Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Тақырыбы: Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар.
Мақсаты:оқушыларды Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалармен
таныстыру;
Экологиялық проблемалардың пайда болуына антропогендік факторлардың әсері бар екеніне мысалдар келтіріп, экологиялық мәліметтерге оқушылардың назарын аудару;
Оқушылардың экологиялық көзқарастарын, табиғатқа жанашырлық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру;
Ізденіс жұмыстарын дамыту, әртүрлі деректермен жұмыс істеуге өз ойын тұжырымдай білуге үйрету; экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі:маслихат-сабақ.
Әдістері: салыстыру, сипаттау, топпен жұмыс, жеке жұмыс, ізденіс, ой қозғау.
Көрнек: интерактивті тақта, қанатты сөздер, суреттер, карта, кесте.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу, сабақ мақсатымен, барысымен таныстыру.
2.Жаңа білім:
Экологиялық мәселелер-ең маңызды өмірлік мәселелердің бірі, өйткені әңгіме адамның ғұмыр кешетін ортасы жайында, болашақ ұрпақтарының өмірі туралы болып отыр
Ш.Айтматов.
Кіріспе сөзі:
Бүгінгі таңда адамзат алдындағы аса күрделі экологиялық мәселе-биосфера тіршілігін тұрақты ұстау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселесі.
Ғылыми деректер бойынша жер шарындағы Сахара, Гоби, Такла-Макан, Қазақстандағы-Арал, Семей, Байқоныр, Балқаш, Каспий антропогендік фактор әсерінің нәтіжесі.(карта)
Антропогендік факторлар туралы не білесіңдер?

Адам-табиғат перзенті. Табиғат өздігінен пайда болған дүние, яғни бізді қоршаған орта. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамның санасыз іс –әрекеті экологиялық дағдарыс тудыруды.
Құрметті оқушылар мен мұғалімдер. Бүгінгі маслихатқа қатысып отырған: биологтар, технологтар, физиктер, экологтар. Эксперт тобы, хатшы.
1) Тіркеу (аты-жөні, туған жылы, қайдан келді): ҰБТ-ге дайындық.
Тест:
1.Биология ғылымына алғаш рет «түр» деген ұғымды енгізді:
А)К.Линней В)Д.Рей С)Ж.Бюффон Д)Ж.Ламарк Е)Э.Геккель
2.Топырақтану ғылымының негізін салған:
А)В.Докучаев В)Н.Северцов С)Ч.Дарвин Д)Э.Геккель Е)А.Тенсли
3.Экология ғылымының негізін салған ғалым:
А)К.Линней В)Д.Рей С)Ж.Бюффон Д)Ж.Ламарк Е)Э.Геккель
4. Биология ғылымына алғаш рет «экожүйе» деген ұғымды енгізді:
А)В.Сукачев В)В.Вернадский С)А.Тенсли Д)Б.Комманер Е)Э.Дарвин
5.Биогеоценоз ұғымына толық түсініктемелер берді.
А)В.Сукачев В)В.Вернадский С)А.Тенсли Д)Б.Комманер Е)Э.Дарвин
1. Даталарды сөйлету.
1859ж(Ч.Дарвин «Түрлердің пайда болуы»
1866ж(Экология деген термин ғылымға енгізді)
1935ж(экожүйе)
1940ж биогеоценоз
1972(Стокгольмде , қоршаған ортаны қорғау туралы конфереция)
2. Сәйкестеңдір

1 3 Ақсу Жабағылы 1926 Оңтүстік Қазақстан
2 2 Алматы 1931 Алматы обл
3 6 Барсакелмес 1939 Қызылорда обл
4 9 Наурызым 1959 Қостанай обл
5 5 Қорғалжын 1968 Ақмола обл
6 7 Марқакөл 1976 Шығыс Қазақстан
7 4 Үстірт 1984 Маңғыстау обл
8 8 Батыс Алтай 1992 Шығыс Қазақстан
9 10 Алакөл 1998 Алматы обл
10 1 Қаратау 2004 Оңтүстік Қазақстан
1.Қаратау 2. Алматы 3.Ақсу Жабағылы 4.Үстірт 5.Қорғалжын 6.Барсакелмес 7.Марқакөл 8.Батыс Алтай
9.Наурызым 10Алакөл
Маслихатқа қатысатын мамандар тіркеуден өтті.
