Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
Пәні: Биология 7”А” сынып Тақырыбы: Сүтқоректілердің тіршілік ортасы.Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. № 11зертханалық жұмыс Тірі аңдарды бақылау.Сыртқы құрылысы.Сүтқоректілердің қаңқасының құрылысын зерттеп білу. Мақсаты: 1. Білімділік: Сүтқоректілер класы жануарлар дүниесінің ең жоғары сатысы екендігімен таныстыру. Олардың құрылысы, тіршілік әрекеті, жер бетінде кеңінен таралуы, тіршілік ететін орта жағдайлары, өздеріне тән белгілерін ашып көрсету арқылы жануарлардың тарихи даму кезеңдерін жеткізу, сүтқоректі жануарлардың басқа жануарлармен ұқсасатығын, айырмашылығын ажырата білуге үйрету. 2. Дамытушылық. Білімді саналылықпен меңгеруге үйретіп, ойда сақтау қабілеттерін дамыту; шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына ықпал ету, сөйлеу мәдениеті мен сауаттылығын, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ыждағаттылыққа жануарларды қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке жұмыс. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру (сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру) Психологиялық дайындық Амансың ба Алтын күн! Амансың ба Көк аспан" Амансың ба Достарым! Сендерді көрсем қуанам Айналаға алақанмен Жылулықты шашайық Сәттілік тілеп күлімсіреп Біз сабақты бастайық! ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1.Құстарды зерттейтін ғылым саласы 2. Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар? 3.Өңештің кеңейген бөлігі? 4.Құс қарынының қоректік заттар ұсақталатын бөлімі 5.Құстың дене температурасы 6.Қазақ халқының қыран құстарға байланысты дәстүрлі өнері 7. Бұл қандай құс? 8. «Бройлер» деген ұғым нені білдіреді? 9. «Қолтұқым» ұғымы нені білдіреді? 10. Құс денесін не қаптап жатады? ІІІ. Жаңа сабақ. Тақырыпты өлең арқылы анықтау. Жүрісі жай сабырлы, Қарашы әне мамырды. Мамыр- қаздың баласы, Терер шашқан дәніңді. Дей бер марғау маубасты, Мияуласа қарны ашты. Марғау- мысық баласы, Сүттен көзін алмас бір. Әр оқушының алдына жеке таратып беріп, сабаққа ынтасын анықтау. “ Маммалогия”(латынша”маммалис”-емшек+грекше”логос”-ғылым ), кейде «териология»(грекше”терион”-аң,+”логос”-ғылым) • Олардың дене тұрқы 4 см,салмағы 1,2 грамдық сондай-ақ тұрқы 33метр,салмағы 150 тонна тартатындары да бар. Қаңқасы Бассүйек • Омыртқа жотасы мен кеуде қуысы • Иықбелдеуі мен алдыңғыаяқ • Жамбасбелдеуі мен артқыаяқтары • Денесі тері жабынымен қапталған Терініңқосалқыбөлімдері • Түк • Мұрт • Мүйізді тырнақ • Мүйіз • Тұяқтары Сүтқоректілердің тері жабыны екі қабаттан тұрады.Теріде май,тер,сүт,иіс шығаратын бездері болады. Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұратын бұлшықет ұрт деп аталады. Тістер атқаратын қызметіне қарай күрек,сойдақ,кіші және үлкен азу тістер. Бұлшықеттері Бұлшықеттеріжақсыдамыған • Кеуде мен құрсақ қуыстарын көкет (диафрагма) бөлім тұрады Бұлшықеттің маңызы Денені бүгіп, қозғалысқа келтіру, мойын мен кеудені қозғалту ,қолды аяқты көтеру, иықты жоғары төмен қозғау. Бұлшықеттер түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшық еттің қатысуымен кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшық еттердің жиырылу, босаңсу өсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі. Жүйке жүйесі күрделі құрылысты.Әсіресе мидың көлемі үлкен.Алдыңғы ми айқын ми сыңарларынан бөлінген.Күрделі қозғалыс әрекетіне байланысты мишығы да жақсы жетілген.Мишықтың сыртында сайшалар, иірімдер көп. жетілген.Иіс сезуі жақсы жетілген.Олар иіс сезу арқылы қорегін тауып аулайды.Есту мүшесі жақсы жетілген. • Тек суда тіршілік ететін киттердің иіс сезуі нашар дамыған.Суда, топырақта тіршілік ететін сүтқоректілердің құлақ қалқаны болмайды. Асқорыту жүйесі • Ауыз қуысы-жұтқыншақ – өңеш – қарын - аш ішек - тоқ ішек - тік ішек Қантарату жүйесі • Құстарға ұқсас. Сүтқоректілердің көбеюі Сүтқоректілер –дара жынысты.Олар іштей ұрықтанады.Ұрық аналық жыныс мүшесі-жатырда дамып жетіледі.Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық аналық ағзаның арасында арнайы мүше “ұрық жолдасы” пайда болған.Оны малдың шуы деп атайды.Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі , сүтқоректілерде әртүрлі болады.Сондықтан жоғары сатылы сүтқоректілерді ұрықжолдастылар деп атайды. ІҮ. Сергіту сәті Ү. Бекіту. № 11зертханалық жұмыс Тірі аңдарды бақылау.Сыртқы құрылысы.Сүтқоректілердің қаңқасының құрылысын зерттеп білу. Мақсаты: Сүтқоректілердің сыртқы құрылысындағы өздеріне тән белгілерін тауып, ерекшеліктерін анықтау. Құрал-жабдықтар: бейнеролик, оқулық. VІ. Үй тапсырмасы: §58 оқып түсінік айту. Тақырыптың соңындағы кестені толтыру.Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер туралы мәліметтер жинау. | |
Просмотров: 3039 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|