Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
Семей қаласы. №3 мектеп-интернат. Биология және химия пәнінің мұғалімі Мұхамедқалымқызы Айнұр Пән атауы: Биология Сынып: 6 «а» Тақырыбы: Жануарлардың мінез-қылығы туралы білімді іс жүзінде пайдалану. Сабақтың мақсаты: жануарлардың жеке-дара және топтық мінез-қылығын, тіршілік қалпын зерттеу және оларды іс жүзінде қолдана білу. Сабақтың міндеттері: Жануарлардың жеке-дара және топтық мінез-қылығын, тіршілік қалпын зерттеу және оларды іс жүзінде қолдана білу. Өткен сабақпен байланыстыра отырып есте сақтау қабілеттерін арттырады.; Өз бетімен жұмыс істеп , өз білімін өзі тексеріп, бағалай білуге үйрету.Өздігінен талпынып , жауапкершілікті сезінетін саналы,өнегелі ұрпақ тәрбиелейді. Коррекциялық: Ұсыныс бойынша көру қабілетіндегі кемшіліктерді түзету және көз бұршағына ауыртпашылық түсірмеу; Сабақ типі: жаңа сабақ Сабақ түрі: дәстүрлі Оқыту әдісі: ауызша, баяндау, түсіндіру. Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, плакаттар. № Кезеңі Барысы 1 Ұйымдастыру сәті. Сабақ барысы: А) Оқушылармен амандасу. Б) Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. В) мәлімдеме бойынша журнал толтыру. Г) сабақ барысын баяндау. 2 Үй тапсырмасын сұрау: § 50. Топтық мінез-қылық 1. Топтасып тіршілік ету қандай жануарларға тән? 2. Құмырсқа, балара, ара сияқты бунақденелілердің бір-біріне өзара «ақпарат беретін тілін» не сбепті бай дейміз? 3. Бұларды неліктен қоғамдық жәндіктер дейді? 3 Көзге арналған жаттығу жұмыстары -Жоғары және төмен 10 рет қарау -Оңға және солға 10 рет қарау -Көзді жұмып 10 секунд демалу 4 Жаңа-ақпарат Жануарлардың жеке-дара және топтық мінез-қылығын, тіршілік қалпын зерттеу, балық өсіру, құс, аң, мал шаруашылықарын дамыту құстардың жылы жаққа қайту кезінде әуеде ұшақтармен қақтығысып қалуын болдырмау сияқты аса маңызды шараларды сауатты түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Қазір 35 елде авиациялық-орнитологиялық қызметпен шұғылданатын комитеттер, басқа да ұйымдар бар. Олардың қолында топтасып тіршілік ететін немесе топтасып ұшатын құстардың мінез-қылығын зерттеп, соған сәйкес жасалған радиолокатор сияқты қуатты техника бар. Осындай техниканың көмегімен әуе жолындағы құстардың топтарын тауып, оларды үркіту арқылы ұшақтың әуе жолын тазартады. Сол сияқты балықтардың, құстардың, сүтқоректілердің түрлерін жаппай құртып алмау үшін адам олардың аулау мерзімін жақсы білуі керек. Мысалы, теңізден тұщы суларға қарай өрістеп келе жатқан бекіре балығын аулауға тыйым салынады. Ұя салып балапан шығару үшін туған жеріне топ-тпо болып қайтатын жыл құстарын дәл осы мерзімде ауламайды. Ал арқар, мал, тау ешкісі, түлкі және осылар сияқты аңдарды буаз кезінде аулауды біздің халық «үлкен күнә» деп есептеген. Бұған заңмен де тыйым салынған. Белгілі бір табиғи бірлестіктің тіршілігі одан әрі жалғасуы үшін ең алдымен, өндірушілердің тіршілігіне қажетті қоректік заттар қоры болуы керек. Өсімдіктер су мен минералды тұздарды топырақтан алады. Топырақтағы минералды тұздардың қоры шексіземес, өсіп тұрған өсімдіктер тұқым салып, мезгілі жеткенде қурайды, шіриді. Оның денесіндегі күрделі органикалық заттар ыдырап, қарапайым минералды тұздаға айналады. 5 Қорытындылау 1. Жануарлардың топтық мінез-қылығының табиғатта қандай маңызы бар? 2. Жануарлардың уақытша топтасып тіршілік етуіне мысалдар келтіріп әңгімелеңдер. 3. Қарапайымдылар, өсімдік бітесі, өрмекшілер қалай таралады? 6. Үйге тапсырма § 51. Жануарлардың мінез-қылығы туралы білімді іс жүзінде пайдалану. Пән мұғалімі: Мұхамедқалымқызы Айнұр | |
Просмотров: 2483 | Комментарии: 5 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|