Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
Дощанова Балбике Коянбаевна биология ғылымының кандидаты, доцент. «Өзін - өзі тану гимназиясы» Биология. Тірі организмдердің көптүрлігі 7 класс Оқу бағдарламасы «Биология. Тірі ағзалардың көп түрлілігі» бағдарламасы 2006 жылғы Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 7-сыныпқа арналған «Биология» пәні бойынша құрастырылды. «Биология. Тірі организмдердің көп түрлілігі» бағдарламасы тірі организмдерді өлі және тірі табиғатпен біртұтас қарастыратын полицентризм ұстанымы бойынша жүйелілік пен дамыта оқыту идеяларының, оқыту сатылары арасындағы сабақтастықтың негізінде жасалды және оқушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған. «Биология. Тірі ағзалардың көп түрлілігі» курсының мазмұны 5-6 сыныптағы тірі организмдердің жасушалық құрылымын, организмдердің негізгі топтарын, тіршілік белгілерін т.б. қарастыратын «Жаратылыстану» және «Биология. Организмдердің құрылысы мен тіршілік әрекеті» курсымен сабақтастық табады. «Биология. Тірі ағзалардың көп түрлілігі» курсының мазмұнында органикалық дүниенің жүйесі, вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің, жануарлардың құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері, олардың көптүрлілігі, табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі қамтылады. Тірі организмдер эволюция процесіндегі күрделенуіне, қоршаған орта жағдайларына бейімделу ерекшеліктеріне қарай қарастырылады. Сонымен қатар, оқушылар Қазақстанның флорасы мен фаунасының өкілдерімен, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлермен танысады. Курс мазмұнында өсімдіктердің, жануарлардың көптүрлілігін, қоректік байланыстарын, маусымдық құбылыстардың тіршілікке әсерін зерттеу мақсатында тәжірибелік және зертханалық жұмыстар, табиғатқа, зоопаркке, өлкетану мұражайына, қорықтарға, ұлттық паркке, қорықшаларға экскурсиялар ауқымы мол қарастырылды. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекеттеріне фенологиялық бақылау жүргізуге жазғы тапсырмалар беріледі. Кіріспе (1 сағ) Органикалық дүниенің жүйесі. Тірі организмдердің систематикалық топтары: патшалық, тип, класс, отряд, тұқымдас, түр. Бірклеткалы (прокариоттар) және көпклеткалы (эукариоттар) организмдердің жалпы сипаттамасы. Прокариоттар патшалығы (2 сағ). Прокариоттардың жалпы сипаттамасы. Вирустар. Вирустардың жалпы сипаттамасы. Вирустардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Вирустардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Бактериялар. Бактериялардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Бактериялардың көптүрлігі. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Зертханалық жұмыс № 1. Микроскоппен сүтқышқыл бактерияларын зерттеу. Саңырауқұлақтар патшалығы (4 сағ) Саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі. Төменгі және жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың негізгі топтары: зигоспоралы, аскомицеттер, базидиомицеттер. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі. Саңырауқұлақтар экологиясы. Қыналар. Қыналардың құрылысы, көбеюі. Қыналар – селбесуші организмдер. Қыналардың экологиялық рөлі. Көрсетілім: «Саңырауқұлақтардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері» кестесі, оқу фильмі. Көрсетілім: Саңырауқұлақтардың, қыналардың нақпішіндері, жемісті және қалпақшалы саңырауқұлақтардың табиғи нысандары. Практикалық жұмыстар (1 сағат) № 2. Зең және ашытқы саңырауқұлақтың құрылысын микроскоппен зерттеу. № 3. Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрылысымен танысу. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды анықтау. Өсімдіктер патшалығы ( 20 сағат) Өсімдіктердің жалпы сипаттамасы (1 сағат). Өсімдік организмінің негізгі белгілері. Өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктердің негізгі систематикалық топтары. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктердің экологиясы. Өсімдіктердің алуантүрлілігі – биосфераның тұрақты дамуының негізі. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Балдырлар (2 сағат). Балдырлардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Балдырлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі. Балдырлардың көптүрлілігі: көк-жасыл, қызыл, қоңыр балдырлар. Балдырлардың экологиясы. Жоғары сатыдағы өсімдіктер (1 сағат). Жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі белгілері. Мүк тәрізділер. Мүктердің құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Мүктердің көптүрлілігі. Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Плаунтәрізділер, қырықбуынтәрізділер (1 сағат). Қырықбуындардың, плаундардың (сушырмауықтардың) құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Қырықбуындар мен плаундардың өкілдері. Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Папоротниктәрізілер (1 сағат). Папоротниктәрізілердің құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Папоротниктәрізілердің өкілдері, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Жалаңаштұқымдылар (1 сағат). Жалаңаштұқымдылардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Жалаңаштұқымдылардың өкілдері (шырша, қарағай, майқарағай, балқарағай). Олардың табиғаттағы және адамның шаруашылық қызметіндегі маңызы. Жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктер (2 сағат). Жабықтұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Жабықтұқымды өсімдіктердің құрылысы, көбеюі және дамуы. Жабықтұқымды өсімдіктердің көптүрлілігі. Даражарнақты өсімдіктер (1 сағат). Астықтұқымдастар, лалагүлділер өкілдері. Қосжарнақты өсімдіктер (4 сағат). Жалпы сипаттамасы, құрылыс ерекшеліктері. Крестгүлділер, раушангүлділер, бұршақтұқымдастар, күрделігүлділер, лалагүлділер, тұқымдастары. Қазақстанның ауылшаруашылық мәдени өсімдіктері (3 сағат). Мәдени өсімдіктердің көптүрлілігі. Дәнді, майлы, техникалық дақылдар, дәрілік өсімдіктер, жеміс-жидектер, көкөкністер. Көрсетілім: Өсімдіктердің гербарийлері, слайдтары, оқу фильмдері, макеттер, муляждар, өсімдік және өсімдік ұлпаларының микропрепараттары. Зертханалық жұмыстар № 2. Біржасушалы және жіп тәрізді балдырлардың құрылысын микроскоппен қарап, зерттеу. Қыналардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. № 3. Жасыл мүк, сфагнумның құрылысын микроскоппен зертеу. № 4. Дала қырықбуынының құрылысы. № 5. Папоротниктің құрылысы. № 6. Қылқанжапырақты өсімдіктердің (жергілікті өкілдер мысалында) қылқаны мен бүрінің құрылысымен танысу. Практикалық жұмыстар (1 сағат). № 1. Жергілікті декоративті және жабайы өсімдіктердің әртүрлі тұқымдастарын анықтау. № 2. Жергілікті мәдени өсімдіктерді анықтау. № 3. Жергілікті дәрілік өсімдіктерді анықтау. Табиғатқа экскурсия (2 сағат). № 1. Жергілікті саңырауқұлақтар және өсімдіктермен танысу. Жергілікті өсімдік бірлестіктерін зерттеу. Жергілікті ағаш, бұта және шөп өсімдіктерін анықтау. № 2. Антропогенді факторлардың өсімдік бірлестіктеріне әсерін анықтау. Жылыжайда, оранжереяда декоративті және мәдени өсімдіктерді өсіру әдістерімен танысу. Жануарлар патшалығы ( 35 сағат) Жануарлардың жалпы сипаттамасы, олардың жүйеленуі. Жануарлардың тіршілік әрекетерінің ерекшеліктері: тыныс алу, қоректену, зат алмасу және тасымалдау, көбею, өсу және даму, қозғалыс. (1 сағат). Біржасушалы организмдер патшалық тармағы (1 сағат). Біржасушалы организмдердің құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Біржасушалы организмдердің көптүрлігі: амеба, инфузориялар (кірпікшелілер), вольвокс т.б. Көпржасушалы организмдер патшалық тармағы (1 сағат). Көпржасушалы жануарлардың жалпы сипаттамасы. Көпржасушалы организмдердің жүйеленуі. Губкалар типі (1 сағат). Губкалардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Губкалардың негізгі өкілдері. Ішекқуыстылар типі (1 сағат). Ішекқуыстыладың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Ішекқуыстыладың өкілдері: гидралар, сцифоидтер, полиптер. Жалпақ құрттар типі (1 сағат). Жалпақ құрттадың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Жалпақ құрттадың өкілдері: кірпікшелі құрттар, сорғыштар құрттар және таспа құрттар. Жұмыр құрттар типі (Нематодтар) (1 сағат). Жұмыр құрттадың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Паразитті жұмыр құрттадың өкілдері: ақ сұлама, острица, трихинелла, филлярия. Буылтық құрттар типі (1 сағат). Буылтық құрттадың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Сақиналы құрттадың негізгі өкілдері: азқылтанды және көпқылтанды құрттар, сүліктер. Моллюскалар типі (2 сағат). Моллюскалардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Моллюскалардың негізгі өкілдері: бауыраяқтылар, қосжақтаулылар және басяқтылар. Моллюскалардың экологиясы, олардың табиғаттағы ролі. Буынақтылар типі (2 сағат). Буынақтылардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Буынақтылардың көптүрлігі: шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, жәндіктер. Буынақтылардың экологиясы, олардың табиғаттағы ролі. Тікентерілер типі (1 сағат). Тікентерілерінің құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Тікен терілерінің көптүрлігі: теңіз жұлдыздары, теңіз кірпілері, голотуриялар. Тікентерілерінің экологиясы, олардың табиғаттағы ролі. Хордалылыр (Омыртқалылар) типі (1 сағат). Омыртқалы жануарларға жалпы сипаттама. Бассүйексіздер, қабытылар және омыртқалылар типтері. Ланцетниктің құрылысы, тіршілік ерекшеліктері және шығу тегі. Омыртқалы жануарлардың табиғаттағы ролі. Балықтар класы (1сағат). Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті және сүйекті балықтар. Балықтардың құрылысы, тіршілік ерекшеліктері, көбеюі және дамуы. Шеміршекті балықтар (1 сағат). Шеміршекті балықтардың өкілдері: акулалар, скаттар, химералар. Сүйекті балықтар (2 сағат). Сүйекті балықтардың жүйеленуі. Сүйекті балықтардың негізгі кластары: шеміршекті-сүйекті, қостынысты, саусаққанатты және сәулеқанатты балықтар. Балықтардың экологиясы, олардың табиғаттағы ролі. Қазақстанда таралған балықтарға сипаттама. Қосмекенділер класы (2 сағат). Қосмекенділерге жалпы сипаттама. Қосмекенділердің құрылысы, тіршілік ерекшеліктері, көбеюі және дамуы. Қосмекенділердің көптүрлігі: аяқсыз, құйрықты және құйрықсыз. Қосмекенділердің шығу тегі, олардың табиғаттағы ролі. Қосмекенділердің экологиясы. Қазақстанда таралған қосмекенділерге сипаттама. Бауырымен жорғалаушылар класы (2 сағат). Бауырымен жорғалаушылардың құрылысы, тіршілік ерекшеліктері, көбеюі және дамуы. Бауырымен жорғалаушылардың өкілдері: қабыршақтылар (жыландар, кесірткелер, хамелеондар), қолтырауындар (қолтырауындар және аллигаторлар), тасбақалар және тұмсықбастылар (гаттерия). Бауырымен жорғалаушылардың экологиясы. Қазақстанда таралған бауырымен жорғалаушыларға сипаттама. Құстар класы (3 сағат). Құстар класының жалпы сипаттамасы. Құстардың құрылысы, тіршілік ерекшеліктері, көбеюі және дамуы. Құстардың экологиясы мен көптүрлігі: дала және шөл құстары, су және су жағасы құстары, батпақ құстары, күндізгі және түнгі жыртқыш құстар. Орман құстары, жер беті құстары және қырсыз төстілер, пингвиндер, жыл құстары. Құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Құстар экологиясы. Қазақстанда таралған құстарға сипаттама. Сүтқоректілер класы (4 сағат). Сүтқоректілерге жалпы сипаттама. Сүтқоректілердің құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Сүтқоректілердің экологиялық топтары: жер беті, жер асты, су және ұшқыш