Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
№ 65 мектеп -гимназиясы Мусина Ерке Саясатовна биология пәнінің мұғалімі Биология сабағында оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру үшін ақпараттық – коммуникативтік технологияны пайдалану Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Мұғалім қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілерің келсе, ең сынампаз бөлігі болып табылады»,- деген болатын. Демек әр мұғалімнің өзіндік ой-пікірі, қалыптасқан көзқарасы, өзіндік іс-тәжірибесі бар болуы керек. Биология сабағының мақсаты - оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, тіршілікті тануға, табиғаттағы тепе -теңдікті сақтауға, экологиялық сауатты болуға үйрету. Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, мақсат қоюға, жауапкершілікті сезінуге үйретеді. Оқушылардың субъект ретінде дамуы және қалыптасуы үшін оны зерттеу – ізденушілік жұмыстарға үйрету маңызды орын алады. Адам өмірі үшін зерттеу – ізденушілік дағдылар тек ғалымдарға ғана емес, адамға кез – келген сферада жұмыс жасағанда керек. Жеке тұлға бойындағы негізгі дағды ретінде ізденушілік қасиеттің қалыптасуы қазіргі заман адамының стилі болуы қажет. Ақпараттық – коммуникативтік технология көмегімен орындалатын жұмыстар өзінің кез - келген формасында тиімдірек орындалады, адамның дамуына әсерін тигізеді. Ақпараттық технологиянық артықшылығы ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады,өз бетінше оқып – үйренуі жүзеге асады, нәтижесін бірден көруі, жіберген немесе дұрыс меңгермеген тақырыптарды қайтадан оқу мүмкіндігі, оқу үрдісін басқару мүмкіндігі, бұрын алған білімдерін кеңейтеді. Оқушыларды зерттеу-ізденушілікке үйрете отырып, мынадай істер атқаруды өзіме мақсат етіп отырамын. 1. Ғылыми жоба, баяндамалар, рефераттар жазуға үйрету. 2. Интернет арқылы әртүрлі мәліметтер жинау, оларды қорыту. 3. Ізденушілікке арналған бағдарлама жасау. 4. Ақпараттық құралдарды сабақта қолдану. Оқушыларды зерттеу – ізденеушілікке үйрету оларды шығармашылыққа шыңдау,субъект ретінде дамуына жол ашу болып табылады. Оқушыларға жанын беретіндей адал, адамгершілігі жоғары тұлға үшін, өз тәжірибесін дамытып, оқушыларды шығармашылыққа баулу қолдан келетін іс деп ойлаймын. Ең бастысы ниет болса адамның қолынан көп іс келеді. | |
Просмотров: 1309 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|