Осы мамандар Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайларымен, және неге Қазақстанда соншама проблемалар көп, бізге түсіндіріп береді. Және осы проблемалардың шешу жолдарын ұсынады. Жалпы біздің мақсатымыз, барлық жобаларды талдап болғаннан кейін , барлығымыз бірігіп, бір шешімге келу. Яғни,
Жерді болашақ ұрпақтарға қалдыру үшін, бізге қалай бүгін өмір сүру керек? Екеніне жауап беру.
Сөз кезегі-«Экологтар».
Қазақстан Еуразия құрлығының орталық бөлігінде кең байтақ жерді алып жатыр. Ол жерінің аумағы жөнінен дүние жүзі бойынша 9-орында.
Қазақстанның жер аумағы 272 млн.га., оның 180млн.га жері шөлейтті және шөлді белдемдерде орналасқан. Бұл еліміздің жер аумағының 67%-на тең.
Еліміз пайдалы қазбаларға да бай. Қазақстанда дүние жүзіндегі хром қорының-30%, уран мен марганецтің-25%, қорғасынның-19%-ы, мыс пен темірдің-10%-ы кездеседі.
Сонымен бірге елімізде мұнайдың, газдың көмірдің және басқа да пайдалы қазбалардың аса ірі кен орындары бар.
Қазір дүние жүзінде шикізат көздері ретінде 55 түрлі химиялық элемент кеңінен пайдаланылады. Соның Қазақстанда 39-ы өндіріледі.
Қазіргі таңда Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық зардаптарды көбірек көріп отырған мемлекеттің бірі. Еліміз аумағының 60%-дан астам алқабы экологиялық апатты аймақтарға жатады. Қазақстанның шығысы тау-кен металлургия өнеркәсіптерінен шыққан түрлі улы заттармен ластануда. Еліміздің батыс аймағы мұнай, газ өнімдерінен және Азғыр, Тайсоған, Нарын полигондарында жүргізілген сынақ зардаптарынан ластанған. Арал өңірі мен Орталық Қазақстан аймағында Арал теңізінің тартылуы, Байқоңыр ғарыш айлағының ластау әсері айқын байқалуда. Оңтүстік өңірі фосфор, қорғасын, цемент өнеркәсіп орындарынан, және уран кен орындарынан шыққан радиациялық сәулелердің әсерінен зардап шегуде.
Арал теңізінің экологиялық сараптамасымен таныстырады.
Арал теңізінің жасы 8-10мың. жыл шамасы. Теңіз суының көлемі жағынан ТМД-да -2 орын., Дүниежүзінде-4орын алатын көл. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі-1066км , тереңдңгң-30-60м, тұздылығы-10-12%. Жылына 50-150мың тонна балық ауланса, теңіз жағасында едәуір мөлшерде терісі бағалы бұлғын өсірілген. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық кеңшары, 10балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1998ж теңіз деңгейі 18км төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзеңдер-Сырдария, 1974жылдан және Әмурдария 1982жылдан мүлдем сарқылды. 38 жыл ішінде(1961-1999)теңіз деңгейі 18метрге төмендеді. Арал теңізі жағалауынан 150-170км шегінді. Кепкен теңіз түбі сортаңға айналуда. Ашылған теңіз жағалауынан көбін тұз бен құм жауып жатыр. Көл суының тұздылығы 3 есе артып 80% жетті. Жыл сайын теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері-13-23млнт.
Көлемі 2млн гектардан астам Аққұм атты жаңа құмды кеңістік табылды.
