Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
Сабақтың мақсаты: Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістерімен танысу. Сабақтың міндеттері: Оқушыларды адам генетикасын зерттеу әдістерімен таныстыру. Оқу материалдарын мазмұнын меңгеру, ойлау қабілетін дамыта отырып, өз беттерімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Топтық жұмыс барысында негізгі мазмұнды түсінуге үйренеді, оқушылардың жауапкершілігі артады. Сабақтың әдіс-тәсілі: Топтық жұмыс, СТО. Негізгі ресурстар: Оқулық, АКТ, флитчарт, маркерлер, стикерлер. Кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу. Топқа бөлу. Мозаика құрастыру арқылы топқа бөлінеді. 1 топ- генеалогиялық әдіс 2 топ- цитогенетикалық әдіс 3 топ- егіздік әдіс 4 топ - онтогенетикалық әдіс 5 топ – популяциялық әдіс 6 топ - биохимиялық әдіс 2.Қызығушылықты ояту: Оқушыларға адамның тұқымқуалаушылығы туралы бейнеролик көрсету. «ИНСЕРТ» кестесі. 3.Мағынаны тану: Мәтінді 6 топқа бөліп беру. 1 топ – адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқымқуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу. 2 топ – сау немесе ауру адамның кариотипіне цитогенетикалық талдау. 3 топ – бір жұмыртқалық және екі жұмыртқалық егіздер. 4 топ- адамның онтогенезі барысында тұқымқуалайтын өзгерістердің бар –жоғы. 5 топ- тұқымқуалайтын өзгерістердің адам популяциясына таралу жиілігі. 6 топ- адамда болатын түрлі тұқымқуалайтын өзгерістер, жасушадағы зат алмасудың бұзылуы. «Кілтті сөздер» әдісі. Топтарға тірек сөздер беріледі, топта әңгіме құрастыру, өз болжамы мен түпнұсқасын салыстыру, сәйкестік пен үйлесімділікті талдау. Оқушының іс-әрекеті: Келмеген оқушылар туралы мәлімдеу. Оқушылар 6 топқа бөлінеді. Оқушылар бейнероликтен не көргенін айтып, ойларын ортаға салады. «ИНСЕРТ» кестесін толтырады. Берілген мәтінді оқып, материалды топта, жұпта, сыныпта талдайды. Оқушылар тірек сөздерден әңгіме құрастырады, өз болжамы мен түпнұсқасын салыстырады, талдайды. Венн диаграммасын толтырып оқиды. Тақырыпты оқиды, эссе жазып келеді. 4.Сергіту сәті: «Уық, кереге, шаңырақ» 5.Ой толғау: Венн диаграммасын толтыру. 6.Үйге тапсырма: § 46 оқу. | |
Просмотров: 1938 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|