аналар жиналысы туралы ата-аналарға ертерек хабардар етуді ұмытпаңыз, оны оқушылардың күнделігіне жазуға болады. Ата-анларыдың сол хабарламаға қолдарын қойғанын тексеріңіз. Оқушылардан сұраңыз, егер ата-аналары жиналысқа қатыса алмайтын болса, онда ертерек себебін қағазға жазып, баласы арқылы беріп жіберсін. Ата-аналардың жиналысқа келуі – мектепті және мұғалімді құрметтеуі болып табылады. 3. Егер сіз жаңа ғана сынып алсаңыз, онда жиналысты танысумен және өзіңіз туралы қысқаша айтып кетумен бастаңыз. 4. Ата-аналарға өзіңіздің алдыңызға қойылған және сынып ұжымына қойылған осы оқу жылындағы тапсырмалар мен міндеттер туралы айтыңыз. 5. Жиналыста ата-аналар қандай сұрақтарды көтергілері келетінің және қандай қосымша тапсырмаларды іріктеп алғылары келетінің келісіп алыңыз. 6. Әрі қарай ата-аналарды жыл бойында болатын негізгі істермен, сонымен қатар 1 тоқсандағы басты дәстүлі жұмыс жоспарымен таныстырыңыз. Олар жағынан көмектесулерін сұраңыз. 7. Ата-аналарға мектептің жұмыс тәртібін, сынып сағатының өтетін күнін, сізді қай күндері мектепте көре алатының хабардар етіңіз және пән-мұғалімдерімен қатынасуларының тәртібімен таныстырыңыз. 8. Ата-аналарға мектепте осы жастағы балаларға арналған қандай үйірмелер, факультативтер, секциялар, болатынын, олардың жұмыс уақытысын, әрі қандай да бір факультативке міндетті түрде қатысуы керектігі туралы, шет тіліне, сонымен қатар дене шынықтыруға міндетті түрде қатысу керектігі жөнінде айтыңыз. 9. Міндетті түрде ата-аналар жиналысында төмендегі сұрақтарды шешіп алыңыз: - тамақтану туралы; - аяқ киім ауыстыру туралы; - мектеп формасы туралы; - күнделікті бастау туралы; 10. Ата-аналар комитетіне 3 адамды сайлап алыңыз. 11. Жиналыстан кейін уақыт тауып, келмеген ата-аналармен кездесіңіз. Егер бәрі алғашқыдан болмай жатса, қамықпаңыз. Сізге табыс тілеймін! Ата-аналар жиналысы: Оқу қызметіндегі оқушыларға үй тапсырмасын тапсыру жөнінде. Талқылайтын сұрақтар: 1.Үй тапсырмасы және оның маңыздылығы оқушы санасының еңбегі. 2. Тапсырылған үй жұмысы оқушының өздігінен орындайтын жұмысы. 3. Үй тапсырмаларының орындалу ерекшеліктері жекелеген пәндердің болуы. Оқушыларға сауалнама жүргізу. 1.Үй тапсырмасын орындауға қанша уақыт жұмсайсың? 2.Басқаларына қарағанда қай сабақтан үй тапсырмасын орындағанда көп уақытың кетеді? 3. Саған үйге берілген тапсырма түсінікті ме немесе біреуден қайталап сұрап аласың ба? 4. Сен үй тапсырмасын өзің орындайсың ба, әлде үлкендерден көмек күтесің бе? 5. Сен орындаған тапсырманы үлкендер тексере ме? 6. Сен ылғи үй тапсырмасына алған бағаға көңілің тола ма? 7. Қандай көңіл-күймен үй тапсырмасын орындайсың? 8. Үнемі сабақта үй тапсырмасын жазып алуға үлгересің бе? 9.Сенде үй тапсырмасын сабақтың алдында жолдастарыңнан көшіріп алатын жағдай болып тұра ма? Ата-аналарға сауалнама жүргізу. 1. Сіздің балаңыз үй тапсырмасын орындауға қанша уақыт жұмсайды? 2. Қандай пәндерге көп уақытын кетіреді? 3. Сіздің балаңыз үй тапсырмасын орындағанда, не істеу керектігін біледі ме? 4. Балаңыз үй тапсырмасын орындағанда көмектесесіз бе? 5. Қай пән бойынша балаңызға үй тапсырмасына көмектесесіз? 6. Әрқашан сіздің балаңыздың орындаған үй тапсырмасына баға қойылады ма? 7. Әрқашан сіздің балаңыз пәндер бойынша берілген тапсырмаларды біледі ме? 9. Сіздің балаңыз күнделіктегі үй тапсырмасының жазылмағанын, не айтып түсіндіреді? Пайдалы ақпарат. Үй тапсырмасына қалай дайындалу керек: 1. Сабақта белсенді жұмыс істеу керек: назар қойып тыңдап, сұрақтарға жауап беру керек. 2. Егер бір нәрсе түсініксіз болса, қайта сұраудан ұялмаңыз. 3.Әр пәннен тапсырманы мұқият және нақты жазып алу керек. 4.Түсініксіз сөздердің мағынасын білу үшін, анықтамалар мен сөздіктерді пайдалануды үйрену керек. 5. Қызықты керекті ақпараттарды компьютердің көмегімен табуды үйрену керек. 6. Сабақта өткен қиын материалда сол күні қайталап, бекітіп, түсініп алу керек. 7.Үй тапсырмасын орындаған кезде тек ойлап қана қоймай, оны басқа да заттардың көмегімен, мысалдармен шешуге талпыну керек. 8. Үлкендерден, сыныптастардан көмек сұрауға ұялмаңыз. 9. Үй тапсырмасын орындар алдында күнделікте барлық тапсыманың жазылып тұрғанына көз жеткізіңіз. 10. Қандай жүйелілікте тапсырманы орындау керектігін және әр қайсысына қанша уақыт кететінің шешіп алу керек. 11. Жазу үстелінің үстінде тек бір тапсырманы орындауға қажетті нәрселер жатуы керек. Одан кейін келесі пән тапсырмасын орындауға қажеттілерді қалдырып, қалғандарын алып тастау керек. 12. Үй тапсырмасын орындау барысында үзілістің болғаны тиімді болады. 13. Материал деректерін оқығанда, бірінші оны түсіну керек, сосын есте сақтау керек. 14. Жазба жұмысын орындар алдында өзіне керекті ереженің барлығын ұғынып алып, сосын орындау керек. 15. Оқулықты оқығанда, мәтін бойынша өзіңе сұрақ қой. 16. Жаңа ұғымдарды құблыстарды білген кезде, бұрын білгеніңізбен баланыстырыңыз. 17. Үлкен тапсырманы екіге бөліп, оның әр қайсысын жеке-жеке орындаған дұрым болады. 18. Шығарма жазуды, баяндама жасауды ең соңғы күнге қалдырмай, жүктемелерді бөліп алып, мұндай жауапты жұмысқа ертеректен дайындалған жөн болады. 19. Аызша сабақтарға дайындалғанда картаның, тізбенің қолдану тәсілін білу керек. 20. Ауызша жауаптарға жоспар құрып, әрі өзіңді тексеруің керек. | |
Просмотров: 24583 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|