Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
Сыныбы 5А Пәні Жаратылыстану Тақырыбы Гидросфера- су қабаты Түйінді идеялар Дүниежүзілік мұхит.Атмосферадағы су.Табиғаттағы судың рөлі. Мақсаты: Оқушылардың гидросфера-жердің су қабаты екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Жеке тұлғаны дамытуда қолданатын жаңашыл интерактивті тақта арқылы ой қабілетін дамыту. Суға байланысты табиғи құбылыстарға бақылау жасауға дағдыландыру,судың қасиеттерін білу. Әдіс-тәсілдер Топтық, жұптық, жеке жұмыс Күтілетін нәтиже Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір-бірін мұқият тындап, толықтырып, өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалды қалыптастырады, критерий арқылы бағалай алады, қатемен жұмыс жасайды, ортақ қорытынды шығарады. Тапсырмалар 1.Ынтымақтастық атмосферасын құру(Мен сізді таныстырғым келеді) 2.Өткен сабақты қайталау(сұрақтар қою), иә, жоқ тестісі 3. Топқа бөлу(төрт мұхит) 4. Топтық жұмыс:Инсерт әдісі арқылы 5. Сыни сұрақтар қою 6. Аяқталмаған тезис(жеке жұмыс) 7.Физминутка 8.Графикалық диктант 9. Кері байланыс Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі 1.Ынтымақтастық атмосферасын құру: Мен сізді таныстырғым келеді 2.Сұрақ қою түрлері(көшбасшы ойыны) 3.Топқа бөлу Тақырыпты ашу(білу) Жер бетіндегі судың пайызы, пайдасы, осы процесті оқушылардан сұрау арқылы тақырыпты ашу Мағынаны тану(түсіну) Инсерт әдісі арқылы топтық жұмыс,кластерлер қорғау,топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды Сыни сұрақтардың түрлерін қою Жеке жұмыс Аяқталмаған тезис Аяқталмаған тезис: Құрлықтағы су көбінесе ............ .............. болып келеді. Бұлардың құрамында да..................... болады,бірақ мөлшері өте.....Ішуге жарамды суда ......... мөлшері 1 грамнан аз болуы керек. Емдік сулардың шығып жатқан жерін ................ деп атайды.арасан сулардың ............. бетіне шығып жатқан жерінде Қазақстанның емдік санаторийлі кешендері орналасқан. Судың тірі......................өмір сүруінде алатын орны зор.Адам,өсімдік,жануар........... болмаса тіршілік ете алмайды. Жердегі су қорының 97 пайызы...... шоғырланған. Қорытындылау Графикалық диктант 1.Жердің су қабығы-Литосфера. 2. Мұхит және теңіз сулары-Дүниежүзілік мұхитты қалыптастырады. 3. Емдік сулардың шығып жатқан жерін арасан деп атайды. 4. Грек сөзінен аударсақ гидро-жер деген ұғым. 5. Судың химиялық формуласы Н2О. 6. Судың түсі көк. 7. Су төрт түрлі күйде болуы мүмкін. 8. Сусыз бірде-бір тірі ағза өмір сүре алмайды Үйге тапсырма Тақырыпты оқу,мазмұндау. Сұрақтарға жауап беру Рефлексия Не қиын болды Не ұнады Нені өзгертер едің | |
Просмотров: 1357 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|