Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі.
Күні:
Пәні: Биология 6
Тақырыбы: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі.
Оқу – тәрбие істерінің мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты: Оқушыларға өсімдік тіршілігіндегі судың маңызы туралы білім беру
Міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың өсімдік тіршілігіндегі судың алатын орны туралы білімдерін одан әрі дамыту, Оқушыларды өсімдіктің жасыл жапырағында жүретін үдерістерімен таныстыру; Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтарын түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Құрал – жабдықтар: Биология 6 электорнды оқулығы, Слайдтар
Сабақ түрі: Аралас- диалог сабақ
Әдісі. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру. Өсімдік мүшелерін тарату арқылы оқушыларды топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру. §27 мазмұндау. «Кім жылдам?»
1. Жасушаның қай органоидінде фотосинтез үрдісі жүреді?
а) цитоплазмада; ә) ядрода; б) хлоропласта; в) вакуольде
2. Күн сәулесі керек
а) тыныс алу; ә) фотосинтезге; б) су мен қоректенуге; в) минералдар мен қоректенуге;
3. Адамдар немен тыныс алады?
а) өкпемен; ә) желбезекпен; б) терімен;
4. Тыныс алу – ол:
а) оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын шығару; ә) көмірқышқыл газы мен суды ыдырату;
б) органикалық заттардың түзілуі;
5. Тыныс алу жүреді:
а) қараңғыда; ә) жарықта; б) қыста, жазда в) үнемі
3.Жаңа білімдерді қалыптастыру. 1. Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі.Өсімдіктің жасыл жапырағында жүретін үдерістерімен таныстыру
Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі су. Су - тірішілік көзі, жердің нәрі. Жердің климатын жасаған су. Егер су болмаса, біздің планетамыз баяғыда – ақ суынып, жер бетіндегі тіршілік жойылған болар еді. Сусыз ешбір организм өмір деуге болады. Су жердің геологиялық тарихында, ғаламшарда, климаттың қалыптасуында, тіршіліктің пайда болуында аса маңызды рөл атқарады. Су – барлық жер бетіндегі тіршіліктің ең басты экологиялық факторлары болып табылады. Зат алмасу үрдістерінің қоршаған ортамен байланысының негізіне су еріткіш және зат алмасу ретінде қажет.
Жер бетіндегі өсімдік үшін судың булануы фотосинтез өтетін кеңістіктің үлкендігіне байланысты.
Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады. Кез келген өсімдіктің жапырағының, сабағының сынған жерін байқасаң шырыны шығады. Бұл өсімдік бойындағы су. Суды өсімдік тамыры топырақ арқылы сіңіреді. Топырақтағы қоректік заттардың бәрі өсімдікке сумен араласып барады. минерал тұздар өсімдікке топырақтан су ерітіндісі түрінде өтеді.
Өсімдік сусыз тіршілік болмайды.Өсімдіктің барлық мүшелерінде су болады, тұқымның ұзақ тыныштығы кезінде де өсімдікте су болады. Жапырақта 90%, сабағында 70-80%, тамырда 50-60%, тұқымда 10%, қабықта 50% судан тұрады. Су өсімдіктерді қызып кетуден сақтайды. Егер өсімдікті күнде суармасаң қурап өліп қалады. . Су, тургорлық қысым арқылы тірегі жоқ өсімдіктердің жер үстінде ұсталып тұруын қамтамасыз етеді. Суда тіршілік ететін аздаған өсімдік түрлеріне су - өмір сүру ортасы болып табылады.
Өсімдік тіршілігіне қажетті құбылыстың бірі – суды буландыру. Өсімдіктер суды жапырақтары арқылы буландырады. Неғұрлым жапырақ тақтасы үлкен болса, соғұрлым су көп буланады. Су – жапырақ өңіндегі жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы буланады. Егер, су жеткіліксіз болса, саңылау жабылып, булану тоқтайды. Өсімдікке су жетіспеген жағдайда, өсімдіктің өсуі баяулайды, солып, қурайды. Су өсімдік бойымен минералды тұздардың ерітіндісінің қозғалуы үшін қажет. Яғни, судың қатысуымен жапырақта органикалық заттар түзіледі. Булану процесі ыстық күндері жапырақты күн сәулесінен қызып кетуден сақтайды. Ауық – ауық суды буландырып тұратындықтан жапырақтар ыстық күндері жап – жасыл қалпында сақталады. Жапырақтың суды буландыруы фотосинтез процесімен тығыз байланысты. Жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы жапыраққа көмірқышқыл газы енеді, су буланады. Жапырақта қант түзілу үшін күн сәулесі керек. Күн сәулесі жапырақты қыздырады, ал булану процесі арқылы жапырақ өз температурасын бірқалыпты сақтайды.
2. Сыртқы ортаның қандайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді мынадай экологиялық топтарға бөледі.
Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімдеушіліктер тән сыртқы қабықшасының қалың болуы, ұлпаларының ұсақ жасушалы болып келуі, жасуша қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы. Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары көп мөлшерде су жинайды , жақсы жетілген тамыр жүйесін түзеді.
Ксерофиттер- топырақ пен ауаның құрғақшылығына бейімделген, құмды, шөлді, тастақ далаларда кең тараған селеу, жусан, сексеуіл секілді өсімдіктер. Олар 50% суын уақытша жоғалтса да, тіршілігін жоя қоймайтын өсімдіктер қатарына жатады. Олардың тамыры өте тереңге бойлап, жер асты суларына жетеді. Жапырақтары ұсақ балауыз қабатпен қапталған немесе олар тікенге айналған күйде болады. Оларды үш топқа бөледі: 1) гемиксерофиттер – ұзақ құрғақшылыққа шыдай алмайтын болғандықтан тамырларын өте тереңге, жер асты суларына дейін жеткізетін өсімдіктер (мыс., сәлбен, жантақ);
2) эвксерофиттер – ыстыққа төзімді және бойындағы суды едәуір жоғалтса да, тіршілігін жоймайтын өсімдіктер (мыс., жусандар);
3) пойкилоксерофиттер – су тапшылығына байланысты тіршілігін уақытша тежей тұратын өсімдіктер (мүктер)
Мезофиттер деп ылғалдылығы жеткілікті, әрі бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Мезофиттер топырақта ылғал орташа , жеткілікті жағдайда өседі. Бүларға жапырақтарын түсіретін ағаштар мен бұталар, шөптесінжәне мәдени өсімдіктер мен ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптер жатады.
Гидрофиттер -деп жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға). Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың мүшелерінің сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, жасуша аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады. Жаңбырлы тропикалық ормандардың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін жерлерінде, күннің көзіне алып шығатын, өсімдіктердің ерекше тіршілік формаларының лианалар қалыптасады.
Гигрофиттер - ылғалды жерде өсетін өсімдіктер. Бүларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады. Сондай-ақ олар салқын және қоңыржай аймақтарда, көлеңкеде жатады. Ауаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан оларда булану процесінің жүруі нашар. Сондықтан су алмасу жақсы журу үшін жапырақтарында тамшы түрінде суды бөлетін rugamogmap немесе сулы саңылаулар жақсы жетілген. Жапырақтары көбіне жүқа, нашар жетілген болып келеді. Гигрофиттер екіге бөледі. жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш( көпжылдық шөптесін өсімдіктер) жапырақтар деп бөледі. Жарықты гигрофиттерге папирус, күріш және т.б. жатады.
Жарыққа қатынасына байланысты көлеңке сүйгіш өсімдіктер деген экологиялық топты бөледі. Бұл топқа жататын өсімдіктер барлық уақытта көлеңкелі жерде өседі.Бұлар негізінен орманның төменгі ярусын құрайтын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың сабақтары жіңішке, ұзын, арқаулық лпалары жетілмеген, хлорофиллдері аз болады. Бір өсімдіктің бөрікбасының деңгейінде жарык, сүйгіш және көлеңке сүйгіш жапырақтар деп бөледі.
Жарық сүйгіш жапырақтардың көптеген белгілері ксерофиттерге сәйкес келеді. Ойткені ашық күнде, барлық уақытта осімдіктерге жарық көп түседі де оны қыздырады, нәтижесіңде судың булануы күшейеді. Көлеңкелі жердегі жапырақтардың белгілері көп жағдайда гигрофиттердің белгілерімен сөйкес келеді. Жаңбырлы тропикалық ормаңдардың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін жерлерінде, оркендердің негізгі бөлігін үстінгі ярусқа, күннің көзіне алып шығатын, осімдіктердің ерекше тіршілік формалары- лианалар мен эпифиттер қалыптасады.
Лианалар деп ағаштарға өрмелеп тез осетін өсімдіктерді айтады. Олар қатты сүйенішті пайдаланып күннің көзіне қарай жылжиды Азияның, Солтүстік және Оңтүстік Американың, Австралияда лианалар (жасыл ағаштар мен бұталар) шырмаған, орман және көп қабатты аралас ормандар өседі.
Эпифиттер деп жердің бетінен көп жоғары жердегі ағаштардың діңдеріне қоныстанатын шоптесін өсімдіктерді айтады. Олар оз бетімен қоректенеді.
Жаңа білімді бекіту. Сәйкестендіру тест.
1. Ксерофиттер А. ылғалды жерде өсетін өсімдіктер.
2. Мезофиттер Ә. ағаштарға өрмелеп тез өсетін өсімдіктер
3. Гидрофиттер Б. ағаштардың діңдеріне қоныстанатын шөптесін өсімдіктер
4. Гигрофиттер В. теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер
5. Лианалар Г. бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктер
6. Эпифиттер Ғ. құмды, шөлді, тастақ далаларда кең тараған өсімдіктер
Қорытынды. Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Бағалау.
Үй тапсырмасын беру. § 28 оқу,

Жекелеме оқушылармен жұмыс:
№1
Қай пікір дұрыс? «+», «–» таңбаларын қойып белгіле
1. Өсімдік атмосфералық оттекпен тыныс алады.
2. Өсімдік көмірқышқыл газымен тыныс алады, нәтижесінде оттек бөлінеді.
3. Өсімдік тыныс алғанда көмірқышқыл газын бөледі.
4. Лептестік өсімдікте қолайлы жағдай болса ашылады, ал қолайсыз жағдай болса жабылады.
5. Фотосинтез процесі үшін оттек керек.
6. Белгілі бір жағдайда өсімдіксіз өмір сүруге болады.

№2
Фотосинтез бен тыныс алудың салыстармалы кестесін толтыр
Фотосинтез Тыныс алу


№3
1. Тыныс алуға әсер ететін жағдайларды ата?
2. Тыныс алу кай кезде жылдамдап, қай кезде баяулайды?
3. Тыныс алу кезінде энергия қайда жұмсалады?
Категория: Биология | Добавил: ajnurgabdullina (2015-12-24) E
Просмотров: 4271 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 8:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru