Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
Сабақтың тақырыбы: Жемістер Сабақтың мақсаттары Білімділік: Жемістердің құрылысы, олардың айырмашылығы, адам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалптастыра отырып, сызбалар арқылы жемістердің бір – бірінен ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету Дамытушылық: Жемістердің көптүрлілігін, кездесетін жерлерін және бұрыннан білетін білімдерін кеңейту Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту Көрнекілігі: мультимедиалық құралдар Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі ІІ.Үй тапсырмасын тексеру І. «Сұрақ - менен», жауап – сенен» Жынысты көбею дегеніміз не? Тозаңдану дегеніміз не? Тозаңдану түрлерін ата. Өздігінен тозаңдану дегеніміз не№ Айқас тозаңдану дегеніміз не? Ұрықтану қай кезде жүреді? ІІ. Төменде берілген өсімдіктерді тозаңдану жолдарына байланысты кестені толтыр: 1.Темекі; 2.Қарабидай; 3.Көкнәр; 4.Терек; 5.Жөке; 6.Қандағаш; 7.Қарағай; 8.Қызғалдақ; 9.Алма ағашы; 11. Бақбақ, Жаңа сабақ Жұмбақты шешу арқылы сабақ тақырыбы ашылады. Күн нұрымен піседі, Уылжып қолға түседі. (жеміс) Оқушылар, қандай жемістерді білесіңдер? Суреттер көрсетіліп, оқушылар аттарын атайды. Слайдпен суреттік сызбалар көрсетіледі. Тамыр Сабақ Жапырақ Гүл Жеміс Тірек – сызбалар арқылы сабақ түсіндіріледі. Жеміс дегеніміз – өсімдік гүлдеп болғаннан кейін ұрықтанған аналықтың жатынының жеміске айналуы. Жемістер: шырынды, құрғақ Шырынды жемістер: жидекті жеміс, жидек тәрізді жеміс, сүйекті шырынды жеміс Құрғақ жемістер: қақырайтын, қақырамайтын Қақырайтын құрғақ жемістер: бұршаққап, бұршаққын, қауашақ Қақырамайтын құрғақ жемістер: дәнек, тұқымша, жаңғақ Сабақты бекіту тапсырмалары: І. Мына суреттегі жемістерді атап, қандай жеміске жататынын анықта. ІІ. Сәйкестендіру тесті: Әр өсімдіктің өзіне тән жемісін анықта. Күріш Дәнек Өрік Жидек Картоп Қауашақ Күнбағыс Бұршаққап Асқабақ Сүйекті шырында Бұршақ Тұқымша Меңдуана Бұршаққын ІІІ. Тест жұмысы 1.Шырыны мол, жұмсақ болып келетін жемістер а) шырыны жемістер ә) жалған жемістер б) құрғақ жемістер 2.Қабығы қалың, қатты жидек тәрізді жемістер а) алхоры ә) шабдалы б) апельсин 3.Бидай жемісі: а) дәнек ә) жидек б) жаңғақ 4.Ішінде ұсақ тұқымдары бар жеміс: а) жаңғақ ә) жидек б) бұршақ 5.Сүйекті шырынды жеміс: а) шие ә) қырыққабат б) шомыр 6. Көпсүйекті жеміс: а) бүлдірген ә) шие б) шабдалы Оқулықпен жұмыс. А. 1.Жеміс гүлдің қай бөлімінен пайда болады, неше топқа бөлінеді? 2.Шырынды жемістер нешеге бөлінеді? В 1.Неліктен құрғақ жеміс деп аталды? 2.Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске жатқызбайды? С 1.Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер. 2. Жидек жеміс пен жидек тәрізді жемістерді сипаттап, мысалмен дәлелдеңдер. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: §26, «Менің сүйікті жемісім» эссе жазу. | |
Просмотров: 2490 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|