Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылы Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп Биология пәнінің мұғалімі Тұрманова Роза Таубайқызы Сабақтың тақырыбы: Вирустар - тіршіліктің жасушасыз түрі. Оқу бағдарламасына сілтеме: Жалпы биология 10-сынып. Т.Қасымбаева. К.Мұхамбетжанов. Бейнежазба, презентация, кестелер, плакаттар, тақырыптық суреттер. Оқу мақсаты: Оқушылардың вирустар мен бактериофагтардың құрылысы туралы білімдерін толықтыра отырып, вирус арқылы таралатын аурулар түрлері туралы білімдерін қалыптастыру. Алдыңғы тақырып: Прокариоттық және эукариоттық жасушалар. Сабақ кезеңдері: Жоспарланған іс-әрекеттер Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу. Тренинг (сабақ басталарда оқушыларға психологиялық дайындық жасаймын). Үй тапсырмасын пысықтау: 1 - тапсырма. Семантикалық кесте Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын кестеге толтыру. Құрылымы Эукариоттық Прокариоттық Хромосомалар Эндоплазмалық тор Рибосомалар Гольджи жиынтығы Лизосомалар Митохондриялар Вакуольдер Миға шабуыл. Мұғалім: мына суреттерден не көріп тұрсындар? Бұларды не деп ойлайсыңдар? Мұғалім жоғарыда көрсетілген суреттер бойынша бірнеше сұрақ қояды. «Мағынаны тану» бөлімі. Жаңа сабақ. Мұғалім: Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап алайық. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Вирустар - тіршіліктің жасушасыз түрі. Біздің мақсатымыз: вирустар мен олардың құрылысы және оның түрлері туралы білімімізді қалыптастыру. Тірі табиғатта (ағзалы әлемде) вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайды. Олар бактериядан да кішкене, жай көзге көрінбейді. Вирустардың басқа тірі ағзалардан ерекшелігі - тірі жасушадан тысқары тіршілік ете алмайды. Вирус - жасушасы жоқ кішкене бөлшек, яғни жасушасыз құрылым. Мөлшері бактериядан да кіші болғандықтан, вирусты х1000 000 есе үлкейтетін микроскопта ғана көруге болады. Ол тірі және өлі формалардың аралық буыны деп есептеледі. Бактерия жасушасына еніп көбейетін вирус бактериофаг деп аталады. Вирус - жасуша ішінде тіршілік ететін паразит. Вирустар адам және өсімдік, жануар ағзасына еніп, олардың тіршілігін бұзады, ауру туғызады. Өсімдіктер физиологы және микробиолог, орыс ғалымы Дмитрий Иосифович Ивановский (1864-1920) темекі теңбілін зерттеп, 1892 жылы вирусты ашты. Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғылымы Д.И.Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол ХІХ ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қозғалыштарының бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д.И.Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У.Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырылған жиынтығы екнін тапты. ХІХ ғасырдың соңында Д.И.Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді. Вирус (латынша "virus"- у) – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – капсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май тәрізді заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың еседей үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Оның денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді тақташадан тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабатты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал "құйрығының" ұзындығы 20-22 нм-ге тең. "Құйрығының" ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік. Жаңа сабақ түсіндірілгеннен кейін оқушыларға «Вирустар дегеніміз не?» бейнежазбасы көрсетіледі. Мұғалім: Міне біз вирустармен де таныстық. Енді вирустардың электронды микроскоппен қарағандағы түрлерімен танысайық. 1. Ұшық вирусы 2. Құс тұмауы вирусы 3. Қызылша вирусы 4. Шешек вирусы 5. Құтыру вирусы Осы вирустар жайында мұғалім оқушыларға қысқаша ақпарат береді. IV. Жаңа сабақты бекіту. «Джигсо» әдісі бойынша тапсырма: Оқушылар жаңа тақырып бойынша жұбымен пікір алмасып, топта талқылайды. Мұғалім оқушыларға жаңа сабақты бекіту мақсатында келесі сұрақтарды қояды: 1. Вирустарды ашқан кім? (Д.И.Ивановский); 2. «Вирус» деген сөзінің мағынасы?(у); 3. Вирустарды зерттейтін ғылым? (Вирусология); 4. Вирус неден құралады? (НҚ, нәруызды және липидті қабық); 5. Бактерия жасушасына енетін вирус? (Фаг немесе бактериофаг); 6. Вирустардың тіршілік ету ортасы? (Жасуша); 7. 30 минутта 1 жасушадан қанша вирус пайда болады? (100-дей); 8. Вирустарды жасанды ортада өсіруге болама? (Жоқ); 9. Вирустардың көбеюі үшін не керек? (Тірі жасуша); 10. Вирустар неше градуста тіршілігін жояды? (+90); 11. Қандай заттар вирустарды қырып жібереді? (Химиялық); 12. Вирустың жасушадан тыс формалары қалай аталады? (вирион). V. Қорытындылау. 1. Б.Ү.Ү. кестесі. Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді VІ. Бағалау. VІІ. Үйге тапсырма беру. Вирустар - тіршіліктің жасушасыз түрі. | |
Просмотров: 2135 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|