Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

«ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ МЕН АЙМАҚТЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ »
«ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ МЕН АЙМАҚТЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ »
«Бобровка орта мектебі» КММ биология пәні мұғалімі, мектеп директоры Нуралина С. Ж. Глубокое ауданы, Бобровка ауылы

«Экологиялық проблемалар- ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр.»
Ш.Айтматов.
Көптеген педагог –ғалымдар адамның табиғатқа қарым-қатынасы оған деген сүйіспешілік сезімі жас кезде алған тәлім-тәрбиеге тікелей байланысты екенін айтып жүр.Табиғат қорғау мәселесі педагогикалық мәселелердің негізгі бір бөлігі деу өте орынды. Табиғат,Отан, Атамекен деген ұғымдар бір-бірімен үндес ірі мағыналас сөздер. Сол себепті туған жеріміздің тамылжыған тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеу әрбір адамның азаматтық парызы.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі негізгі міндеттер мыналар болуы керек:
1.Оқушыларды сезімталдық (бауырмалдық) қасиетке баулу.Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап табиғат сұлулығын көріп,тани білуге, яғни экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
2.Жастар бойында қоршаған ортаны қорғау және онымен жарасымды қатынас жасауда оның өмірлік көзқарасын қалыптастыру, яғни азаматтық,әдептілік тәрбиесін беру.
3.Әр түрлі өндіріс саласында мектеп бітірушілерге жаратылыстану және қоғамдық ғылымдарды игеруге ізашар болатындай экологиялық білім беру яғни, экологиялық ғылыми білімнің іргетасын қалау.
Экологиялық мәдениет- барлық рухани өмір мен істе көрініс табатын, адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі және табиғаттың құндылығын түсінетін, қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынаспен сипатталатын тұлғаның ерекше қасиеті. Мектепте экология арнайы пән ретінде оқытылмайтынын ескерсек, шектелген уақыт ішінде, пән сабақтарында оушылар экология ғылымының белгілі бір бөліктерінен ғана білім алады деп айтуға болады.Сабақтан кейін оқушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайлы оқытушыдан көп мағлұмат беруді сұрайды. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда қосымша білім берудің маңызы зор. Қосымша білім беруді тұлғаны дамытудың құралы ретінде қарастыруға болады.Өйткені, ол оқушының жеке қабілеттерін, ынта-ықыласын, қызығуын,құнды бағдарын шындап жетілдіреді, индивидтің тұлғалық мінез-құлқын реттейді. Оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін, танымдық қабілетін арттыру үшін мұғалім оқушыларды сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға тарту керек.Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға үйірме,секция,клуб,студиялардың жұмыстарын айтуға болады.
«Бобровка орта мектебі» КММ экологиялық сауатты көтеру мақсатында қосымша білім беру бойынша экологиялық- туристік бағытта жұмыс істейді және аудан бойынша тірек мектебі болып белгіленген.Мектепте эколого-туристік, өлкетану-экологиялық, орманшылық- экологиялық, омарташылық бағыттарда жұмыс жасалынып, тәжірибелер жинақталуда.
Бұл бағыттар бойынша «Географиялық экология» ,«Туризм», «Жас орманшы»,«Жасыл аптека», «Өлкетану», «Экология», «Омарташылық» сияқты үйірмелер жұмыс жасауда. Осы үйірмелердің жұмысын ұйымдастыруда төмендегі мақсаттарды алдымызға қойдық:
-оқушылардың ғылыми-экологиялық дүниетанымын, этика-эстетикалық мәдениетін, адамгершілік ізгілігі мен жауапкершілігін қалыптастыру;
-еңбек қызметінің барлық түрлерінде табиғи орта жөнінде қабылданған шешім үшін азаматтық жауапкершілік сезімін дамыту;
-табиғат қорғаудың ғылыми-практикалық негізін қалау;
-экология ғылымының негізгі ұғымдары мен түсініктері, заңдары мен ұстанымдарын насихаттау;
-туған табиғатқа жалпы халықтық қазына деп қарайтын көзқарасты қалыптастыру.
Үйірме сабақтары: дәріс,пікірталас,рөлдік ойындар, пікір-сайыстар, конференциялар,кештер, кездесулер, практикалық жұмыстар, табиғатқа, жылыжайға, орман шаруашылығына, ара омарталарына экскурсиялар түрінде ұйымдастырылады. Үйірме жұмыстарының тиімділігі, оқушылардың белгілі бір тақырыпта ізденушілікпен, зерттеу жұмыстарымен айналысуға ыңғайлылығы.
Табиғатпен етене жақын өскен бала мейірімді адамгершілігі мен жауапкершілігі мол болып тәрбиеленетіні белгілі. Осы орайда мектепте «Тірі табиғат мүйісі» ұйымдастырылып, сәтті жұмысын жалғатыруда. Онда бұйра тотықұстар, тасбақа, атжалмандар, теңіз шошқалары, аквариум балықтары (алтын балық,сомиктер, барбустар) және алуан түрлі бөлме өсімдіктері бар. Осы кішкентай мейірім аралының үлкен оқу-тәрбиелік маңызы бар. Оқушылар тірі табиғат бұрышында күтім жұмыстарымен қатар, жануарлардың тіршілік әрекетіне бақылау жұмыстарын жүргізеді.Ол оқушыларға биология мен дүниетанудан алған білімдерін тереңдетуге,кеңейтуге септігін тигізеді, пәндерді интеграциялауға мүмкіндік береді.Түрлі тапсырмаларды орындауға, ғылыми- тәжірибелік және бақылау жұмыстарын кең қолдануға көмектесіп, ғылыми- танымдық қызығушылықтарын дамытады. «Тірі табиғат мүйісі» – бұл биологиялық зертхана.Онда жануарларды жыл көлемінде бақылауға болады. «Тірі табиғат мүйісі» тәрбиелік мақсатпен қатар білімділік міндеттерін де орындайды.Өйткені ол көрнекілік ретінде және эксперименталды материал ретінде де пайдаланылады.Тірі обьектілермен жұмыс барысында оқушылар бойында еңбекқорлық қалыптасады,жануарлар мен өсімдіктерді күту мәдениеті тәрбиеленіп,табиғатты аялауға дағдыланады.
Экологиялық білім беруде бастауыш сыныпқа да ерекше мән беру керек деп есептеймін. Балаларға тән қызығушылық, көмек көрсетуге эмоционалдықпен дайын тұру,табиғатты танып білуге белсенділік, нақты бір теориялық білімді білуге құштарлық «бастауыш буынды» адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуында өте маңызды етеді. Осы бастауыш сыныптарда қоршаған орта туралы білім жинақталып, оған жауапкершілік қарым-қатынас қалыптасады.Бастауыш сыныптың оқушысына зерттеуші рөлі өте ұнайды.Зерттеу жұмыстары тек ғылыми- практкалық тұрғыда ғана емес, мектеп жанындағы жылыжайда, тірі табиғат мүйісінде бақылау жұмыстарын жүргізіп, бақылау нәтижесін талдау барысында да орын алады.
Бейімі бар дарынды оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту арқылы табиғатты зерттеуге құлшындыру,ғылыми- зерттеу жұмыстарының амалдары мен әдіс тәсілдерін меңгерту,шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру,туған жер экологиясының тазалығын сақтауға баулу мақсатында жұмыс жүргізіп жатқан мектебімізде құрылған «Оқушылардың ғылыми орталығының» жұмыс жоспарында экологиялық мәселелерге арналған жобалар белгіленіп, мектепішілік, аудандық ҒПК қатысылып, жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы: «Кірпіге тікенектер не үшін керек?»; «Таңқалдырар құстар»; «Емдік-сауықтыру туризмі бала көзімен»; «Бобровка ауылының рекреациялық ресурстары»; «Жергілікті кемірушілер»; «Барлығы мысық туралы».
Оқушылардың биология, химия, жаратылыстану, технология пәндері бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық білімдерін практикада пайдалана білуде, еңбекке баулуда мектеп жанындағы оқу-тәрбие үлескісінің маңызы өте зор.Біздің мектептің үлескісі 3 га аумақты алып жатыр. Мектеп алғашқылардың бірі болып мектеп ауласының сыртын, ауылды да көгалдандырдық. Бұл ауыл тұрғындарына экологиялық-эстетикалық тәрбие беруде орасан зор ықпал жасады. Мектеп маңын және ауылды көгалдандыру, ауылдың тазалығын сақтау мақсатында оқушылар мен ұстаздардан құралған жасыл патрульдер постысы ұйымдастырылған. Көгалдандырудың да өзіндік заңдылықтары бар. Мектеп ауласына мезгіл бойы түсін жоғалтпай, оқушылардың жақсы көңіл-күйіне қызмет жасайтын қылқанжапырақты ағаштар егілуі тиіс және олардың егілу заңдылықтарын қатаң ескеру қажет. Мектеп қоршауларына жақын маңға бұтақты гүлдерді екен дұрыс. Мұның көшедегі шу мен шаңды ұстауда және мектеп ауласының ауасын тазартуда маңызы зор. Мектеп ауласының бос үлескілерін көгалдандыруда клеверді кең қолдандық. Себебі, бұл өсімдік жергілікті климатқа жақсы бейімделген, түрлі зақымдануға өте төзімді, өсімтал, арамшөпке бой бере қоймайды. Мектеп үлескісі келесі бөлімдерден тұрады:
-гүл- көркемдік : розарий(250 түп), гиоргинарий (150 түп), көпжылдық пиондар бөлімі,құртқашаш (ирис), қызғалдақ, нәркес, т.б. көпжылдық және бір жылдық гүлдер бөлімі, альпинарий;
- ағаштар: ашықтұқымдылар бөлімі(самырсын,қарағай,шырша), шетен;
-ботаникалық бақ: таңқурай, жүзім, қарақат, дәрілік өсімдіктер бөлімі, т.б...
-питомник: қарағай, шырша, самырсын көшеттері;
-көкөністік дақылдар бөлімі;
-жасыл қоршау(арша, бозарша, көріктал, қарағаш, шырмауық раушан);
Мектеп ауласын көгалдандыру оқушыларға экологиялық тәрбие беруге және еңбекке баулуға мол мүмкіндік береді.Көптеген дамыған елдерге көз салсақ, мысалы Венгрияда елдің әрбір азаматы гүл өсіруді, көгалдандыруды өзінің міндеті деп есептейді. Ал, Жапонияда бірінші сыныптан бастап гүл өсіру мен көгалдандыру жеке сабақ ретінде өткізіледі.Міне, осындай мысалдардан ақ біз көгалдандырудың әлемдік деңгейде қандай орны бар екенін көре аламыз. «Бір тал кессең он тал ек», «Көкті жұлма» деген атам қазақ та ұрпағына табиғатты аялауды өсиет еткен емеспе.
Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы. «Қыран түлегіне қайрылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастырар талап сыйлайды» демекші, еселі еңбегіміз, туған елге арналады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Г.Оспанова,Г.Бозшатаева «Экологиядан оқу-әдістемелік құрал»,2002.
2.Ж.Шілдебаев. «Экологиялық білім қалыптастырудың негіздері мен тәжірибелері», Қазақстан мектебі, №7 2004,21-23-б.
Категория: Биология | Добавил: nuralina1970 (2015-05-08)
Просмотров: 2583 | Теги: экологиялық білім, аймақтық ресурстар, тәрбие жүйесі, сыныптан тыс шара | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 5:20 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru