Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
І.Сабақтың тақырыбы: Генетика және эволюциялық теория ІІ.Сабақтың мақсаты: а)білімділігі: Оқушыларға Харди-Вайнберг формуласын пайдаланып, есептер шығарту. б) тәрбиелігі: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу. в)дамытушылығы: Оқушылардың ізденімпаздығын, ойлау қабілетін әр түрлі есептер шығарта отырып, дамыту. ІІІ .Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. ІҮ .Оқыту әдісі: сөздік Ү. Сабақтың түрі: төрттік сабақ ҮІ. Көрнекілігі: компьютер,тест тапсырмалары. ҮІІ Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың 4 бағытта жүретіні ескертілді. 1. Ой қозғау (нені білеміз?) 2. Іздену.(нені білгіміз келеді?) 3. Ой қорыту (нені білдік?) 4. Ой дамыту “Ой қозғау” бағыты бойынша үй тапсырмасы сұралды. 1. Мутация дегеніміз не? Мутацияның түрлері қандай? 2. Гендік мутация дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? 3. Цитоплазмалық мутация дегеніміз не? 4. Хромосомалық мутация дегеніміз не? 5.Вавиловтың гомологтық қатарлар заңы туралы. “Іздену” бағыты бойынша жаңа сабақ түсіндірілді. Систематиктердің есебі бойынша, жануарлардың 2 миллиондай,ал өсімдіктердің 500 мыңдай түрі белгілі. Популяция дегеніміз- тіршілік ортасы және оған бейімделу қабілеті де бірдей,бірімен-бірі будандасып ұрпақ бере алатын дараларды айтады. Популяцияның генетикалық құрылымын дат генетигі В.Иогансен зерттеді.1903жылы “Популяциядағы және таза линиялардағы тұқым қуалау”деген еңбегі жарық көрді. Бұл ілімді орыс генетигі С.С.Четвериков әрі қарай жалғастырып,дамытты. 1908жылы ағылшын математигі Г.Харди мен неміс дәрігері В.Вайнберг популяциядағы генотип пен фенотиптің таралу жиілігін анықтайтын формула ұсынды. Ол кейіннен Харди-Вайнберг заңы деп аталды.Бұл формула бойынша гетерозиготалы организмдегі доминантты А аллелінің мөлшері Р деп,ал рецессивті а-ның мөлшері q деп белгіленеді. ♂ ♀ РА qа РА Р2АА РqАа q а Р qАа q2аа РА+ qа=1 (1) Осы формуланың екі бөлігін квадраттасақ: (РА+ qа) 2 =1; енді жақшаны алгебралық жолмен ашатын болсақ, генотиптердің жиілігін анықтайтын формула аламыз: Р2АА+ 2Р qАа+ q2аа=1 (2) Мұны жинақтағанда Харди-Вайнберг формуласы шығады: Р2АА+ 2Р qАа+ q2аа Табиғи сұрыпталу қозғаушы сұрыптау тұрақтандырушы сұрыптау Есеп: Бір қаланың перзетханасында 10жыл ішінде өмірге келген 84 мың баланың 210-ында рецессивті белгі ауру бар делік.Оның генетипі аа болады. Харди-Вайнберг заңы осы мәліметтерді пайдаланып,қалада тұратын адамдар популяция генетикалық талдау жасауға көмектеседі. Популяцияда генотипі аа ауру баланың саны 210. Ол q2- қа тең. q =210:84 000=0,0025 q= q 2= 0.0025=0,05 РА+ qа=1 РА=1- qа. РА=1-0,05=0.95 АА= Р2 =0.952 =0,9025; Аа=2рq=2 0,95 0,05 =0,095 аа=2q2=0,0025 “Ой қорыту” бағыты бойынша есептер шығарылды. 1. Қайсыбір аралдан 10000 түлкі атып алынған. Олардың 9991-і сары, ал 9-ақ түсті болған. Жүннің сары түсті болуы доминантты белгі. Олай болса, барлық 10000 дараның ішіндегі гомозиготалы сары, гетерозиготалы сары, гетерозиготалы сары және ақ түсті түлкілердің пайыздық мөлшерін анықтаңыздар. 2.Халқының саны 500000 адамнан тұратын ауданда алькаптонурия (рецессивті) ауруының белгісі бар 4 адам табылған. Осы белгі бойынша популяция ішіндегі гетерозиготалылардың санын анықтау керек. “Ой дамыту” бағыты бойынша кестені толтыру керек. Табиғи сұрыпталудың формалары Мысалдар Түрдің тұрақталуына әсері Эволюциялық маңызы 1.тұрақтандырушы сұрыптау 2.қозғаушы сұрыптау Тест жұмысы берілді: 1. Хромосома санының өзгеруіне байланысты болатын мутация. а) геномды б) хромосомалық в) гендік 2. Ағзадағы ДНК-ң мөлшері мен құрылымының өзгеруі: а)модификация б) мутация в) комбинативтік 3. Хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсуі: а) делиция б) инверсия в) дупликация 4. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік а) модификация б) мутация в) комбинативтік 5. Мутацияны ғылымға енгізген ғалым: а) Г.Де-Фриз. б) Г.Мендель. в) Н.И.Вавилов. 6. Хромосоманың үзілген бөліктерінің бірінің орнына бірі ауысып келуі: а) дупликация б) транслокация в) инверсия 7. Гендердің молекулалық құрылымының өзгеруі: а) гендік б) геномды в) цитоплазмалық 8. Плазмогендердің өзгеруі нәтижесінде ағза белгілерінің өзгеруі: а) гендік б) геномды в)цитоплазмалық 9. Гамологтық қатарлар заңын ашқан ғалым: а) Г.Де-Фриз. б) Г.Мендель в) Н.И.Вавилов 10. Хромосома санының үш еселенуі: а) пентаплоидті б) тетраплоидті в) триплоидті ІХ.Бағалау Х. Үйге:§47 | |
Просмотров: 6359 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|