Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Үш игілік: денсаулық , сенімді дос, өшпес махаббат
ММ «Жұмба негізгі мектебі»
Байгалиева А.А.- биология пәні мұғалімі
Тақырыбы:
Үш игілік: денсаулық , сенімді дос, өшпес махаббат
(шығармашылық тобының апталығында өтілген ашық сабақ)
Мақсаты:
1. Өткен тараудар бойынша алған білімдерді жүйелеу;
2. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3. Өз бетімен ізденуге, қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сөздік, сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.
Көрнекілік: сабақтың эмблемасы, компьютер, денсаулық гүлі, эпиграфтар, мақал-мәтелдер, достық эмблемасы, генетикалық есептер, Пеннет торкөзі.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
- Балалар, көздеріңді жұмып , жүректеріңді кішкентай жұлдыздар деп есептеңдер. Ойларыңша оған күннің нұрын, сенімнің , сыйластықтың жылуын бағыттаңдар. Жұлдыздар үлкейеді, күнмен теңесті. Күн бізге мейірімін төкті. Енді көздеріңді ашып, бір-біріңе тілек шоғын сыйлаңдар.
Ал мен сендердің барлықтарына бүгінгі сабақта істерін оң болсын деп тілеймін.
II. Негізгі кезең:
Балалар, игілік деген сөзді қалай түсінесіңдер? Сабақтың 1- ші кезеңі А.Байтұрсыновтың эпиграфымен бастаймыз:
Тән саулығының тамыры – тазалықта,
Жан саулығының тамыры – тән саулықта.
Бұл эпиграфтың түбінде не жатыр? /денсаулық/
Слайд
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын нығайту мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға аян.
Еліміздің жарқын болашағы бәрімізге керек, оның алдын алудың жолын іздестіріп көрейікші. Ол үшін келесі аңызды тыңдайық.
Аңыз:
Олай болса Гигияның заңдылықтарын орындайық.
Табиғатымызды аялау , қадірлеу өз қолымызда ! Жыл сайын ауылымыздың әсемдігін сақтау үшін сенбілікке шыға отырып, адам ағзасына зиянды заттардың қалдықтарын тазартып отырамыз. Сол зиянды заттардың тапсырмасының сұрақтары гүл күлтесінде жазылған, соған жауап берейік:
1 тапсырманың сұрақтары: «Ішімдік-маскүнемдік»
а. Бұл жасушалар алкагольдың зиянды әсеріне әсіресе сезімтал болып келеді.
ә. Ситуациялық сұрақ:
Досының ата-анасы ішімдікке салынған. Досыңа жаның ашиды. Досыңа қандай көмек бересің ?
2 тапсырманың сұрақтары: «Темекі – зиянды зат »
а. Темекі тартпайтындарға қарағанда темекі тартатын адамдарға өлеңді жаттап алу неге қиын?
ә. Сен шекпейсің , достарың сені темекі шегуге итермелейді. Не істейсің?
3 тапсырманың сұрақтары: «Есірткі – улы зат»
а.Есірткі қабылдайтындардың стерильді емес шприцтерді пайдалануы, бұл жазылмайтын ауруды жұқтыруға себепкер болуы мүмкін.
ә. Есірткі денсаулыққа қандай әсер тигізеді?
4 тапсырманың сұрақтары: «Жүректі сақтайық»
а. Бұл екі зиянды әдет жүректің жұмысына зияның тигізеді.
ә. Дене жаттығулары жүрекке қандай пайда әкеледі?
5 тапсырманың сұрақтары: «Жеке гигиена»
а. Мұны күнделікті ұйықтар алдында қабылдау керек, ол ыстық мерзімде – таңертең және кешке қабылдаса болады.
ә. Тіс ауруларының алдын алу үшін құрамында қандай элементі бар тіс пастасын пайдалануға кеңес береді?
Әр-бір адам баласы өзінің жеке гигиенасында, жүйке жүйесіне байланысты келесі ережелерді сақтау керек:
/Жүйке жүйесі гигиенасын сақтау ережесі/, сызбанұсқасын көрсету.
Ой-толғау ретінде келесі сұраққа барлығымыз жауап көрейікші:
бақыт деген не? /оқушылар ойы/
Слайд.
Балалар , гүл күлтесіне назар аударыңдаршы, осындай әдемі гүл сияқты өмірдің гүлі болайық. Яғни, денсаулығымызға зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір сүруге талпынайық!
Әрқашан болсын амандық ,
Болмасын пәле жамандық.
Қорға сен туған жерді,
Болмасын надандық.
Күн әлемі, көк әлемі,
Мөлдір қандай әдемі.
Өз бойыңа жолатпа сен,
Жаман әдетті.
Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін , жерін қорғайтын.
Кез келген сәтте ұғысып, біз жанымызға сырласатын, ақыл бөлісетін жан іздейміз, ол әрине кім? /дос/, ал достар арасында сенім қажет пе?
Олай болса келесі эпиграфқа назар аударыңдар:
/Махамбет, У.Шекспир нақыл сөздері/.
Дос туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер? 1-мамыр мейрамы қалай аталады? Балалар, «достық» дегенде ойларына қандай сөздер келеді?
Келесі тапсырма: алдарында сандық, оның ішінде жұмбақтар, жұмбақтарды шешіп, жауаптарынды айтасындар, мен сендерге әр жауаптың элементін беремін, соныңда сендер «Достықтың» эмблемасын құру қажетсіндер. /Топпен жұмыс/
Бір сәт цитология ғылымына кетейік :
Нуклеотидтер қатары берілген: А, Т, Г, У, Ц, анықтандар ДНҚ құрамына қандай типі енеді, ал қандай типі РНҚ құрамына?
Яғни, нуклеин қышқылдар арасындағы достықты көрсетеміз.
Сенім адамға өте қажет дегендей, адам жанына жайлылықты өз отбасынан табады. Ал отбасы деген не? Тату-тәтті отбасы неден құралады? Махабат сезімінен.
Слайд. Эпиграф.
Махаббат – әр түрлі болады , мысалы: Отанға, анаға, өсімдіктерге, жануарларға, өнерге, ғылымға.
Слайд.
Г.Мендель заңдарына есептер шығару.
Халқымызда үйлену тойларында төрге қос аққудың бейнесін қояды. Сондағы тілек-ниет жастардың жан дүниесі аққудай пәк, таза болсын деген екен.
/Қос аққудың бейнесін көрсету/
Жан дүниесі ең ыстық , сезімтал махаббат, ана мен бала арасындағы пәк сезім, ол сезім ана құрсағынан басталады, назарымызды мониторға аударайық.
Слайд.
III. Қорытынды:
Сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет, ең соныңда барлықтарыңызға,ең әдемі раушан гүлдерін сыйлаймын.
Слайд. Ең әдемі раушан гүлдері сіздер үшін!
Категория: Биология | Добавил: гульнараж (2015-02-20)
Просмотров: 1250 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 2:08 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru