Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Мағжан айтқан екен, 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Мағжан айтқан екен...
Мағжан педагогикасының құндылығын биология пәнімен байланыстыру.
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға Мағжан педагогикасының құндылығын педагогикаға жәрдемші пәндер анатомия, физиология, гигиена ғылымдарымен байланыстыра отырып түсіндіру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Ұжымдық ойлау технологиясының тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларды ұжымдасып жұмыс істеуге, өз көзқарастарын дәлелдеп қорғай білуге біліктіліктерін дамыта отырып, шығармашылық қабілеттеріне жол ашу үшін ой-өрістерін, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мағжан педагогикасының құндылығын әр оқушы бойына сіңіру арқылы тәрбиеге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке және Мағжандай елін, жерін сүйе білуге, рухани байлықты игеруге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мағжан Жұмабаевтың портреті, ұлағатты сөздер, Мағжанның өлеңдері, «Педагогика » кітабы, «Астана-думан» балықтар суреті, цифрлар, әріптер қолдану.
Сабақтың әдісі: «МАТ» және «ӘС» әдістерін қолдану; сұрақ-жауап; Ривин әдістемесін қолданып азат жолдармен жұмыс жүргізу; шығармашылық жұмыс, тест құра білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ; кіріктірілген сабақ (қазақ тілі, биология, педагогика)
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, география, биология пәндерімен байланыс жүргізу.
Жаңа технология түрлері:
1. Жауынбай Қараевтың «Деңгейлік оқыту» технологиясының тиімді тәсілдерін қолдану.
2. Ұжымдық ойлау технологиясының әдістерін қолдану.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мағжан кім? деген толық адам моделін жасап білімге шақыру, көңілдерін аударту.
Жобалау технологиясы
«Мағжан кім?
Қолданған ұран сөзім: «Мен жастарға сенемін» (Мағжан)
Ұстанымым (кредо): Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық шығару. (Мағжан)

Кіріспе сөз:
Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы– мұғалім.
(Мағжан)
Ұлағатты сөздерін қолдану.

Оқушыларға естің қорын тексеруге берген тапсырма:

Қолымнан келген еңбегімді сендерге тарту қылам. (Мағжан)

«Жалпы педагогика» бөлімі бойынша алған мәтін.
«Дем алу» және «Тамыр соғу»

«Тісеу» мәтіні бойынша тест:

«Нерв системасының қызметі» туралы құрылған тест:

«Жан көріністерін тап-тапқа бөлу» бөліміндегі «Тіл» туралы мәтінге құрылған тест:

«Дүниеде теңіз терең емес,
Адам жаны терең». (Мағжан)

«Нерв системасының ағасы, биі - ми»
(Мағжан)

Жас қырандар- балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін.
(Мағжан)

Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, һәм құлық тәрбиесі.
(Мағжан) 1. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі.
2. Мектебімізді таза, берік, һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. (Мағжан)

II. Естің қорын тексеру үшін жүргізілетін жұмыс түрі.
Әр адамның есінде сақтау қабілеті әр түрлі. Кейбіреулер тез жаттап алып, тез ұмытады. Кейбіреулер шабан алады. Бірақ тез ұмытады. Кейбіреулер шабан алады, бірақ тез ұмытпайды. Кейбіреулер тез алады, сонда да ұмытпайды. Адамның білімді болуына , әрине, естің осы төртінші түрі пайдалы. (Мағжан)

1. “МАТ» - математикалық ашық тест , яғни 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 математикалық сандарды ғана қолдана отырып
«Абай - қара сөздің патшасы», «Мағжан – тәрбиеші ақын», «Шоқан - зерттеуші» тұлғалардың жылдарын еске түсіріп жазу.
2.«ӘС» - әріптер сыры арқылы Мағжан, Шоқан, Абай өлеңдерін, шығармаларын еске түсіру, жатқа айта білу.

III. Мағжан педагогикасының құндылығын биология пәнімен байланыстыру.
1. «Педагогика» деген Мағжанның еңбегінен биологияға қажетті әр түрлі тақырыптардан мәтін үзінділерін алып, сыныптағы оқушыларға тапсырма ретінде қолдану.
2. Қолданылған тақырыптар төмендегідей: «Тамыр соғу» (22-бетте), «Тіс» (39-бетте), «Нерв системасының қызметі – ми туралы» (49-бетте), «Тіл» (115-бетте)
3. Әр оқушы өзіне алған әр тақырыпты мұқият оқып, ҰБТ-ге керек тест сұрақтарын құрады, яғни оқыған мәтіндерден алады. Мысалы:
1. Ересек адам бір минутта неше рет дем алады? Жауабы: Ересек адам бір минутта 17-20 рет дем алады.
2. ересек адамның жүрегі минутына неше рет жиырылып, босаңсиды? Жауабы: 70-75 рет.

