Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Жаңаша оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың өзбетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Әдістемелік пікірлер көрінісінің қалалық сайысы.

Білім берудің заманауи тәсілдері мен әдістері
наминациясы

Жаңаша оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың өзбетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Жексенбаева А.О., № 34 ЖББОМ

География-биология пәндерінің мұғалімі

Жаратылыстану пәндердің оқыту мазмұнының негізгі ғылыми зерттеудің түрлі салаларынан алынған білімді жинақтау және талдау нәтижесінде өңделген жалпы әлем туралы түсініктің кіріктірілген жүйесін бейнелейтін ғылымның ерекше компоненті ретіндегі әлемнің ғылыми бейнесі болып табылады.
Жаратылыстану пәндерінің әр қайсысының маңызы өте ерекші. География, биология, физика, химия пәндерінің жетістіктері адамның қоршаған орта туралы түсініктерін өзгертеді. Қазіргі замандағы жаратылыстану ғылымының жетістіктері негізінде өркениеттің бейнесі.
Жаратылыстану пәндерінің ішіндегі география, биология пәндері оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда аса маңызды тәрбиелік қызмет атқарады. География, биология пәндерінің пәні білімінің негізгі принциптерінің бірі: ғылыми ұғымдарды кіріктіру, ұғымдарды қарапайымнан күрделіге және нақтыдан абстрактіліге қарай қалыптастыру, оқушылардың жас ерекшеліктерін және олардың өмір тәжірибелері мен білімдерін ескере отырып, дамытушылық, тәрбиелік, өлкетанушылық және экологиялық білім беру.
Ғылыми жаратылыстану білімі негізгі жалпы және жалпы орта білім берудің құрамды бөлігі ретінде 12 жылдық мектеп мақсатынан туындайтын жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруда өз үлесін қосу.
Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүмкіншіліктеріне және мүшелеріне, келешек ел қожасы - жас ұрпақтың белсендігімен іскерлігіне тікелей байланысты. Ендеше сауатты, саналы, ұғымды, шапшаң халқымыздың барлық дәстүріне де, әлем мәдениетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетінұрпақ тәрбиелеу ұстаздарға сеніп тапсырып отыр. Сондықтан әр бір ұстаз жаңаша оқытуға көңіл аударуы қажет.
Ата-анасы немесе әжесі математика мен орыс тілінен өздері қандай баға алса да, баласына көмектесе алады. Ал биология мен тарихтан ше?
Себебі орыс тілі мен математикадан оқушылар белгілі теорема мен ережелерді қолданып, нақты есепті шығарады. Бірақ, барлығы өмірлік жағдаятты емес… Нәтижелі (продуктивті)тапсырмалар. Тарих пен география, биология сабақтарында автордың мәтінін дәстүрлі түрде қайталайды. Қарапайым (репродуктивті)тапсырмалар
Білім беру мәселелері:
* Қазақстан оқушылары көптеген елдердің оқушыларынан төмен деңгейде қалуда:
* Ақпарат көзімен толық жұмыс жасау;
* Практикалық, әлеуметтік және тұлғалық-маңызды мәнді мәселелерді шешу дағдасы: байқау жүргізу, оның негізінде болжам құрастыру, қорытынды жасау, ұсынысын тексеру;
* Мектепте алған білімін өмірдегі өз тәжірибесін «үйлестіру» дағдысы.
«2020 мектебі» жеке нәтижесі мен пәнастарлы нәтижеге жету құралдарын ұсынады (қосымша – 1)
Түйінді құзыреттілікті дамыту құралы ретінде оқушылардың оқуын белсенділендіру. Оқушылардың игерген жаңа білім нәтижесі "құзырлылық" деген жаңа атқа ие болды.
Түйінді құзыреттіліктің қалыптасуы
Топтық жұмыс
* А.С.Границкийдің бейімделген білім беру жүйесі және жобалау әдісі
* Жобалау әдісі
* Мәселелі оқыту
* Т.И. Шамованың дидактикалық жүйесі
Білім беру құзыреттілігі - өз ара маңызды бағдардың бірлігі, білім, білік, дағдылар мен іс-әрекет тәжірибесі, оның жеке және әлеуметтік маңызды өнімді іс-әрекетінің нақты іс-әрекет объектісіне қатынасы.
Жаратылыстану - ғылыми сауаттылық деңгейлері
* Қарапайым білімді қайта жаңғырту (терминдер, деректер, ережелер), негізгі жаратылыстану-ғылыми түсініктердің көмегі арқылы құбылыстар келтіре алу бейімділігі мен қорытындыны тұжырымдау.
* Жаратылыстану ғылыми білімін жекелеген құбылыстарды түсіндіру үшін пайдалану; ғылым жауап беруі мүмкін болатын сұрақтарды анықтау, ғылыми зерттеу элементтерін анықтау;
* Құбылыстарды олардың моделі негізінде түсіндіру, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерінің талдауы, мәліметтерді салыстыру, өз ұстанымының ғылыми дәйегі.
Бейімділігі:
* Ғылыми әдіспен зерттелуге тиіс проблемалар немесе идеялар, сұрақтарды анықтау. (1-кесте)
* Ғылыми зерттеу жүргізу кезінде дәлелдер мен бекітілімдерді табу үшін қажетті ақпаратты көрсету. (2-кесте)
* Ұсынылған жағдаяттарды есепке ала отырып жасалған қорытындыны бағалау немесе қорытынды жасау (3-кесте)
* Коммуникативті бейімділігін көрсету: дәлелдерді, қорытындыларды дәлелді, нақты және анық көрсету. (4-кесте)
* Жаратылыстану-ғылыми түсінігі мен бейімділігін көрсету. (5-кесте)
Мен өзім оқытып жүрген сыныптарда, 6-11сыныптарда жаңа технологиялардың элементтерін пайдаланамын. Олар: Шаталовтың «Тірек сигналдар арқылы оқыту», «Сын тұрғысынан оқыту», «Деңгейлеп оқыту», «Ойындық технология», «Ақпараттық технология», Жанпейісованың «Модулдік оқыту технологиясы», «Биоақпараттану және синергетика» технологиясы, Жобалау әдісі, Мәселелі оқыту технологиялардың кейбір элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың білім сапасын көтеруге жетер жолдың бірі.
Мысал үшін 6-7 сыныптарды топқа бөлу, модулдік оқыту, ойындық технологиясының элементтерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге орта буыннан бастап бағыттауға өте қолайлы. 8-11 сыныптар үшін «Тірек сигналдар арқылы оқыту», «Сын тұрғысынан оқыту», «Деңгейлеп оқыту», «Ақпараттық технология», Жанпейісованың «Модулдік оқыту технологиясы», «Биоақпараттану және синергетика технологиясы» технологияларының элементтерін қолдану арқылы оқушылардың әр жағдайға дайын шапшаңдықпен, нәтежиелілікке жету үшін пайдаланған тиімді.
6-7 сыныптарда мен биология пәнінен беремін. Ендеше маған бұл сыныптарда топқа бөлу үшін алғашқыда мен өзім бөлемін, бірер сабақтан соң таңдау бойынша бірақ топ құрамында міндетті түрде суретші, аратор, ақпаратшы қызметін атқаратын оқушылар болуы тиіс. Сонда сынып ішінде бұл оқушылар тек орташа оқитын немесе нашар оқитын емес, «өнерлі оқитын» оқушылар деген қатар пайда болады. Ойын технологиясы бұл сыныптарда несемен тиімді? Орта буын оқушыларының ойы «баланың көңілі далада» деген қазақтың сөзіне сай келеді. Ендеше олардың ойларын ойын арқылы жеңе аламыз, яғни ойын арқылы қызықтыру, ынталандыру, мадақтау, зейіндерін күшейту өте жақсы жүреді.
8-11 сыныптарда «Тірек сигналдар арқылы оқыту» технолгиясында оқушылардың сызба, кесте карта диаграммалардағы мәліметтерді жылдам ұғынуларына қолайлы. Ол үшін оқушыларды дәріс сабақтарында осы мәліметтерді тірек-сызба, кесте, карта диаграммаларды орындату арқылы жаттықтыру. «Сын тұрғысынан оқыту», «Деңгейлеп оқыту» технолгияларында оқушылар арсындағы үлгерімі төмен оқушыларға үлгерімі жоғары оқушылардың көмек көрсете отырып өзінің де өзгенің де білімін жетілдіреді.
«Ақпараттық технология» пайдалану кез-келген ақпарат көздерінен керекті немесе ең маңызды мәселені оңай тауып, жеңіл жеткізулеріне тиімді.
Мәселелік оқытудың жемісті болуының педагогикалық шарттары:
- Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттеріне сәйкес келетін танымдық қиыншылықтарды тудыру;
- Оқушыларды мәселелік жағдайдың пән мазмұнына сәйкес білімінің болуы;
- Оқушылардың мәселелік тапсырмаларды шешу жолында операционалды біліктілігін дамыту.
Мәселелік оқытуды жүзеге асыру
* Мәселені анықтау
* Мәселелік жағдаятты тудыру
* Мәселені шешу жолдарын іздестіру
* Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу
* Мәселені түйіндеу
Жанпейісованың «Модулдік оқыту», «Биоақпараттану және синергетика» технологиялары оқушылардың ойларының шапшаң, нәтижелі, жинақы болуларына жаттықтырады. Қысқаша айтқанда алдымызда отырған оқушыларды осы технологияларды пайдалану нәтижесінде тек олардың білім сапасын, өз бетімен жұмыс істей алуға ғана емес, оларды үлкен өмірдің кез-келген жағдайынан өзге де өзіне де тиімді жеңіл шешім қабылдауларына тәрбиелейміз.
Нәтижелі тапсырмалар - дәстүрлі тапсырмаларды қалай нәтижелі тапсырмаға айналдыруға болады
1. Дәстүрлі тапсырмалар: Қазақстанды зерттеген саяхатшылар ды атаңдар
«2020 Мектеп» оқулығындағы тапсырмалар: Өзіңді XXI ғасыр Қазақстанның саяхатшысы деп есептесе. Қай саяхатшының іс-әрекеті қазіргі уақытта орынды болар еді деп есесптейсің?
Өз ойыңды түсіндір, дәлелде. (География)
Оқулық авторының пікірінің орнына оқушы өзі сол жағдаятты бағалауы
2. Дәстүрлі тапсырма: Платформаның негізгі ерекшеліктерін ата.
«2020 МЕКТЕП» оқулығы тапсырмасы: Жер платформасының қазіргі уақытта жер сілкіну болатын аймақтарын салыстыр. Сіздің көзқарасыңыз бойынша ол неге байланысты болып жатыр? (География)
Тапсырманы оқушының күнделікті тәжірибесімен өмірлік жағдаятты ұштастыру
3. Дәстүрлі тапсырма: Қазақстанның климаттық (таңдауы) сипаттама бер
«2020 Мектеп» оқулығындағы тапсырмалар: Қазақстанның климатының қазіргі уақытта өзгеруін немен түсіндіре аласың? (География)
Өмірлік жағдаятта оқу алгоритмдерін өңдеу
4. Дәстүрлі тапсырма: Атмосфера деген не?
«2020 Мектеп» оқулығындағы тапсырмалар: Атмосферадағы ауа құрамы өзгергенде адам өмірінде қандай өзгерістер болады. Себебі не? (География)
Ақпартты қайта жаңғыртудан талдау жасауға назар аудару
5. Дәстүрлі тапсырма: Атмосфера құрамында қандай газдар бар?
«2020 Мектеп» оқулығындағы тапсырмалар: Жұппен анықта: біреуі - ауада озонның шамадан көп болуы, екінші – оның кемшілігіне мысал келтіреді. Екеуі рөлін ауыстырып, қорытынды жасайды. (География)
Жұптық немесе топтық тапсырма беру, рөлін ауыстыру арқылы коммуникативтілігін анықтайды.
Сирек орындайды, бірақ жиі тырысатын оқушыларды көреміз.
Оқушылар осы әдістерді орындау барысында жас жеткіншектердің еп, дағдылары қалыптасып, дамып, география-биология пәндерінің тақырыптарынан күнделікті өмірге қолданылып, көптеген күрделі сұрақтарға қарапайым жауап беруге жеңілдірек екеніне көз жеткізеді.
Жаңаша оқыту технологияларының элементтерін сабақ үрдісінде пайдалану нәтижесінде пәнге деген қызығушылықтары артып, оқушылардың өзбетінше жұмыс істеу дағдылары біртіндеп қалыптасады.
Нәтижесінде:
 Дәстүрден тыс әдіс тәсілдерді үйрету;
 Шығармашылық қиялды, бейнелі ойлауды, ұсақ қол моторикасын дамытамыз;
 Ұқыптылыққа тәрбиелейміз.
 Өз бетімен жұмыс істей алуға дағдыланады;
 Оларды үлкен өмірдің кез-келген жағдайынан өзгеге де өзіне де тиімді жеңіл шешім қабылдауларына тәрбиелейміз.
Осы технологиялардың элементтерін пайдалануға анағұрлым тиімді тапсырмалар мен жұмыс түрлерін келесі әдістемелік құралдарда ұсынамын.
Мәтінмен жұмыс жасау
Оқушылар берілген мәтінмен тірек сөздерді тауып, тақырыптағы сөздің мәнін ашады. Сондай-ақ, мұғалім қарама-қарсы және сын тұрғысынан сұрақ қою барысында баланың көңілін әрбір ұсақ бөлшекке назар аударылатыны жайында ескертіп, балалар, мәтінге аса назар аударып оқулары қажеттілігі жөнінде мұғалім тарапынан нұсқаулық алады. Картаның негізгі мақсатын есте сақтау қажет, ол: оперативті ойлау қабілетін дамыта отырып, оқу материалын сапалы меңгеру және берілген тақырып бойынша сыныптың барлық күш-жігерін ақпаратты өңдеуге біріктіру.
Тірек сөздер
1.Материктер мен мұхиттар 2.Ауданы 3.Құрлық 4.Финикиялықтар 5.«Эреб» 6.Солтүстік материктер 7.«Асу» 8.Оңтүстік материктер 9.Аралдар 10.Материктік 11.Жанартаулық 12.Тереңдігі 13.Маржандық 14.Архипелаг
Қиылыс сұрақтар қою
Жұмыс соңында мұғалім мәтіндегі тірек сөздермен жұмыстың нәтижесі бойынша бүкіл сыныптан сұра-жауап алады. Сонымен қатар, мұғалім оқушылардың тақырыптағы әрбір ұсақ бөлшектерін, ең негізгілерді баса нақты табу біліктілігін дұрыс жолға қою мақсатында тақырып бойынша сұрақтар қояды. Мұғалім осы аталған карта бойынша оқыту сапасының ең негізгі ұстанымдарын дұрыс қолданғаны жөн: - сандық құрылуы - сыныппен жұмыс жасауда анықталған ақпарат көлемін нақтылы өңдеу білігі. – сапа құрылуы – сол және басқа да тақырып негізінде жатқан нақты ақпараттар көлемін сыныппен біргелесе отырып жұмыс жасау білігі. – оқытудағы синергизм – сынып оқуға ену барысында және білімді алу нәтижесінде ақпараттарды өңдейтін жүйе – үрдіскер, бірыңғай ағза болып құрылады. Бұл оқу кеңістігінде тұрақты сапаны алу үшін, оқу аймағы қорын тиімді, әсерлі бөлшектеп пайдалануға мүмкіндік береді.
Ескерту. Оқушыларды мынадай тұрғыда белсендіру қажет: ұсынылып отырған білімнің барлығын бірден бір оқушының меңгеруі мүмкін емес, бірақ жалпы сынып болып біріккен жағдайда берілген жүктемені әрбірі теңдей етіп бөліп алу барысында білімнің үлкен көлемін меңгеруге және денсаулық пен танымдық қуанышын сақтау мүмкіндік туады.
7 сыныптағы материктер мен мұхиттар географиясы бойынша «Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады?» тақырыбына тірек сөздер, қиылыс сұрақтар және сыни тұрғыдан сұрақтар қарастырып көрейік:
Қиылыс сұрақтар
1.Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады? Материктер мен мұхиттар табиғаты жөнінде
2.Жер бетінің жалпы ауданы қанша? 510,2 млн км2
3.Құрлықтың үлесі қанша? 149,1 млн км2 (29,2%)
4.Жер шарында қанша материк бар? 6, Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Антарктика, Аустралия
5.Солтүстік жарты шар материктеріне қай материктер жатады және неліктен? Еуразия және Солтүстік Америка
Сыни тұрғыдан сұрақтар қою
Мұғалім оқушыларға әдейі дұрыс емес сұрақтар қояды. Мәтінде көрсетілген сол тақырыптардың барлық мәліметтері тексеріледі. Сын тұрғысынан сұрақ қою кезеңі диагностикалық болып табылады, те осы кезеңде ғана мәтінмен жұмыс сапасын анықтауға болады. Осы кезеңдегі режимде балаларрдың мәтінмен мұқият және терең жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, қажетті түйсіну деңгейінің мүмкіндігі туады. Сын тұрғысынан сұрақ қою сабақты бекіту фазасы болып табылады. Осы кезең оқушының ойлау қабілетін тиімді қалыптастырады, мектепте және мектептен тыс күйзеліс жағдайларын қалыпқа келтіретін бейімдеу факторы болып табылады.
Сыни тұрғыдан сұрақтар
1.Материктер мен мұхиттар географиясы жекелеген елдер туралы оқытады.–
2.Жер бетінің жалпы ауданы 149,1 млн км2 тең. –
3.Жер бетіндегі құрлықтың үлесі 29,2 %. +
4.Жер шарында 4 материк бар. –
5.Солтүстік жарты шар материктеріне Солтүстік Америка, Африка, Еуразия материктері жатады. –
Келесі әдістемелік жұмысым ретінде төмендегі кешенді бақылау түрлерін ұсынамын:
Әдістемелік құралда география пәнінен оқушылардың білімі мен іскерлігін анықтаудың мынадай жолдары қарастырылған:
• Оқушылардың білім, білік, дағдысына қойылатын талаптар;
• Кезекті тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар;
• Құрылымды сұрақтар мен тапсырмалар;
• Тест тапсырмалары.
Жалпы тапсырмалардың барлығы оқушылардың географиялық білімді игеру, оны орынды пайдалана білу құзырлықтарын тексеруге арналған.
Білім бақылау тапсырмаларының ішінде «Сәйкестігін тап», «Адасқан объектілер» айдарымен берілген тапсырмалар да оқушының ойлау, іздену, зерттеу қабілеттерін арттырады.
І бөлім. Жер табиғатының басты ерекшеліктері
Оқушылар білуге міндетті:
Оқушылар нені білуі керек:
Оқушылардың іскерлік дағдысы:
Кезекті тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1 деңгей
1. Жер қыртысы құрылысының негізгі типтерін сипаттаңыздар.
2. Жер қыртысының қалыңдығы қабат санына байланысты ма?
3. Жер қыртысы қозғалысына қарай қаншаға бөлінеді?
2 деңгей
1. Еуропадан Аустралияға келе жатқан кемеде өрт шықты. Кемеден радио арқылы оның 800 ш.б. Пен 100 о.е.-те келе жатқанын хабарлап, капитан көмек сұраған. Апатқа ұшырағандарға көмек көрсету үшін баратын жерді картадан ( . ) –мен көрсетіңдер.
2. Теңізшілер мұхиттан ішінде хаты бар шөлмек тауып алады. Онда апатқа ұшырағандар көмек сұраған. Шөлмекке кірген су кейбір әріптер мен цифрларды өшіріп жіберген, апат болған жерді дәл көрсеткен жазулардың орнына тек мынадай: «420 .е. Және 1730 .б. Жаңа .... Аралы тұсында» деген үзінділер қалған. Кеме апатқа ұшыраған жердегі арал қалай аталады?
3 деңгей
1. Заңды түрде қандай себепке байланысты платформада жазықтар орналасқан?
2. Қатпарлы белдеуде таулардың қалыптасу себебі неде?
3. Сызбамен жер қыртысы құрылысына байланысты қалыптасқан жер бедерін көрсетіңіздер.
Құрылымды сұрақтар мен тапсырмалар
1. Нью-Йорк 2. ХV ғасыр аяғында 3. 2000км 4. 1867жыл
5. 1945 жылы 6. Х ғасыр аяғында 7. 1959 жыл 8. 1741 жыл
9. 10-11 мың жыл бұрын 10. Сент-Чарльз 11. 6420км 12. Уэльс Принці
(ханзадасы)
Мультипроектор арқылы мына кесте экраннан көрсетіледі. Сұрақтар жазылған парақтар оқушыларға жеке-жеке таратылады. Оқушылар дұрыс жауапты санмен белгілеп көрсетеді.


С ұ р а қ т а р Жауап
Нөмірі
1 Солтүстік Америкаға В.Беринг пен А.Чириков қашан саяхат жасады? 8
2 Материктің солтүстік жағалауындағы мұздану қашан аяқталды? 9
3 БҰҰ қай жылы құрылған? 5
4 Аппалач таулары солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай қанша км-ге созылып жатыр? 3
5 Солтүстік Американың шығыстағы шеткі нүктесі қалай аталады? 10
6 Миссисипи өзенінің Миссури саласымен қосқандағы ұзындығы қанша? 11
7 Орыс патшасы Алясканы АҚШ-қа қашан сатты? 4
8 Нормандық Эйрик Рауди бұрын ешкім бармаған Гренландия аралына қай жылы жетті? 6
9 Кубадағы Фидель Кастро Рус бастаған халық революциясы қай жылы жеңіске жетті? 7
10 Материктің батыстағы шеткі нүктесі 12
11 Еуропалықтар қай жылы Ньюфауленд аралы мен Лабрадор аралын ашты? 2
12 БҰҰ-ның штаб-пәтері қайда орналасқан? 1
Тест-альтернатив арқылы географиялық диктант жазу
1. Ауа температурасы экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай қозғалғанда көтеріледі, төмендейді.
2. Африкада жоғары қысым аймақтары экваторда, 300с.е. Пен 300о.е.
3. Жоғары қысым аймақтарында жауын-шашын көп, аз түседі.
4. Африканың экваторлық аймағында жауын-шашын көп, аз түседі.
5.Пассаттар ылғалды Солтүстік Африкаға, Оңтүстік Африкаға көп әкеледі.
Графикалық диктант
Материктер 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Еуразия
С.Америка
О.Америка
Африка
Аустралия
Мына шығанақтар мен бұғаздарды орналастырыңыз: Босфор бұғазы, Мозамбик бұғазы, Басс бұғазы, Гибралтар бұғазы, Гвинея шығанағы, Магеллан бұғазы, Фин шығанағы, Калифорния шығанағы, Дрейк бұғазы, Шелихов бұғазы,Торрес бұғазы.
Қорыта айтқанда ұстаз алдына келген әрбір бала жеке дара тұлға, оны көре білу, оның жүрегіне жол таба білу әр ұстазға міндет.
Ендеше Ұстаз тәрбиелеуді, білім беруді, шығармашылықпен еңбек етуді өзіне мақсат етсе, айтарлықтай зор нәтежие болмақ!
[ ]
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Киктев С.В. Естествознание – 5-6., Интегративный пропедсвтический естественнонаучный курс. 2002г.
2. Н.А.Максимов «Қызығы мол география» Алматы «Мектеп», 1985 жыл
3. Ә.Әлімжанова «Қызықты география» Алматы «Таймас» 2007 жыл
4. З.А.Алибаева, А.О. Жексенбаева Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы, 9 сынып, 2012ж. Әдістемелік құрал
5. С.Әбілмәжінов, Ә.Бейсенова Материктер мен мұхиттар географиясын оқыту әдістемесі Алматы, «Атамұра» 2003 жыл
6. Г.Қ.Айтжанова «6-7 сыныптағы география пәніне арналған бақылау және тексеру жұмыстары» Аймақтық-оқу баспа орталығы, 2006 жыл

