Бұл сабақ ауданда сәуір айының 24-і күні «Мұғалімнің кәсіби өсуі: дәстүрлері мен өзгерістері» тақырыбында семинарда өткізілген болатын.Осы сабағымды 7 класс оқушыларымен өткіздім.Алдымен сабақты бастамас бұрын оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру мақсатында сергіту сәтін өткіздім.Балалардың көңіл-күйі керемет болды. «Қағанақсыз сүтқоректілер» техникасы арқылы топқа бөлінді.Онда балаларға қолдарына қиықшалар берілді.Сол қиықшаны құрастырғанда сүтқоректілердің суреті шығу керек болатын.Құрастыруға қатысқан мүшелер сол топты құрады.Олар «Кенгуру», «Үйректұмсық», «Түрпі» деп үш топқа бөлінді.Келесі бөлімде оқушылардан үй тапсырмасы «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұралды.Мұнда балалар бір-біріне сұрақ қойған кезде жіңішке (қарапайым) және жуан (күрделі) сұрақтар қойды.Үй тапсырмасының соңында оқушының білім алуын қолдау мақсатында сұрақ қоюдың әр түрлі техникаларын пайдаландым.