Сонымен, Арал апатына себеп болған факторлар:
-жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
-ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау;
Суды көп қажет ететін күріш, мақта дақылдары алқабының ауданын барынша көбейтіп жіберу;
-жерді игерудің агротехникалық шараларың сақтамау және дұрыс пайдаланылмауы;
-Арал теңізін құтқару немесе қалпына келтіру жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар:
1.Сібір өзеңдерінҚазақстанға бұру
2.Әмурдария мен сырдария өзеңдерінің суын реттеу арқылы суды молайту
3.Арал теңізін жартылай сақтап қалу
4.Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу
5.Жер асты суларын пайдалану
6.Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту
«Физиктер»
Елімізде ядролық жарылыстардың зардабын көрмеген аймақтар жоқтын қасы. Ресми деректер бойынша Қазақстанның 34 нүктесінде ірлі-ұсақты әр түрлі ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізілген. Оның ішінде Семей полигоны негізгі орын алады. 1947-1989 жылдар аралығында бұл жерде 500 –ден астам(кейбір мәліметтер бойынша 715) жарылыс жасалған. Кеңес одағы кезенде Қазақстанда әр түрлі 37 сынақ полигоны жұмыс істеген.Еліміздің көптеген аймақтарында кемтек мүгедек сәбілердің өмірге келуіне экологиялық жағдайлар әсер етуде.(биологтар толық айтып кетеді)
Ресми деректер бойынша:
Қазақстан жерінде түрлі зиянды қалдықтардың мөлшері 30млрд. т-ға жеткен. Жан басына бөлгенде орта есеппен 2мың т қалдықтан келеді.
Осы қалдықтардың ішінде: 6,7млрд т-сы улы қалдықтар.
Республикамызда жалпы радиоактивті қалдықтардың мөлшері 237 млн т-ға жетті. Ал түрлі өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтар 20 млрд т-ны құрайды. Мұндай улы қалдықтардың еліміздің табиғаттына және адам денсаулығына қаншалықты зиянды екендігі айтпаса да түсінікті. Осындай экологиялық қолайсыз жағдайлардан еліміздегі адамның өмір сүруінің орта жасы ер адамдар үшін -60,5, ал әйелдер -65,5 жасты құрайды. Ал жапондардың бізден 20жыл артық өмір сүретінін мысал ретінде айтуға болады.
«Биологтар» 10 сынып
Әр түрлі аурулардың әсерінен халықтың өлімінің себептері
№ Аурулар
Оның ішінде өлімнің себебі%
Өмір сүру салты Қоршаған орта Тұқымқуа
лаушылық Денсаулық сақтау
1 Жүрек аурулары 54 9 25 19
2 Қатерлі ісік 37 34 29 10
3 Жол-транспорттық 68 18 1 12
4 Атеросклероз 49 8 25 18
5 Диабет 26 0 68 18
6 Бауыр циррозы 70 9 18 3
7 Өзін-өзі өлтіру 60 35 2 3
8 Күтпеген қолайсыз жағдайлар 51 31 4 14
9 Орташа алғанда 48 16 25 11
Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский,1996ж) антропогенді затар есебінен қоршаған ортаға қорғасының 94-97%, кадмийдің -84-89%-ы, мыстың 56-87%-ы, никельдің 66-75%, сынаптың 60% шығарылады.
Металл Не бөледі Ауруларға келтіреді
Қорғасын.
Қоршаған ортада қорғасының артуы, әсіресе өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. ХХ ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасының мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700-1200 есе артық Автокөлік жанармайы
Металлургия кәсіпорындары
Ауыл шаруашылығындағы пестицидтер «сатуризм» немесе қорғасынмен улану, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау
Кадмий-ауыр металдардың ішінде ең улы. Тас көмірдің шаны, химиялық тыңайтқыштар, пластмассаның қалдықтары, темекі түтіні Бүйректе жиналады, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерің , тыныс алу жүйесің зақымдайды,
«Ита-ита»ауруын туғызады
Асбест Кәсіп орындар, ҚТҚ Өкпені зақымдайды, қатерлі ісік ауруларына әкеледі
Сынап.
Қоршаған ортада кеңінен таралған. Металл сынап іс жүзінде ағзаға зиян емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті.Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары Автокөліктер шығаратын газдарда, Аллергия, артрит, көру нашарлайды, бүйрек аурулары, иммундық қабилеті төмендейді, буын аурулары, ой қабілеті төмендейді. Жүкті әйелдергі зиянды.
Аллюминий ҚТҚ(сыра ыдыстары, фольга, дезодарант ыдыстарында) Қозуды көтереді, анемия, бүйрек, бауыр аурулары, жүйке жүйесінің зақымдануы, қарттық ақыл ойдын кемуі

Арнаулы түрде жүргізілген зерттеулердің қорытыңдыларына қарағанда қалай болса солай шашылып-төгіліп жатқан радиоактивті элементтердің қалдықтары республикамыздың әрбір қалаларымен елді мекеңдерінің айналасынан табылады.
Алматы қаласының маңайындағы алаңдардан-21, Өскеменде-12, Семейде-8, Көкшетауда-15. Жалпы Қазақстан Республикасының 18 қаласының маңайында 67 орыннан радиоактивті қалдықтар табылған.
«Байқоныр ғарыш аймағы», ракеталық сынақ полигондары «Капустин Яр», «Азғыр», «Сарышаған»жұмыстарын жалғастыруда.
Мемлекетіміздің бүкіл әлемдік кеңістікке абыройы мен мақсаты үшін мүмкін керек те болар. Бір қорқынышы сол, сынақтардың кейбір жағдайда сәтсіз аяқталып, өз жерімізге, оны қоныстанып отырған аймаққа жарылып құлауы, өте қолайсыз моралдық нұсқан.
Қазір Республикамызда халық арасында аурулар, өлім көбейіп кетті. Баланың іштен кемістікпен, ақыл-есінен кем, қабілетсіз, басқа аурулармен ауырып тууының басты себептерінің бірі-қоршаған ортаның бұзылуы.
Халықтың 40% дем алу мүшелерімен ауырады, екінші орында тері аурулары 8%, 3-ші орында –зәр шығару мүшелері мен улану жатады.(кесте)
«Технологтар» 11сынып
Қостанай облысының қоршаған орта жағдайы.
Автокөліктер ауа ластандырушылардың негізгі көзі ретінде қарастыруға болады.Автокөлік шығарады:азот оксидің(NO)азот диоксидің(NO2) көмірқышқыл газын,(CO2) көмірсуларды, түтін, күкірт оксиді(SO2)ауыр металдарды. 2010 жылы ауаның ластандыру көрсеткіші 3-ке тең. Бұл дегеніміз ластану деңгейіне қарағанда «Жоғары ластандыру деңгейіне» жатады. Бұл көрсеткішке кіреді:көміртек оксіді, азот оксиді, күкірт диоксиді және қатты бөлшектер. Ауаның ластану деңгейі бір қатар себептерге байланысты. Мысалы дизельді машиналар бензинмен салыстырғанда жанармайды 25%-ға аз қолданады. Дизельді жанармайда сынап қосылыстары болмайды, олардың жұмыс барысында, көміртек оксиді аз бөлінеді, бірақ күкірт қосылыстары бензинмен салыстырғанда-көбірек бөлінеді.Статистикалық мәліметтерді алатын болсақ: Қостанай обласында тіркеуде 133 272 автомашиналар. 2007 жылдан бастап жыл сайын 5-8 мың машина саны қосылады Ал тексеріс бойынша 10%машиналардың токсинді газдардың шағаруы мөлшерінен жоғары. Әрбір автокөлік 1 тәулікте 4кг жоғардағы заттарды бөліп ауаға шығарады. 1 адам өмір бойы қаншама оттекті жұмсайды, соншама 1 машина әрбір 100км өткен сайын жұмсайды
Сарамандық жұмыс: Автокөліктер бөлетін зиянды заттар.
Мақсаты: Автокөліктер бөлетін зиянды заттарды есептеу
Жұмыс барысы:
Автокөліктер өтуі әр түрлі 3 көшені таңдап алдым.
1.Парковая көшесі
2.Ленин көшесі
3.Студентческая көшесі
Әрбір көшеде 100м жол белгіледім
Осы белгіленген жолда 15 мин ішінде неше машиналар өтті санадым.
Көрсеткіштер Парковая көшесі Ленин көшесі Студентческая
Өткен машиналар саны 63 92 17
1 сағатта өтуі мүмкін 63х4=252 92х4=368 17х4=68
1сағат ішінде неше км, өтеді 25200 36800 6800
Жанармайдың мөлшері
Дизель -0,1л
Бензин -0,4л
2520 3680 680
10080 14720 2720
Бөлінген зиянды заттардың мөлшері
Көміртек оксиді 15120 22080 4080
Метан 2520 3680 680
Азот оксидтері 1008 1472 270
Рудный қаласында қазіргі таңда -127827адам тұрады. Ал, автокөліктер саны-21500. Сонда 5,9адамға 1автокөлік келеді
Зиянды заттар Әрбір 100 км сайын
Бензин Дизель
Көміртек оксиді 5155920 1391280
Метан 859320 231880
Азот оксидтері 343728 92070
Қорытынды:Дизельді жанармай жаңғанда зиянды заттар 4 есе аз мөлшерде бөлінеді.

Қала мәселесін көтерді.
Қоқыс неше жыл өмір сүреді.
Қоқыс түрлері Жылдар
Қағаз 2-10ж
Консервалы банкі 90ж
Шылымның фильтрі 100ж
Полиэтилен пакеті 200ж
пластмасса 500ж
Әйнек 1000ж

Тапсырма: Бір кабинеттен бір күнде - грамм қоқыс шығады.(қағаз, қалам, ...)
Мектепте барлығы оқу кабинеті.
Әрбір кабинетте урна....
уақыт отбасы сынып мектеп
1апта
1ай
1жыл
Қала тұрғындарының саны-
Ал қала тазалығын қамтамасыз ететін бір ғана мекеме бар. Ол ЖШС «Рудный Ажар» 2006 жылы құрылған, директоры: Чижов С.Н. Қала маңында санитарлық талапқа сай 1 полигон және санитарлық талапқа сай емес 4 полигон бар. Қоқысты сыртқа шығарады 6 машина.Қазіргі кезде мекеменің техникалары ескірген. Сондықтан олар қала тазалығын толығымен қамтамасыз ете алмайды. Және қаладағы кейбір мекемелер ЖШС «Рудный Ажар» мекемесімен келісім шартқа отырмаған. Мұның өзі қаланың қоқыстан толықтай тазартылмайтынын көрсетіп отыр.
Облыс және қала әкімшілігі аумақтың экологиялық жағдайына көңіл аударуда. Және тиісті шаралар қолдануда. Олар қоқысты өндіру бойынша жүргізілетін жұмыстар:
1. Қоқысты өндіру жоспары жасалды, оны меңгеруге -6млн тенге бөлінді.
2.Жоба «Қостанай, қостанай ауданы және Рудный қаласындағы қөқыс жағдайын бақылау жүйесі» жасалды, бөлінеген қаражат-80,246млн тенге
3.Қостанай обласында бағдарлама:
Мақсаты: қоршаған ортаның сапасын көтеруге жағдай жасау
Міндеттері: ластандыратын заттарды азайту, ормандарды көбейту
Радиациялық фон мөлшері 5-14 микроренгтен-гигиеналық жағдай жасау
Мерзімі: 2008-2010 жыл.
Қаржы: жергілікті бюджеттен: 2008-2010 жылдар- 4563,904 млн. Тенге
жылдар бойынша: 2008-1379,022 млн. тенге
2009- 1515,167 млн. тенге
2010-1669,715 млн. тенге
Күтілетін нәтиже: Су ресурстарды қорғау шаралары.
446мың га ормандарды сақтау және жыл сайын 900га көбейту
-зиянкес-жәндіктермен күрес
Атмосфераның, топырақтың ластандарудың алдын алу, ҚТҚ полигондарын сагнитарлық ережелеріне сай келтіру
Қамысты, Қарамеңді, Денисовка районы, Затобыл, Қарабалық, Қашар, Жетіқара, Арқалық, Рудный.
Қоғалдандыру жұмыстары жоспарлар бойынша жүргізіледі. Жаз айларында ерікті студенттерден құралған «Жасыл ел» қоғамдық ұйымы экологиялық жағдайларды жөндеуге өз ұлесін қосуда. Ал өзіміздің қаламызды жақсарту мақсатында көп еңбек етіп журген МКҰ «Рахат»-директоры Бейферт С.П. және Рудный қаласында қаланы тазарту, қоғаландыру жұмыстармен айналасады: директоры- Масюк Н. Сонымен қатар Рудный қаласындағы санитарлы-эпидемиологиялық қызмет жұмысын жасайды, директоры-Сагандыков Р. К. Осы тұрғыда МКҰ "Зеленстрой" жұмысын ерекше атап өткім келіп отыр. Өйткені олар көгалдандырумен қаланың көркейте түсті. Қала мекемелеріне де өз көмегін аямай қызмет көрсетті. Біздің қаланы ерекше деп айтуға болады, себебі бүкіл Қазақстан білетін ірі кәсіпорын АҚ «ССКББ» бар. Ол ауаға улы заттар бөлетіні сөзсіз. Ал МКҰ "Зеленстрой" осы заттар мөлшерін азайту мақсатында қала қөшелеріне қылқанды жапырақты өсімдіктерді отырғызуда. Осы өсімдіктер ұшқыш заттар фитонциттерді бөледі.
Жоғарыдағы кестеде көріп отырғандай Қазақстан қалалары қоқыстарын 97% полигондарға шығарады, ал басқа елдерде 20-30 % полигондарға шығарса, қалғандарын қайта өңдейді. Ал қазақстанда тек Алматы қаласында 1 қоқысты қайта өңдейтін зауыт бар. Батыс Қазақстанда 1 зауыт болған, ол қоқыстан ламинат жасаған, ал қазір жабылды. Алдағы уақытта Астана, Қостанай, Шымкент қалаларында зауыттар салу жоспарлануда.
Қоқысты іріктеу зауытының құрылысына – 1млрд. тг қажет. Ал қоқысты қайта өңдеу зауытына – 1.35млрд. тг. Бұл әрине қымбат, бірақ 10 жыл ішінде облыстағы барлық қоқыс полигондарын тазартуға болар еді. Тазартылған жерді басқа іске пайдалануға болар еді.
Қостанай облысындағы Рудный қаласының негізгі экологиялық проблемасын талдай отырып осы мәселені шешуге келесі жолдарды ұсынамын:
1. Қоқыстарды іріктеу және қоқыстың әр түріне жеке ыдыс орнату
2. Әрбір мекемелерде қоршаған ортаны қорғау мақсатында қоғамдық ұйымдар құру.
3. Қала экологиясы туралы жарнамалар жасау
4. Қала экологиясын жақсартуға үлес қосып жүрген мекемелерге, кәсіпкерлерге жағдай жасау, олар турала теледидар арқылы хабарлау
5. Мектепте экологиялық мәдениетке оқыту
6. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту
Қорытындысы: Эксперт сөзі:
Экологиялық заңдар.
Барлығы да бір-бірімен байланысты.
Барлығының өз орындары бар
Табиғатта барлығы ойластырған
Еш нәрсе жайдан жай берілмейді.
Маслихат алдына қойылған сұраққа (Жерді болашақ ұрпақтарға қалдыру үшін, бізге қалай бүгін өмір сүру керек?) біздің жауабымыз.
Маслихаттың шешімі.(хатшы жазып отырады), қатысушылар келіскен туралы қол қояды.
1.Ластану деңгейін төмендету
2.Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, өйткені кейбір түрлері қалпына келмейді
3.Экологиялық таза энергия алу жолын табу
4.Табиғатқа деген көзқарасты өзгерту
5.Халық санын өсуін реттеу.
Бағалау: ( топтар бір-бірін бағалайды)
Үй тапсырмасы:
П.23
Тест құрастыру 10сұрақ(п18-22)
Сабақ үшін рахмет. Сау болыңыздар!
Категория: Биология | Добавил: Гульнаш (2013-04-16) | Автор: Дальдембаева Гульнаш Тайкенженовна E
Просмотров: 16113 | Рейтинг: 3.2/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-19, 7:17 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru