Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Дарынды оқушылармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру
Дарынды оқушылармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру

Тұрманова Роза Таубайқызы
Ы.Ноғайбаев атындағы №18 мектебінің биология пәнінің мұғалімі

«Дарынды тұлға– халқымыздың ең қымбат байлығы»
Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылғандай: «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі ерекше күш – адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі». Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі туындайды.
Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау – белгілі бір баланың дамуына талдау жасаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес, дарынды балаларды іздеу- арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде іздестіруді қажет ететін процесс.
Ал, дарынды баламен жұмыс жүйесі дегеніміз – мектептік және мектептен тыс сипаттағы тәрбиелік білім беру мекемелерінің өзара байланыс пен қарым-қатынастағы басқару органдарының жиынтығы. Балалардың, мұғалімдердің, ата-аналар мен ұйымдастырушылардың дарынды балалар мен жастарды айқындауға, қолдауға бағытталған іс-әрекетін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, нысандары мен әдіс-тәсілдері кіреді.
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, тәлімгер, шығармашылық ізденістегі адам..
«Дарынды, талантты тұлға – халқымыздың ең қымбат байлығы». Мектептегі ғылыми ізденістер мен шығармашылық танытып, түрлі деңгейдегі сайыстардан абырой биігінен көрініп жүрген ұстаздар мен шәкірттері де аз емес.
Ұлы ойшыл, ағартушы-демократ ақын Абай Құнанбайұлы «Ұстаздық – жүректің асылдығы» деп тегін толғанбаса керек. Расында, мұғалім мамандығын таңдаған адам баласының артына қалдыратын жарқын ізі - өз кәсібіне лайықты еңбек етіп, кейінгіге ғибратқа толы тәлім-тәрбие қалдыру болса керек.
Егеменді еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі, жан-жақты дамыған, өрелі азамат болып қалыптасуындағы мектеп ұжымының игі істері өз нәтижесіне алдағы уақыттарда да берері сөзсіз.
Жалпы жеке тұлға дарындылығының деңгейлік көрсеткіштері ғалымдардың пайымдауы бойынша жоғары дарынды, дарынды, орташа дарынды болып сипатталады. Дарынды балаларды орта мектептерде айқындау процесі арнайы дарынды балалар оқитын мектепке қарағанда өз ерекшелігі бар. Дарынды балаларды айқындауда негізгі жұмыс мектеп психологы мен пән мұғалімі, мектеп әкімшілігінің бірлескен қызметі арқылы іске асырылуы қажет.
Дарынды балаларды айқындауда комплексті түрде әртүрлі әдістер қолданылады:
- балаларды бақылау (сабақта, сабақтан тыс);
- баланың ата-анасымен байланыс;
- арнайы психодиагностикалық тренингтер;
- топтық шығармашылық жұмысқа араластыру;
- түрлі интеллектуалдық, пәндік олимпиадалар, конференциялар, ғылыми зерттеушілік жұмыстар, сайыстар, спорттық жарыстар т.б.
- қызығушылығы, ынтасы жоғары оқушылардың өзі тектес білімге құштар ортаны қалыптастырып, ол балаларды біріктіру;
- диагностика жасағанда пән мұғалімдері, кітапханашы, дәрігердің пікірін ескеру;
- педагогикалық консилиумда қарау.
Сонымен қатар бүгінгі күннің талабы нәтижеге бағытталған білім беруде дарынды оқушылар қызметін шығармашылықпен ұйымдастыру қажет, яғни мотивациялық, танымдық, процессуалдық компоненттер, олар:
- шығармашылық – ерік, жігерді талап етеді;
- зерттеушілік;
- біреуге бағыныштылықтың болмауы;
- жоғары деңгейдегі оңды мінез көрсетуі;
- «мені» бар, проблемаларды жаңаша шешуді ойластыруы, интеллектуалдық потенциалдың жоғары болуы;
- ішкі күшті дауысы бар;
- жаңаны зерттеу және ашуға ынталылық, ақылының тереңдігі;
- рефлексия мәдениеті, нәтижеге таңдана білу;
- бірегей ойларды білдіру және табу қабілеті;
- тапқырлық пен қиялдың кеңдігі;
- ерекше, беймәлім нәрселерге қызығушылығы;
- дивергенттік ойлауы т.б.
Өз тәжірибемде шығармашылық нәтижеге жету үшін төмендегідей мәселелерге мән беру қажет:
- жүйелі, жоспарлы жұмыс жасау;
- жеке оқушымен нәтижеге бағытталған шығармашылық деңгейде бірігіп іздену;
- ғылыми зерттеу жұмыстарында зерттеуді жүргізетін орындар – мекемелермен – СЭС-дағы химиялық, бактериологиялық лабораториялар, ЖОО – микробиология саласындағы ғалымдармен байланыс;
- пәндік олимпиада жүлдегерлерін дайындауда жыл бойы күрделі есептерді шығару әдістерін шешу;
- Алматы облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты жанынан «Дарын» орталығының ұйымдастыратын жазғы мектебінің жұмысына дарынды оқушылардың қатысып, білімдерін тереңдетуіне бағыт беру
- оқушының өз бетімен ізденуі, интернет сайтынан есептер шығару ресурстық қорын арттыру т.б. жұмыстар.
Ойымды қорытындылай келе дарынды оқушылармен шығармашылық нәтижеге жету жолдары:
І. Педагогикалық үрдісі бұрынғы дәстүр бойынша жүретін мектептерде ешбір еңбектің нәтижелі сипаты болмайды, себебі оқушы бойында:
- интеллектуалдылықтың салғырттығы;
- репродуктивті ойлау;
- бастамашылықтың болмауы, оқуға құлқының төмендігін туғызады және
оқушыны шығармашылыққа жетелеу методологиясы қарастырылмайды.
ІІ. Заман талабына сай озық технологияларды меңгерген, ізденімпаз, шығармашылықпен ойлай білетін педагогикалық ұжым ғана нәтижелі білім алуға жол таба біледі:
- оқытудың ішкі резервтерін ашу;
- мектептерде оқу-тәрбие үрдісін толық қайта өзгерту;
- жаңа сапалы нәтиже шығару;
- дарынды балаларды айқындауда ішкі потенциалдарын ашу үшін пәнге қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беру арқылы қабілеттерін ашып, дамыту;
- шығармашылық ойлау мүмкіндігін кеңейту.
Сонымен, нәтижеге бағытталған білім беру – ізгіліктендіру, дифференциалдау, жекелей ықпал ету, интеллектілікті көтеру, шығармашылықпен белсене араласу, нәтижесінде оқу – тәрбие үрдісін болжау мен ұйымдастырудағы біріккен қызмет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық даму, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді,жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. Қабілет деген не ?
Қабілет- іс әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттің өзі жалпы және арнаулы болып 2-ге бөлінді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі икемдік пен дағды болуы тиіс.. Қабілеттің дамуында адамның туыстан берілетін анатомиялық – физиологиялық белгісі ерекше орын алады. Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің жоғарғы түрін дарындылық деп атайды. Қабілеттің қандай түрі болсын өлшеусіз ерен еңбектен туындайды. Маңдай тер төгілмейінше,ешқандай қабілет өз мәніне ел болмайды. Қабілеттілік дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы- дарындылық.
Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгеле бір қызметтіойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен талантты адам дегеніміз-жоғары білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам.
Дарынды балаларды іздеу,оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күнде өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам,еңбекке бейім ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, талантты болады деп баланың ата-ананың мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.
Белгілі психолог Н.С.Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетілді.
-ұқыптылық,жинақылық зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарлығы
-ақыл ой, логикалық ойлауының тездігі кез-келген жағдайды талдау салыстыра білу.
-барлық күш қуатын сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі. Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып кез-келген баланың бойындағы қабілеті үздіксіз еңбек,мұғалімнің ерінбей-жалықбай үлкен ізденіспен жұмыс жасауының нәтижесін жүзеге асыруға болады. Қабілетті балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру біздің тәжірибемізде төмендегідей негізгі бағыттарды қамтиды.
1) жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың икемділігі, қабілеттілігін айқындау ,оларды топтарға бөлу.
2) оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың әдістемелік тәсілдерін жасау;
3) әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру ;
4)білімді бағалау, бақылау жүйесін жетілдіру
Шәкірттерді топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілетті деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа, төмен деп үш топқа бөлуге болады. Оқушылардың жұмысқа қабілеті деп олардың өнімі оқу қызметімен шұғылдануын айтамыз, жұмысқа қабілеттік дәрежесі оқушылардың психо-физиологиялық мүмкіндіктерімен,оқуға ынтасы іскерлігімен анықтайды,жұмысқа қабілеттілігінің де жоғары, орташа , төмен деңгейлері бар оқушыларды топтарға бөлу үшін мұғалімдер төмендегі бағытта жұмыс жүргізеді.
А) шәкірттердің жеке құжаттарын,мінездемесін,сынып журналын зерттеу
Ә)шәкірттің сабақтағы,сабақтан тыс кездегі іс*-әрекетіне бақылау жасау,талдау
Б)әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып шәкірттің білім деңгейін айқындау
В) шәкірттің білімін өздігінен жетілдіру іскерлігі мен дағдыларының бастапқы деңгейін анықтау мақсатында арнайы тексеру жұмыстарын жүргізу.
Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізу және жан-жақты талдау арқылы шәкірттердің икемділігі,қабілет мүмкіндіктерін айқындауға болады.Төменде шәкірттердің қабілет мүмкіндіктерін анықтауға арналған мұғалімдер үшін эксперименттің бір түрін келтіріп отырмын.Мұнда оқушыларда кездесетін қасиеттердің бір қатары белгілі.Мұғалімдерге оқушылар бойында байқалатын осы қасиеттердің өзіңізге ұнағанына «+»,ұнамайтынына «-» қою ұсынылады.
1.Тәртіпті мінез құлқы ұстамды
2.Сабақ үлгерімі бір қалыпты емес
3.Өз жұмысын жақсы ұйымдастырады
4.Ортақ тәртіпті,ортаның талабын мойын сұнбайды
5.Эрудициялы
6.Мінез-құлқы түсініксіз.
7.Көпшіліктің ортақ ісін қолдайды
8.Сабақ үстінде ақылға сыймайтын ескертпелер айтады.
9.Сабаққа үнемі жақсы дайындалады.
10.Үнемі өзімен-өзі,өз ісмен айналысады
11.Өте жылдам,қабылдауы тез
12.Жолдастарымен үнемі келісе алмай жүреді.
13.Жолдастарымен тез тіл табысады,көпшіл
14.Айтылғанды кейде тез ұғады,кейде көзге көрініп тұрғанды түсінбейді
15.Өз ойын басқаларға өте ұғымды жеткізеді.
16.Көпшіліктің шешімін немесе ұжым жетекшісінің шешімімен келісе бермейді.

Мұндай мазмұндас сұрақтарды жалғастыра беруге болар еді, бірақ кейбір қорытынды жасау үшін осының өзі де жеткілікті. Осындағы тақ орындағы қасиеттері бар оқушылар, ұстаздардың сүйікті шәкірттері, ал жұп орындарындағы қасиеттері бар оқушылар жөніндегі көзқарас басқашаға,бірақ шын мәнінде шығармашылық осы екінші топтың ішінде көбірек кездеседі. Сондықтан әр мұғалім,тәрбиешінің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетті, икемділікті көре білу болып табылады. Кейбір оқушылардың қабілеті ерте ашылған гүл сияқты жұрттың бәрін, таңдандырып жарқырап көрінеді, ал екіншілерінің мінез-құлқына,темпераментке байланысты көзге көп түсе бермейді. Ал ұстаздың міндеті оқушылардың көзе түсермейтін қабілетін көре білу және оны дамытуды жүзеге асыру.Бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастырудың ең басты да, негізгі формасы сабақ болып табылады. Оқу материалын саралап оқытудың сабақ түрінде қолданылуы, негізінен дидактикалық материалдардың мақсаты жүйесі және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай әдістемелік тәсілдерді ұтымды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.Қолданылу мақсатына қарай дидактикалық материалдар ақпараттық, нұсқаушы, жаттықтырушы, аннотациялық бақылаушы болып бөлінеді.
Бұл материалдар карточка-тапсырма, нұсқаушы парақтар,сызбалар тағы басқа түрінде беріледі.Дидактикалық материалдар ауызша және жазбаша, зерханалық және тәжірибелік,аналитикалық және графиктік сияқты танымды тапсырмаларды орындауды көздейді. Сөйтіп дидактикалық тапсырмалар оқыту үрдісінің барлық сатыларын қамтиды және бұл тапсырмалар жеке оқушының да ,деңгейлік топтардың да ерекшеліктері мен дайындық дәрежелерін,мүмкіндіктерін ескере отырып жасалғаң,ұл тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылардың өз күштеріне сенімі,білімді игеруге деген қызығушылығы, ынта-ықыласы мен қабілетін, қасиеттерін ашады.
Оқушыларды шығармашылық бағыттағы жұмыстарды өздігінен орындауға баулу,олардың қабілеттерін шыңдаудың,дамытудың ең сенімді және тиімді жолы болып табылады біздің тәжірибемізде шәкірттерге берілетін шығармашылық сипаттағы тапсырмалар сабақ үстінде негізгі бағдарламалық жұмыстар орындалып болғаннан кейін барлық оқушыларға, бүкіл сыныпқа түгел беріледі. Тапсырманы орындаған оқушыға «өте жақсы» бағасы қойылады да, орындай алмаған оқушыға баға қойылмайды. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар қабілетті оқушыларды неғұрлым дамытуға көздейді, сондықтан тапсырмалар мазмұны стандартты тапсырмалардан өзгеше болып келеді. Осындай тапсырмаларды жүйелі орындату арқылы оқушылардың қабілеттерін шыңдауға, ал кейбір көрінбей жүрген оқушылардың қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасауға болады.
Категория: Биология | Добавил: Жадо (2013-03-21) | Автор: Роза E
Просмотров: 9725 | Теги: Тұрманова | Рейтинг: 3.4/7
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 9:04 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru