Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

"Биология сабағында жеке тұлға белсенділігін арттыру арқылы ҰБТ - ға сапалы дайындау."
«Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені КММ»

Баяндама
Тақырыбы : "Биология сабағында жеке тұлға белсенділігін арттыру арқылы ҰБТ - ға сапалы дайындау."



Биология пән мұғалімі : Изгуттинова Айгуль Алдабергеновна.






2015-2016 оқу жылы.


Әр елдің болашағы мектебінен басталары анық. Бүгінгі танда өскелең үрпақтың білімі мен тәрбиесі педагогика ғылымы мен озат тәжірибелердің басты бағыты болары даусыз. XXI ғасыр мектебін көптеген қиындық, кедергілерге қарамай өркендету,оның сапасын арттыру тікелей мұғалімдерге байланысты.
Еліміздің озық ойлы, парасатты азаматын қалыптастыруда ауыл мектебінің салмағы басым. Ақпарат құралдарының деректеріне сүйенсек, қазақ мектептерінің 80 пайызы ауылдық жерлерде екен.
Қай кезде де ұстаз еңбегінің өлшеуіші - білім сапасы. Бүгінгі күннің мүғалімге қояр талабы да жоғары. Мектептегі басты тұлға мұғалім болғандықтан уақыт талабы олардан жан-жақты біліммен қаруланған мәдениетті, биік адамгершілікті қажет етеді. Баланы озық ойлы, жан-жақты тәрбиелеу үшін мүғалімнің өзінің дәрежесі биік болуы тиіс.
ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?
Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа оқитын оқушы емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.
- 1-кезең. Диагностикалық:
- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,
-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
-ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.
2-кезең. Практикалық:
- Тест жинақтарымен жұмыс;
-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
-Топтық және жеке дайындық;
-Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):
- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,
- Мониторинг;
- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;
- Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.
Үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа бөлінетінін анықтайды: 1-топ үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын оқушылар , 2-топ 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 15 ұпайдан төмен алатындар.

ҰБТ жалпы орта білім беру ұйымдарын бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік аттесттауы мен жоғары оқу орындарының қабылдау емтихандарын біріктіру болып табылады.Тест арқылы қабылдау барысындағы рейтингілік баға талапкерлерді нақты іріктеп алуға көмегін тигізуде.Осыған орай мектеп оқушыларының орта арнаулы және жоғары оқу орындарына түсуші талапкерлердің биология пәні бойынша білімдерін толықтырып,ғылыми қөзқарастарын қалыптастыру қажет.Жоғары оқу орындарына түсушілер биология пәнінен емтихан барысында өздерінің білім деңгейлерін көрсету керек:
1.Негізгі түсініктерді білу,заңдылықтар мен заңдарды,өсімдіктер,жануарлар және адам организмінің тіршілігіндегі құрлысы мен дамуы,тірі табиғаттың дамуы.
2.Өсімдік,жануар,адамның тіршілігі мен құрлысы мен классификациясы,өсімдік пен жануарлардың негізгі топтары.
3.Биологияны теориялық,практикалық жағынан түсініп,оның негізгі
бағытын білу және табиғаттың құбылыстарына қорытынды шығара білу керек.
Оқушылардың таным белсенділігін арттырудың бірден-бір жолы-оқулықпен жұмыс.Білім көзі-оқулықта.Оқулықпен жұмыс істеуді дұрыс жолға қою арқылы оқушылардың өздігінше ізденіп,білімін толықтыруын қамтамасыз етуге болады.Оқулық ғылыми тұрғыдан қанша дұрыс болса да,материалды өз дәрежесіне сапалы меңгерту мұғалімнің әдістемелік шеберлігін,оқушылармен жұмыс істеу тәсілінің тиімділігін қажет етеді.Бұл мақсатта жалпы білім беретін оқу орындарындағы биология оқулықтарындағы негізгі мәліметтерді жүйелеу қажет.Оқушыларды ұлттық бірінғай тесттілеуге дайындау барысында материалдарды мектеп бағдарламасына сәйкес жүйелеу керек:
1 бөлім.Цитология.
Жасуша құрылысының деңгейі-тірі ағзалардың қарапайым бірлігі.Жасушасыз ағзалар-вирустар.Прокариоттар және эукариоттар.Жасуша теориясының негізгі жағдайы,жасушаның химиялық құрылымы.Жасушаның органикалық және бейорганикалық заттары олардың жасушадағы тіршілік әрекеттері.Зат алмасу және энергиялық айналуы-жасушаның тіршілік әрекетінің негізі.Пластикалық алмасу.Нәруыз биосинтезі.
Ген және оның биосинтездегі қызметі.ДНК-кодесі.Матрицалық синтез реакциясы.Жасушадағы энергетикалық алмасу,энергетикалық алмасудағы АТФ-ң маңызы.Пластикалық және энергетикалық алмасу реакцияларының өзара байланысы.Фотосинтез.Жасушалық цикл,жасушаның бөлінуге әзірленуі.ДНК молекуласының екі еселенуі.Хромосомалар,олардың гаплоидты,диплоидты жиынтығы және формаларымен сандарының тұрақтылығы.Жасушаның бөліну типтері . Митоз. Ағзалардың жынысты және жыныссыз көбейюуі. Меиоз. Жыныс жасушалары. Жұмартқа жасушаларымен сперматозоидтардың дамуы. Ұрақтану. Жасуша меиозы мен митоздың ағзада жек дамуы мен көбеюіндегі қызметі. Ұрықтың жануарлар мысалында дамуы, ұрық жапырақтарымен ұлпалары. Онтогинез және постэндриналдық даму.
2 бөлім. Өсімдік тану
Ботаника - өсімдіктер туралы ғылым. Өсімдіктер әлемі табиғаттың құрам бөлігі, оның алуан түрлігі, жер бетінде таралу. Прокариеттар. Бактериялар. Балдырлар, фотосинтездеуші бір жасушалы және көп жасушалы балдырлар. Көбею жолдары. Балдырлардың маңызы. Қыналар құрылысы көректенуі, көбеюі және маңызы.
Мүктер. Мекен ететін ортасы, құрылысы көректенуі, көбеюі және маңызы. Саңырауқұлақтар: зен, ашытқы, қалпақшалы санырауқұлақтар. Паразиттік өкілдері. Класстарға бөлінуі. Папоротниктер, қырықбуындар және плауындар.
Жалпы сипамамасы құрылысы және даму циклі. Жаланаш тұқымдылар. Құрылысы және көбеюі, табиғаттағы маңызы.
Жабық тұқымдылар: Құрылысы, вигитативті және генеративті мүшелері. өсімдіктер ұлпалары; түзуші, тұрақты. Тамыр. Жапырақ. Өркен. Гүл және жеміс. Тұқым. Өсімдіктердің көбеюі. Гүлді өсімдіктердің класификациясы. Өсімдіктердің негізгі топтары; Қос жарнақтылар классы, жалпы сипатама. Дара жарнақтылар классы,жалпы сипаттама.
3 бөлім.Жануартану.
Зоология-жануарлар туралы ғылым.Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.Жануарлармен өсімдіктердің ұқсастары мен айырмашылықтары.Жануарларды топтау.Қарапайымдылар дүниесі-жалпы сипаттамасы,көп клеткалы жануарлардан айырмашылығы.Көп жасушалы жануарлар дүниесі(ұлпалы жануарлар ).Ішек қуыстылар типі,типке жалпы сипаттама.Құрылысындағы ерекшеліктері,қозғалуы,көбеюі,маңызы.
Жалпақ құрттар типі.Жалпы сипаттама,тип өкілдері;Кірпікшелі құрттар класы,трематодтар класы,таспа құрттар класы.Жұмыр құрттар типі;Сыртқы және ішкі құрылысы,көбеюіндегі және тіршілік цикілындағы ерекшеліктері.
Бұылтық құрттар типі;Азқылтанды және көпқылтанды құрттар класы.Тіршілік әрекетіндегі ерекшеліктері,маңызы.Былқылдақ денелілер типі;Бауыраяқтар класы,қос жақтаулы моллюскалар класы.Құрылыс ерекшеліктері және маңызы.
Буын аяқтылар тип;Шаян тәрізділер класы,өрмекші тәрізділер класы.Насекомдар класы ;Қаттықанаттылар отряды, көбелектер отряды,жарғаққанаттылар отряды,қосқанаттылар отряды,тура қанаттылар отряды.Биологиялық ерекшеліктері мен маңызы.
Хордалылар типі. Хордалы жануарлардың белгілері. Балықтар класы; Сүйекті және шеміршекті балықтар, экологиялық топтары. Қос мекенділер класы. Қос мекенділердің алуан түрлілігі және маңызы. Бауырмен жорғалаушылар класы. Отрядтарына сипаттама. Құстар класы. Құстардың алуан түрлілігі Отрядтары-торғай, тауық, жыртқыш құстар, қаз тәрізділер, пингвиндер, дегелек тәрізділер, тырналар, түйеқұстар, дуадақтар. Экологиялық топтары: парктер мен бақ құстары, шалғындық пен дала құстары, орман құстары, жыртқыш құстар, дала және шөл құстары. Сүтқоректілер класы. Тіршілік қалпы. Сүт қоректілердің алуан түрлілігі: отрядтары-қалталылар, насеком қоректілер, қолқанаттылар, кемірушілер, қоян тәрізділер, жыртқыштар, ескек аяқтылар, кит тәрізділер, тұяқтылар (тақ тұяқтылар, жұп тұяқтылар), приматтар. Экологиялық топтары: құрлық және теңіз сүт қоректілері.
4 бөлім.Адам анатомиясы және оның денсаулығы.
Адам ағзасымен жалпы танысу.Ұлпалар құрылысының ерекшелігі және атқаратын қызметі.Тірек-қимыл жүйесі,маңызы және адамның тік жүруіне байланысты тірек-қимыл жүйесіндегі ерекшеліктері.Бұлшық еттердің құрылысы және атқаратын қызметі.Қан тамырлар жүйесі,қан айналым мүшелері.Тыныс алу мүшелері.Асқорту жүйесі.Тағамның негізгі құрамы.Зат алмасу;зат алмасудың пластикалық және энергетикалық алмасулары.Зәр шығару жүйесі.Ішкі секреция бездері.Биологиялық активті реттеуші заттар.Жүйке жүйесі.Сезім мүшелері.Анализаторлар.Жоғары дәрежелі жүйке қызметі.Рефлекстердің түрлері.Адам ағзасының дамуы.
5 бөлім.Генетика және селекция негіздері.
Ағзалардың туқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары,олардың цитологиялық негіздері.Мендель анықтаған тұқымқуалаушылықтың заңдары.Аллельді гендер.Фенотип және генотип. Гомозигота және гетерозигота.Тұқым қуалаудың аралық сипаты.Ажырау заңы.Тіркесті туқым құалау.Жыныс генетикасы.Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы.Мутациялар,оның себептері.Өсімдіктер,жануарлар және микроорганизімдер селекциясындағы генетика негіздері.Генетикалық есептер.
6 бөлім. Эволюциялық ілім
Эволюциялық ілімдердің дамуы.Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері.Эволюциялық ілімнің негізгі қағидалары.Жаратылыстану ілімінің дамуындағы эволюциялық теориясының маңызы.Түр. Популяция. Эволюциялық механизімдер,эволюциялық факторлар. Микро және макроэволюция. Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары, қысқаша даму тарихы.
7 бөлім.Экология негіздері
Экология пәні және міндеттері. Биосфера және оның шекаралары. Құрлық беті, әлемдік мұхит және топырақ биомассасы.Тірі зат оның газдық, концентрациялық, тотығу-тотықсыздану қызметі. Биосферадағы зат айналым және энергияның өзгеруі.Түрдің экологиялық сипаттамасы.Адам әрекеті-экологиялық факторлар түрі.Биогеоценоз.
Талапкерлер биология оқу пәніне арналған оқулықтардағы маңызды нәрсені бөліп, мағынасына қарай топтастырады ;
1. Жоспар жасау.
2. Конспект жазу.
3. Сызба нұсқау түсіру.
4. Қорытындылрды тұжырымдау.
Сонымен қатар қосымша әдістмелік оқу құралдарын пайдаланып, салыстырмалы кестелермен сызбанұсқалар арқылы талапкерлердің материалдарды жылдам меңгеріп есте сақтау мүмкіншілігі артады.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне, өмірлік мүдде бағдарына байланысты екеніне күмән жоқ.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Интернеттегі ұлттық бірыңғай тестілеу ережесі.
2. Биашева З.М. Биология мен география тест бағдарламасы.Алматы 1999
3. «Биология және салауаттылық негізі» педагогиқалық журнал.№2,2007ж
4. В.Н. Семенцова.Биология.Технологические карты уроков:Метод.пособие.
Категория: Биология | Добавил: izguttinova_aygul (2015-12-15) | Автор: Айгуль Алдабергеновна. E
Просмотров: 782 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 11:17 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru