Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
КММ ШКО Тарбагатай ауданы Аксуат ауылы К.Нурбаев атындагы орта мектеп Исина Индира Айтбековна – биология пәнінің мұғалімі Сабақ тақырыбы: Қарапайымдар – біржасушалы жәндіктер. Сынып : 7 Мақсаты: Қарапайымдар типтерінің биологиялық ерекшеліктерімен және олардың түрлерімен таныстыру. Міндеттері: Білімділік: Тамыраяқтылар типтерінің ерекшеліктерімен таныса отырып, біржасушалылар туралы білімдерін толықтырады. Дамытушылық: қарапайымдылардың тіршілік әрекетін көпжасушаылардың тіршілік әрекетімен салыстыра отырып, тез ойлау, шығармашылық және іскерлік қабілеттерін дамытады. Тәрбиелік: Тамыраяқтылар типтерінің маңызын біле отырып, оларды қорғауға тәрбиеленсе, және ауру тудырушы түрлерімен таныса отырып, тазалық сақтай отырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиеленеді. Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақ түрі: СТО Сабақ әдісі: ұйқасын тап, ассосация, тірек сөздер, Т – кестесі. Көрнекіліктер: суреттер, жапсырмалар. Сабақ жоспары: 1.Ұйымдастыру. 2. Пысықтау. 3. Жаңа тақырып (Миға шабуыл) 4. Бекіту. 5. Үйге тапсырма. 6. Үй тапсырмасын сұрау. 7. Қорытынды. Сабақ барысы: Ұйымдастыруда кезекшімен жұмыс. Пысықтау: Ұйқасын тап. 1.Бір текті, құрылысы ұқсас, мекені бір, Әлемде сан алуан хайуанат жүр. Соларды топтастырып, жүйеге сап, Ғылымда өз алдына атайды түр 2. Түрлерді топтастыру – олда дұрыс, Ол тобын жануарлардың дейді туыс. 3. Бұларды топтастырмай тағы болмас, Туыстас жануарлар тобы – тұқымдас. 4. Тұқымдастар шегі емес топта бірақ, Жинақталып, солар құрады отряд. 5. Түрден – туыс, ал туыстан – тұқымдас, Тұқымдастан – отряд, одан класс Олар қалай класқа тұрмақ сыйып, Кластардың жинағын деді тип. 6. ал сонша бөліктерге шын ие – Жіктеудегі ең ірі топ – дүние. 2. «Жүйелеу» сөзіне тірек сөздер жазу оларға анықтама беру. Жаңа тақырып: Біржасушалыларға ассосация құру. Қарапайымдылардың табиғатта 70 мыңға жуық түрі бар. Класы: саркодиналар, талшықтылар, кірпікшелілер. Жұмбақ шештіру: Күнде қоректенгенде, зат жинайды денеге. Түнде қоректенгенде, заттарды жейді ол неге! Өсімдік пе, жәндік пе, құпия не сыр бар. Біржасушалы талшықты. Бұл қай жәндік, айтшы ал? (жасыл эвглена) Үш ағзаның сызбанұсқасын сызып, үшеуінің тіршілік әрекеттері мен дене құрылысындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды оқушылардың жәрдемімен анықтау. Мысалы: хламидоманада – өсімдік, Жасыл эвглена – аралық форма, бодо – жәндік. Саркодиналар жалған аяқ түзіп, дене пішінін үнемі өзгерте алады. Олардың құрылыс ерекшеліктерін 6 – сыныптағы білімдері арқылы сұрақтар беру арқылы сұрау. Табиғаттағы маңызы және зияны Т – кестесін толтырту. Бекіту. 1. Саркоталшықтылар деп неге аталған? 2. тамыраяқтылардың ерекшелігі неде? Үйге: §39. 168 беттегі тікелей өздері орындайтын тапсырма. Үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы сұрау. Қорытынды: Меңгерген білімді тексеру бойынша. | |
Просмотров: 2581 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|