1. Тістер пішініне қарай нешеге бөлінеді? Жауабы: төрт түрге, олар: күрек тіс, ит тіс, кіші азу тіс, үлкен азу тіс.
2. Күрек тістің саны қанша? Жауабы: Сегіз.
3. Ит азу тісінің саны қанша ? Жауабы: Төртеу.
4. Бір түбірлі тістерге қандай тістер жатады? Жауабы: Күрек және ит тістер.

1. Жанның құралы не? Жауабы: Ми.
2. Мидың орташа салмағы? Жауабы : 1300-1400 грамм.
3. Ми неше бөліктен тұрады? Жауабы: Ми бес бөліктен тұрады: Үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми.

1. Ұлтқа ең бірінші не қымбат? Жауабы:Тіл. Өйткені ұлттың тілі кеми бастауы - ұлттың құри бастауы.
2. Тілдегі рецепторлар нешеге бөлінеді? Жауабы: төртке, олар: тілдің ұшы-тәттіні, түп жағы-ащыны, бүйір бөліктері-қышқылды, төменгі бүйір бөліктері - тұздыны сезеді.

IV. «ӘС» әдісін қолдану арқылы оқушылардың білімдерін, ойларын тексеремін. Ол былай: Әр оқушыға алфавит бойынша қолдан жасалған әр әріпке байланысты тест сұрағын жауабымен беремін. Мысалы: А; Б; В; Г әріптеріне жасалған тесттер. Осы жерде «Астана-думан » деген көрнекілігін қолданамын. «Астана-думан» деген балық суреттеріне тест сұрақтарын құру. (өзіндік тест құрып үйрену). Осы тапсырма деңгейін кім жақсы орындаса «Астана-думан» деген балық суреттерін терең ойға байланысты мұхит тереңдігімен байланыстыра отырып бағалау, яғни Тынық мұхиты – «5»
Атлант мұхиты – «4»
Үнді мұхиты – «3»
Солтүстік Мұзды мұхит – «2»
Мұхит тереңдігі бойынша, сондағы тіршілік ететін балық суреті арқылы білім деңгейі көрсетіледі, яғни ең терең ойлы бала «Тынық мұхиты» тереңдігімен бағаланып «5» деген баға алады.

V. “Миды қозғау» сәті арқылы биология сынып бөлмесінде ілулі тұрған көрнекіліктермен жұмыс жүргіземін.
Жұмыс түрі: «Өзіндік ойлау арқылы тест құрастыра білу.»
Мысалы, биология кабинетінде мынадай көрнекіліктер ілулі тұр:
1. Қоқиқаз суреті. 2. Балқаш көлі. 3. Рахманов бұлағы.
4. Суыр суреті. 5. Хантәңірі шыңы. 6. Ақбөкен суреті.
7. Бурабай өңірі. 8. Батыс Сібір жазығы.
Оқушы әр суретке байланысты ғылыми түрде сұрақ қоя білуге үйренеді, тест құрайды. Мысалы олар мынадай болады:
1. Қорғалжын қорығында мекен ететін құс. – Қоқиқаз.
2. Қазақстан жеріндегі көлемі жағынан үшінші орын алатын көл. – Балқаш көлі.
3. «Рахман бұлағы» қорықшасы орналасқан жер.- Алтайдың орталық бөлігі.
4. Салмағы 10 кг болатын ең ірі кеміргіш. – Суыр.
5. Қазақстан жеріндегі Тянь-Шань тауының ең биік шыңы.- Хантәңірі.
6. Тез жылдамдықпен жылжитын құрғақ дала зонасының жануары. – Ақбөкен.
7. «Қазақстан Швейцариясы» атанған жер. – Көкшетау – Бурабай өңірі.
8. Қазақстан аумағында орманды дала зонасы бар жазық. – Батыс Сібір жазығы.

VI. Эссе жазу (ой толғау)
1. «Мағжан бабам менің жүрегімде» деген тақырыпқа өлең шығарады.
2. Мағжанды сүйетіндерін көрсету үшін әр оқушы «Мен жастарға сенемін» деген өлеңін жатқа айтады.
3. 9 – сынып оқушылары тебірене шығарған өлең жолдары мынадай:
Мәңгі менің жүрегімде есімің,
Әрбір айтқан асыл сөзді кесімің.
Мен де, ата, туыппын сол өңірде,
Өмірдің сен айқара ашқан есігін.

«Мен жастарға сенемін» деп үн тастаған,
Отты жүрек жастар барын растаған.
Атама арнап мен отыра алмаспын
Кеудемдегі өлеңімді жазбастан.
(Досова Әсел)
VII. Қорытынды. Рефлексия.
1. Осы өтілген сабақта төрт түрлі тәрбие түрі қолданылды.
2. Мағжанның берген төрт түрлі тәрбиесі әр оқушы бойында болса, оның тәрбиесі түгел болғаны даусыз, ақиқат екеніне көз жеткізілді.
3. Мағжан педагогикасын оқымаған ұстаз жақсы педагог болуы мүмкін емес!
4. Жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптасты.
Категория: Биология | Добавил: Жамила (2015-01-10)
Просмотров: 1128 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 10:21 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru