Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, Т. РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ, АБАЙ АУЫЛЫ. АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: БИДАЙШИЕВА Б.Б. Пән Биология Сынып 8 Сабақтың тақырыбы: Тағамның маңызы, құрамы және қызметі. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тағамның маңызы, құрамы және қызметі туралы түсінік қалыптастыру. Сабақтың міндеті: 1. Оқушылармен тағамның маңызы, құрамы мен қызметін талқылау; 2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін айтуға баулу; 3. Оқушыларды ізденіске, жұпен жұмыс істеуге, өз бетінше ойлануға тәрбиелеу; 4. Оқушыларға алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйрету; Күтілетін нәтиже: - Тағамның маңызы және құрамымен танысады; - Шығармашылық қабілеттері артады; - Өз ойларын еркін айтады; - Жұппен, топпен жұмыс істеуге дағдыланады; Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ. Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары. Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, жеміс – жидектер, көкөністер муляжы, көрнекіліктер. Сабақ кезеңдері Мұғалім іс – әрекетті Оқушы іс – әрекетті I. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, жұпқа бөлу. Сәлемдеседі, тынышталып, оқушылар жұпқа бөлінеді. II.Қызығушылықты ояту: 2 мин Оқушыларға жұмбақтарды жасыру. «Жұмбақтарды шешу» 1. Көкөніс бұл қалаулы, жасамас онсыз Палауды. (Сәбіз) 2.Сілкідім де сабағын, жердің астын қарадым. Он түйірін алдым да, дайын болды тамағым. (Картоп) 3.Сақалымен нәр алып, топырақтан тұрды өсіп. Бір күні асқа турадым, турағанда жыладым. (Пияз) Оқушылар жұмбақтартың жауабын табады. III. Мағынаны тану: Жаңа сабақ. 10 мин Білемін, Білгім келеді, Үйрендім (ББҮ) – әдісін пайдаланады, жаңа сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыттау. Жұптарға тапсырмалар беріледі. Мәтінді өз бетінше оқиды, жұпта талқылайды. Интервью – әдісі. Алма жұбы: тағамның маңызы, тағамның құрамы. Банан жұбы: нәруыздар, май, көмірсулар, су. Жүзім жұбы: Дәрумендер (Витаминдер). Құлпынай жұбы: минералды тұздар, минералды заттар. Алмұрт жұбы: тағамдық заттардың қызметі. Оқушылар Білемін, Білгім келеді, Үйрендім (ББҮ) әдісін қолданып өз ойларын жазады. Мәтінмен танысады. Оқушылар өз ойларын түсініктерін жеткізеді, білімдерін тәжірибелерін жинақтайды, білімдерін көрсетуге әрекетенеді. Жұп болып жұмыс істеп оқушылар қорғайды. IV. Ой толғаныс: 7 мин Миға шабуыл - әдісі Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып толтыру қажет. 1. ............. – ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы. 2. Тағамның құрамында күрделі ағзалық заттар ......................................................бар. 3. ................................... минералдық заттар, витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі. 4. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен .............................. грамм ................. қажет. 5. ..................... – адам ағзасы үшін қажетті ағзалық заттың бірі. 6. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін ...................... өте қажет. 7. ........................ астың дәмі татымайды. Серпілген сауал – әдісі. Оқушылар бір – біріне доп лақтыру арқылы, жаңа тықырып бойынша сұрақтар қойып талқылайды. Миға шабуыл әдісін пайдаланып оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. V. Бағалау: 2 мин Мұғалім әрбір жұпқа бағалау ресурстарын ұсынады. Жұп басшысы бағалайды. VI. Үйге тапсырма: 1 мин Оқушыларға үйге тапсырма беру. Алма, банан, жүзім, құлпынай, алмұрт жеміс - жидектер туралы реферат жазып келу. Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. VII. Кері байланыс парағы: 1 мин «Сабақтағы көңіл күйім» «Ұсыныстар» Оқушылар кері байланыс парағын толтырып жазады. | |
Просмотров: 1670 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|