сүтқоректілері. Жыртқыштар, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар, кемірушілер, қолқанаттылар, ескекаяқтылар. Сүтқоректілердің шығу тегі. Сүтқоректілердің экологиясы. Қазақстанда таралған сүтқоректілерге сипаттама. Үй және ауылшаруашылық жануарлар (4 сағат). Үй жануарларының шығу тегі. Үй жануарларының қолға үйрету орталықтары. Жануарлар селекциясының әдістері. Үй жануарларының көптүрлігі. Қой шаруашылығы және оның салалары. Қазақстандағы қой шаруашылығының негізгі бағыттары. Қазақстанда өсірілетін негізгі қой қолтұқымдары. Жылқы шаруашылығы. Қазақстанда өсірілетін жылқы қолтұқымдары. Түйе шаруашылығы. Қазақстанда өсірілетін түйе қолтұқымдары: қазақ, қалмақ монғол. Мал шаруашылығы. Қазақстанда өсірілетін негізгі ірі мал қолтұқымдары. Мал шаруашылығының салалары; омарта, жібек көбелегін, үй қоянын, бұғы, шошқа және терісі бағалы аң өсіру шаруащылықтары. Зертханалық жұмыстар № 7. Инфузорияның құрылысы мен тіршілігі. № 8. Тұщы су гидрасының сыртқы құрылысы, тітіркендіргіштігі және қозғалысы. № 9. Жауын құртының сыртқы құрылысы. № 10. Моллюсканың сыртқы құрылысы. № 11. Өзен шаянының сыртқы құрылысы. № 12. Өрмекшілердің, жәндіктердің сыртқы құрылысы. № 13. Балықтың сыртқы құрылысы. № 14. Қосмекенділердің сыртқы құрылысы. № 15. Бауырымен жорғалаушылардың сыртқы құрылысы. № 16. Құстардың сыртқы құрылысы және қаңқасы. № 17. Сүтқоректілердің сыртқы құрылысы. Практикалық жұмыстар (1 сағат). Жануарлардың әр түрін айырғыш арқылы анықтау. Экскурсия (1 сағат). Жануарлардың алуантүрлігін, олардың бірлестіктердегі тірі организмдермен және қоршаған ортамен байланысын, маусымдық құбылыстардың тіршілікке әсерін зерттеу үшін табиғатқа, ұлттық паркке, қорықтарға, қорықшаларға, зоопаркке, зоологиялық және өлкетану мұражайларына экскурсиялар. Қорытынды (1 сағат). Жазғы тапсырмалар 1. Жергілікті өсімдіктерге фенологиялық бақылау. 2. Жергілікті өсімдіктердің түрлерін анықтау. 3. Әр топ өсімдіктерінің гербарийлерін жасау. 4. Бақылау күнделігін жасау. 5. Құмырсқалардың, аралардың және т.б. топтарындағы тіршілігін бақылау. 6. Балықтардың, қосмекенділердің аквариумдағы және табиғи сулардағы көбеюі мен өсуін бақылау. 7. Құстардың табиғи бірлестіктердегі тіршілігін бақылау. 8. Үй және жабайы жануарлардың мінез-құлқын, олардың балаларын табиғатта бақылау. Көрсетілім: қарапайымдардың, ішекқуыстылардың, құрттардың, моллюскалардың, балықтардың, қосмекенділердің, бауырымен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің суреттері. Шаяндардың, өрмекшітәрізділердің, жәндіктердің ылғалды препараттары. Жәндіктердің коллекциялары. Муляждар, моделдер, ылғалды препараттар, микропрепараттар, слайдтар, оқу фильмдер, электрондық оқулықтар т.б. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: Оқушылар: - тірі организмдердің жүйелену принципін; - өсідіктер мен жануарлардың негізгі систематикалық топтарын; - вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлардың өкілдерін; - тірі организмдердің негізгі бірлестіктерін; - негізгі өсімдіктер бөлімдерінің белгілерін; - жергілікті өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып баратын түрлерін; - тірі организмдердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы; - жергілікті өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, мәден өсімдіктерді, жануарлардың қолтұқымдарын сипаттай білу керек. Оқушылар: - жергілікті өсімдіктер мен жануарлардың кең таралған түрлерін; - табиғаттағы адамға қауіпті саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін; - жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың түрлерін тану керек. Оқушылар: - өсімдіктер мен жануарлардың кең таралған түрлерін айырғыш арқылы; - әртүрлі табиғи бірлестіктердің өсімдіктері мен жануарларын; - тірі организмдердің қоршаған ортаға бейімделу ерекшеліктерін; - өсімдіктердің әртүрлі тұқымдастарының