Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Организмдердің көбею жолдары
Организмдердің көбею жолдары.

Сабақтың атауы: Организмдердің көбею жолдары.

Сілтеме: Биология 1-курс ресурстар, презентация, плакаттар

Жалпы мақсаты: Білімділік: Организмдердің көбею формалары туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік
сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін
арттыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-
бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде
қолдана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Репродуктивтік, интербелсенді баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, оқулықтар, плакаттар

Пәнаралық байланыс: Биохимия

Пәнішілік байланыс «Митоз жыныссыз көбеюдің және көпжасушалы
организмдер өсуінің негізі, оның фазалары және
биологиялық маңызы», «Организмдердің жыныссыз көбею
формалары: жасушалардың митоздық бөлінуі, споратүзу,
бүршіктену, вегетативтік көбею», «Жынысты көбею. Мейоз,
оның биологиялық маңызы. Сперматогенез. Овогенез»

Оқыту нәтижесі: Жынысты және жыныссыз көбею жолдарын білу

Негізгі идеялар: Қолдан вегетативті жолмен көбейту жолдырын білу

Тапсырмалар: «Кім жылдам»,«Жигсо» стратегиясы,«Топтастыру»
стратегиясы«Хаттар» стратегиясы
"Ортадағы қаламсап" старатегиясы

Кейінгі тапсырмалар: §30-31. Оқу, түсінік айту

Сабақтың уақыты:
90 минут

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары:

Оқытушының іс-әрекеті, уақыты Оқушылардың іс-әрекеті

Оқушылар оқытушысмен
амандасады,
топқа бөлінеді

Сабаққа психологиялық дайындық жасайды.
Ұйымдастыру. 3 мин.

Оқушылармен амандасу. Топқа бөліу .Түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару. Тренинг (сабақ басталарда оқушыларға психологиялық дайындық жасаймын)

Үй тапсырмасын тексеру: 10 мин.

«Кім жылдам» стратегиясы, барлық оқушыға ортақ сұрақтар қойылады
Жасушаның тіршілік циклі дегеніміз не?
Митоздық циклдің анықтамасы?
Митоздық бөлінуге дайындық кезеңі қалай жүреді?
Митоздық бөлінудің фазалары?
Митоздық бөлінуде хромосома жиынтығының саны өзгере ме?
Митоздық бөліну қандай жасушаларда жүреді?
Митоздың биологиялық маңызы?
ДНҚ молекуласы еселенуінің мәні неде?

«Мағынаны тану» бөлімі

Жаңа сабақ : 45 мин.

Жигсо әдісі бойынша тапсырма: оқушылар жаңа тақырыпты өз
топтарында талқылап, келесі топқа барып таныстырады.
Постер арқылы
қорғайды
1 топ: Жыныссыз көбею

Жыныссыз көбею – көбеюдің ертеректегі жолы. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары – гаметалар түзілмейді. Бұл үдеріске бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады.
Жыныссыз жолмен көбею формалары және олардың сипаттамасы.
Қарапайым бөліну – біртұтас ағзалар ретіндегі бактериялардың көбеюі. Бактериялық жасушалардың прокариоттардан айырмашылығы бар.

2.Біржасушалылардағы митоз. Амебалар, жасыл эвглена және өзге эукариотты біржасушалы өсімдіктер мен жануарлардың орасан көп мөлшері осылай көбейеді.

3.Өсімді көбею – бұл жоғары сатыдағы өсімдіктерде кең дамыған үдеріс. Олар, мысалы, өсімдіктердің жапырақтарынан, қалемшелерінен, мұртшаларынан, тамырсабағынан көбеюі.

4.Бүршіктену – аналық ағзадан бұлтиып бүршік түзілетін өсімді көбею жолдарының бірі.
Үш топ өздеріне берілген
тапсырмаларды орындайды
5.Бүрмелену (стробиляция) немесе үзбелену (фрагментация) – бұл ересек дарақтың жеке үзбелері арқылы көбею жолы.
Спора түзу – ерекше бейімделген жасушалар – споралар түзу кезіндегі көбею жолы. Саңырауқұлақтар және өсімдіктердің көпшілігі спора арқылы көбейеді.
Жыныссыз көбеюдің тағы бір қолдан көбейту жолы - өсінді өскін арқылы көбейту.

2 топ: Қолдан вегетативті жолмен көбейту

Вегетативті көбею екіге бөлінеді: табиғи вегетативті көбею және қолдан вегетативті көбейту.
Табиғи вегетативті көбею.Табиғатта өсімдіктердің көпшілігі вегетативті жолмен көбейеді. Әсіресе төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесі екіге бөлініп, екі жас жасуша пайда болады да, әрқайсысы дербес өсімдікке айналады. Көп жылдық шөптесін және сүректі өсімдіктер де табиғи вегетативті жолмен көбейеді. Әсіресе өсімдіктердің жер бетіндегі өркендері арқылы көбеюі көп таралған.Бұларға мұртшаларынан, шыбықтарынан, сұлатпа бұтақтарынан өсіп көбейетін өсімдіктер жатады.Сонымен қатар жер астындағы өркендерінен, тамыр атпаларынан көбею де табиғи вегетативті көбеюге жатады.
Қолдан вегетативті көбейту.Адам әр түрлі әдістерді қолданып, өсімдіктерді өсіріп, көбейтеді. Қолдан вегетативті жолмен көбейтудің бірнеше жолдары бар. Соның ішінде көп таралғаны – телу.
Телу. Телу дегеніміз – бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып, екінші өсімдік денесіне ұластыру. Қазіргі кезде телуді трансплантация деп атайды. Яғни, өзінің тамырында өсіп тұрған өсімдікті телітуші, ал оған әкеліп ұластырылған бүршігі бар бөлікті телінуші деп атайды. Телітуші мен телінушінің әрқайсысын компонент дейді. Телу ісі нәтижелі шығу үшін, алдымен, әрбір компонентті сұрыптай білу қажет. Телінуші ретінде алынатын компонент жас, ауруға шалдықпаған, жемісі ірі және тәтті, т.б. болғаны дұрыс. Осындай қасиеттерін сұрыптап алып, орыс селекционері И.В.Мичурин телу жұмысын жүргізген.


3-топ: Жынысты көбею
Жыныстық жолмен көбею деп сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары ядроларының қосылуын айтады. Жыныс жасушаларын гамета деп атайды. Ендеше аналық және аталық жыныс бездерінде гаметалар дамиды. Аналық организмде жұмыртқа жасушалары, ал аталық дара организмде сперматозоидтер түзіледі.
Партеногенез. Табиғатта сирек болатын жыныстық көбеюдің ерекше түр өзгерістерін партеногенездеп атайды. Партеногенез грекше «parteno» - қыз, «genesis» - туу, пайда болу, яғни «ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа аналық организмнің дамуы» деген мағынаны білдіреді. Бұл құбылыс табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседі
Оқушылар әр топқа
барып түсіндіреді.
Оқытушының сөзі «Артық болмас білгенің, көкірекке түйгенің» жасушалық құрылымдар туралы қосымша материалдарды интерактивті тақтадағы слайдтарды пайдалана отырып түсіндірем.
Тіршілік дүниесін құрайтын организмдер мәңгі тіршілік етпейді. Олар қартаяды, әр түрлі ауруларға ұшырайды немесе түрлі себептен тіршілігін жояды. Алайда олардың көбею қарқыны өте жоғары болғандықтан, жер бетіндегі тіршілік үздіксіз жүріп жатады.
Оқытушының түсінігі

«Топтастыру» стратегиясы

1 топ: Жыныссыз көбею.
1.Организмдердің көбею жолдары?
2.Жыныссыз көбею және олардың түрлері?
3. Жынысты және жыныссыз көбею үрдістері арасындағы негізгі айырмашылық неде?
4. Жынысты және жыныссыз көбеюдің артықшылығы және кемшілігі неде?

2 топ: Вегетативті жолмен көбею.
1.Жыныстық көбею және олардың түрлері.?
2. Жұмыртқа жасушасының дамуы қалай аталады?
3. Олардың қайсысы біржасушалыларға тән, қайсысы оған жатпайды?

3 топ: Жыныстық көбею.
1.Партеногенез деген не?
2.Телу жұмыстарымен айналысқан орыс ғалымы?

Хаттар стратегиясы
Телу, бүршіктену, өркен ұластыру.

Ортадағы қаламсап стратегиясы: 30 мин.
(Дарынды оқушыларды анықтау) кестені толтыру
Жеміс ағаштарың
сызып көрсету
Көбеюдің қандай түрлері бар?
Жыныссыз көбею деген не?
Жыныс жасушалары не деп аталады?
Қандай организмдер жыныссыз жолмен көбейеді?
Телу әдісі дегеніміз не?
Дарынды оқушымен жұмыс
Қолдан вегетативті көбейту дегеніміз не?
Қалемшелеп арқылы көбейту қалай жүргізіледі?
Сұлатып вегетативті көбейтудің ерекшелігі?
Жыныссыз көбеюдің қандай түрлері бар?
Мұртшаларынан көбею көбеюдің қай түріне жатады?
Немен әсер еткенде жасанды жолмен ұрықтанбаған жасушадан жаңа организм дамиды?
Партеногенез қайсысында байқалады?

Қорытындылау (Топтастыру стратегиясы)
Оқушыларға сұрақ : Егер ағзалардың барлығы тек қана жыныссыз жолмен көбейетін болса,эволюциялық үдерістің қалай өтетінін елестетіп көріңдер. Адамзат тіршілік етер ме еді және ол қалай болып көрінер еді.
Бағалау: 2 мин.
Бағалау парақшасы арқылы бағалау
Кері байланыс: Рефлексия
Үйге тапсырма: §30-31
Категория: Биология | Добавил: hhhssskkkhhh (2015-05-17) | Автор: Хабибуллаева Сауле Кобланбековна E
Просмотров: 5946 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 1:36 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru