Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері. Гүлдің құрылысы Сабақтың мақсаты. Білімдік: Гүлдің құрылысымен таныстырып, жеке бөліктерін ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: интерактивті тақтаны, үлестірмелі материалдарды қолдану арқылы оқушылардың танымдық ой-өрісін, іс-әрекетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, тереңдету. Тәрбиелік: Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсіндіру арқылы қоршаған ортаны қорғауға, күтіп, баптауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру Сабақтың әдісі: көрнекі, ішінара ізденіс, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері Көрнекілігі: интерактивті тақта, гүл моделі, бөлме гүлдері, нұсқаулық карта, Инсерт кестесі, гүл суреттері І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу 2. Балаларды түгендеу. 3. Сыныптың тазалығына көңіл аудару 4. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру 5. оқушылардың назарын сабаққа аудару. 6. Бақылау сарапшыларын тағайындау. ІІ. Білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау 1. Сабағымыздың тақырыбы: Гүлдің құрылысы 2. Сабағымыздың мақсаты Дәптермен жұмыс. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің ретін, сабақтың тақырыбын жазып қояйық. ІІІ. Қызығушылықты ояту. Эссе жазу Гүл, әсемдік, әдемілік, көрік, табиғат, жаз сөздерін пайдалана отырып әңгіме құрастыру. /Әңгіме құрастыра отырып, оқушы білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен ой бөліседі, осылайша шыңдалған ойлауға қадам жасап, жаңа білім жайлы ақпарат жинап бұрынғы біліммен ұштастырады. ІV.Мағынаны таныту. Инсерт кестесі. Түртіп алу жүйесі + Білемін Білдім ? Білгім келеді V. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Интерактивті тақта бойынша жаңа тақырып түсіндіріледі. Өсімдіктік көбею түрлері: Вегетативті мүшелері арқылы (тамыр, сабақ, жапырақ) Генеративті мүшелері арқылы: гүл, жеміс, тұқым Гүл бөлімдері: гүлсағағы, гүл табаны, тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық, аналық. Гүл сағағы –жапырақ сабағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Гүл табаны – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері. Тостағанша – көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді. Аталық – әрбір аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады. Тозаңқап - бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаң- сыртқыжәне ішкі қабықшасы бар жасуша, пішіндері де алуан түрлі. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер бар. Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналық аузы – өсімдіктүріне қарай түрліше (домалақ үлпекті, қостелімді, көптелімді, жұлдызша және т.б.) болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады. Аналық мойны – аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса, соғұрлым жеңіл тозаңданады. Мойны болмайтын аналық көкнәр, қызғалдақ және т.б. Жатын – аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір немесе бірнеше мыңдаған тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртын екі қабат қабықша қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар. Одан тозаң түтігі тұқымбүршігіне енеді. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді. Әрбір аналық өзара бірігіп кеткен бірнеше жемісжапырақшаларынан түзіледі. Дұрыс гүл- гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінеді. Бұрыс гүл –бір сызық жүргізуге болады, бірнеше сызықпен теңдей бөлінбейді. Сергіту сәті: Көзімізді жұмып, ең әдемі гүлді елестетеміз. Өзімізді гүл сезінеміз. Таң атты, көзімізді ашып, күлтелерімізді кең жайып, күн көзіне қарай созыламыз. Күннің жылуын сезінеміз. Баяу самал желдің соққанын сезінеміз, желдің ырғағымен тербетілеміз. Кеш бата табиғат тыныштық күйге көше бастады. Біз де күлтелерімізді бойымызға жинап, ұйқыға кетейік. Зертханалық жұмыс. №12 Зертханалық жұмыс Көрнекілігі: (қызғалдақ, гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), гүл макеттері, гүл суреттері, микроскоп, микропрепарат. Техника қауіпсіздігі нұсқаулығы! Нұсқаулық карта: 1. Үлестірілген материалдан гүл бөліктерін табу, пішініне, санына, реңіне көңіл аудару. 2. Гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу. 3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтау. 4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылысымен танысу, суретін салып атын жазу. Оқулықтың суретімен салыстыру. 5. Гүлдің негізгі бөліктері туралы қорытынды жаз. VІ.Оқушылар білімін тексеру Инсерт кестесінің «БІЛДІМ» айдарын толтыру. «Гүлдің құрылысы» слайды бойынша гүл бөліктерін орналастыру. Оқулықтың 72 бетіндегі «Біліміңді тексер» айдарындағы тапсырманы орындау. І. Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» -гүлсерік; «ГТ» - гүлтабан; «Т» - тостағанша, «К» - күлте; «А» - аталық; «Ж» - аналық). 1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан - «Ж» 2. Тозаң ұясы бар - «А» 3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі - «А», «Ж» 4. Үлпекке айналған бөлігі - «Т» 5. Жәндіктер қоректенеді. - «К» (Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Шірнелікпен қоректенеді) 6. Шірне бөлетін бөлігі - «ГТ», «А», «Ж» (Шірнеліктер – гүлтабанында, аталық жіпшесінің түбінде, аналық жатынында да болады). 7. Жабысқақ сұйықтық бөледі - «Ж» 8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі - «Т» 9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі – «Ж» 10. Хош иіс шығаратын бөлігі - «К» 11. Мойны бар. - «Ж» VII. Сабақты бекіту. Сонымен балалар, бүгін біз өсімдіктердің көбею мүшелері, гүлдің құрылысы тақырыбын өттік. Табиғатта гүлдердің түрлері өте көп, олар саналуан. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілекке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгалдандыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз. VIII. Білімдерін бағалау және үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру. §22 оқып, әңгімелеу, №12 зертханалық жұмысты аяқтау. Қосымша Дүниедегі ең алып гүл. Раффлезия Арнольда Суықтан да, биіктен де қорықпайтын таудың ұшар басында өсетін өсімдік. Эдельвейс Барометр гүл. Акация Қар астында қыстайтын гүлдер. Қоғажай, шытыр | |
Просмотров: 2438 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|