ерекшеліктерін анықтай білуі керек. Оқушылар: - өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясын, олардың шығу тегі гипотезаларын; - биологиялық эксперименттің, бақылаудың нәтжесін түсіндіре білуі қажет. Оқушылар: - өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлігіне, олардың мекен ету ортасына адам әрекетінің әсерін; - Жер бетіндегі тірі организмдердің көптүрлігін сақтау қажеттілігін; - Табиғи ортаны сақтау қажеттілігін негіздей білуі қажет. Оқушылар: - әртүрлі систематикалық топтарға жататын тірі организмдердің мекен ету ортасына байланысты құрылысы және тіршілік ерекшеліктерін салыстыра білуі қажет. Оқушылар: - шаруашылықта және басқа да мақсаттарда өсірілетін табиғи және жасанды бірлестіктердегі өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ерекшеліктері; - вирустар, бактериялар және саңырауқұлақтар туралы білімдерін тағамдырды сақтау тәсілін негіздеуде, адам мен жануарлардың түрлі ауруларының алдын алу үшін қолдана білуі қажет. Оқушылар: - табиғи және жасанды бірлестіктердегі ережелерді; - биологиялық объектілермен, құрал-жабықтармен жұмыс істеген кезде; - саңырауқұлатармен, өсімдіктермен және жануарлармен жалғасу кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтай білуі тиіс. Тапсырмалар 1. Неліктен вирустарды организмдердің клеткалы формасы деп есептемейді? 2. Бактерия клеткасының вирустан айырмашылығы неде? Бактериялардың табиғаттағы ролі қандай? 3. Неліктен саңырауқұлақтарды өсімдіктерге жатқызбайды? 4. Төменгі сатылы өсімдіктердің қандай құрылыс және тіршілік ерекшеліктері оларды жеке систематикалық топқа бөледі? 5. Жоғары сатылы өсімдіктердің қандай белгілеріне сүйеніп систематикалық топтарға бөледі? 6. Қосжарнақты өсімдіктердің дара жарнақты өсімдіктерден қандай айырмашылығы бар? 7. Гүлді өсімдіктер қандай әдістермен көбейеді? 8. Қазақстанда астықтұқымдастардың қандай ауылшаруашылық маңызы бар түрлері егіледі? 9. Қазақстанда раушангүлділердің қандай ауылшаруашылық маңызы бар түрлері егіледі? 10. Мәдени өсімдіктердің жабайы өсімдіктерден айырмашылығы неде? 11. Жануарлардың негізгі белгілері қандай? 12. Бірклеткалы организмдердің көпклеткалылардан құрылыс ерекшелігі неде? 13. Қандай қарапайымдылар адамда қауіпті ауру түдырады? Қандай алдын алу шараларын қолдану керек? 14. Ішекқуыстылардың өкілдерін қандай систематикалық топтарға бөледі? 15. Маржан жұлдыздарының адам өміріндегі маңызы қандай? 16. Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың айырмашылығы неде? 17. Қандай паразитті құрттар адам ағзасына қауіпті? Паразиттерді жұқтырмаудың шаралары қандай? 18. Моллюскалардың дене құрылысының ерекшелігі неде? Олардың табиғаттағы ролі қандай? 19. Буынаяқтылардың ерекшеліктері қандай? Буынаяқтылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай? 20. Тікентерілердің құрылысы және тіршілік ерекшеліктері неде? 21. Омыртқалы жануарлардың негізгі белгілері қандай? Омыртқалы жануарларды қандай систематикалық топтарға бөледі? 22. Сүйекті балықтардың шеміршекті балықтардан айырмашылығы неде? 23. Сүйекті балықтар экожүйелерде және адам өмірінде қандай роль атқарады? 24. Неліктен қосмекенділерді осылай атайды? Олардың табиғаттағы ролі қандай? 25. Бауырымен жорғалаушылардың табиғаттағы ролі қандай? 26. Ұшуына байланысты құстардың қандай ерекшеліктері бар? 27. Неліктен плацентарлы сүтқоректілерді однопроходные және қалталылармен салыстырғанда эволюциялық тұрғыдан қарағанда жоғары сатыдағы систематикалық топ деп есептейді? 28. Қазақстанда қандай қой қолтұқымдарын өсіреді? Олардың қайсысын қазақстандық селекционерлер шығарған? 29. Қазақстанда қандай ірі мал, жылқы және түйе қолтұқымдарын өсіреді? 30. Қызыл кітапты не үшін жасаған? Оған қандай жануарларды енгізеді? | |
Просмотров: 3965 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|