1-кесте

Тапсырмада не берілді Нені анықтау қажет
Мәліметтерді салыстыру мен жинау процедурасы немесе зерттеу суреттемесі. Тексеруге болатын гипотеза мен пікірді таңдау немесе тұжырым жасау (ұсынылғандардан).
Ғылыми зерттеуді пайдалана отырып қойылған сұраққа жауап алуға болатын жағдаятты суреттеу. Ғылыми зерттеуді пайдалана отырып жауап алуға болатын сұраққа тұжырым жасау.
Аталған жағдаятқа сәйкес келетін немесе қойылған жағдаяттан шығатын бірнеше сұрақтар (болжамдар). Ғылыми зерттеулерді пайдалана отырып жауап алуға болатын сұрақ немесе сұрақтар.

2-кесте

Тапсырмада не берілді Нені анықтау қажет
Сол негізде қорытынды жасауға болатын мәліметтер (тәжірибе нәтижелері немесе бақылаулар) Бар мәліметтерге сәйкес қорытынды шығару.

3-кесте

Тапсырмада не берілді Нені анықтау қажет
Өздерінің негізінде тұжырым жасалатын мәліметтер мен қорытындылар Бар мәліметтерге сәйкес келетін қорытындылардың біреуін таңдау, және оларға түсініктеме беру.
Мәліметтер және осы негіздегі қорытынды. (тәжірибе немесе бақылау нәтижесі). Қолдағы мәліметтер қорытындыны растайтынын немесе жоққа шығаратынын түсіндіретін себептер немесе оларды келтіру.

4-кесте

Тапсырмада не берілді Нені анықтау қажет
1.Ұсыныстар мен қорытындыларды растау үшін ақпараттың кіріктірілген талдауын талап ететін немесе әр түрлі қорытындылар жасалуы мүмкін жағдаяттар.
2.Аталмыш қорытындылар мен ұсыныстар белгіленген нақты аудиторияның, адамдардың топтарының суреттемесі. Аталған аудитория үшін белгіленген және нақты көрсетілген және расталған дәлелдерді келтіру.

5-кесте

Тапсырмада не берілді Нені анықтау қажет
Алдын ала болжау, түсінік немесе қосымша ақпарат қажет болатын жағдаят. Жаратылстану-ғылыми түсінікті, немесе, тапсырмада көрсетілмеген қосымша ақпарат туралы түсінікке негізделген түсініктеме, болжам немесе қосымша ақпарат беру.

Қосымша-1
Категория: Биология | Добавил: Орынбеккызы (2014-12-13) | Автор: Жаңаша оқыту технологияларын
Просмотров: 2213 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 10:54 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru