Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
Пәні: Биология ШҚО Семей, №47 ЖОББМ Чакибаева Жадыра Әсемханқызы Биология пән мұғалімі Тақырыбы: Жабық тұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Жабық тұқымды өсімдіктердің көптүрлілігі Мақсаты: Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшандығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру. Міндеттері: Технологиялық картаның регламентін орындау. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Қолданылатын әдіс – тәсілдер: БжС технологиясы «Ауызша сабақ -1» кестесі арқылы Сілтемелер: Биология 7-сынып Көрнекілігі және құрал жабдығы: Электронды көрсетілімдер, ООМ, Сабақтың барысы: Сабақтың барысы: Сабақтың құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме 1 кезең. Ұйымдастыру Оқушылардың зейінін жинақтау: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2.Тақтаға норманы жазу 3.Тақырыпты айту ООМ А Б В С Д Е 2 кезең. Оқушылардың субъектілік іс-тәжірибесін өзектендіру Үй тапсырмасының орындалысын тексеру: 1. Өсімдіктердің ең ежелгі тобы? (Ашық тұқымдылар) 2.Ашық тұқымды өсімдіктер деп аталу себебі? Тұқымдары қорғанышсыз, бүрде ашық орналасатындықтан 3. Ашық тұқымды өсімдіктер немен көбейеді? Тұқымнан 4. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктер барлығы қандай өсімдіктер? Сүректі өсімдіктер 5. Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі аталады? Сүрек 6. Ашық тұқымдылардың гүлі? Болмайды 7. Ашық тұқымдылардың «қылқан жапырақты» дейтін себебі? Жапырақтары ине тәрізді 8. Жылда күзде сарғайып, қылқандарын түсіреді? Балқарағай 9. Не себепті ашық тұқымдылар жеміс түзбейді? Гүл жоқ 10.Сүректі өсімдіктерге жатады? Ағаштар, бұталар 11.Ашық тұқымды өсімдіктерде қандай өсімдіктер болмайды? Шөптекті 12. Қылқан жапырақты өсімдіктер жер ғаламшарында қанша? 600 ге тарта 13. Бірүйлі өсімдік? Кәдімгі қарағай 14. Ұсақ тамыршаларда түзіледі? Микориза 15.Діңі жуан, сәл аласа болатын қарағай қайда өседі? Далалы жерде 16.Қылқан жапырақты өсімдіктердің тамыры қандай? Кіндік тамырлы 17. Грекше «микос» қандай мағына береді? Тамыр 18.Дің деп аталады? Ағаш сабағы 19.Қарағайдың жас өркеннің ұшынды орналасады? Бүрлер 20.Қылқан жапырақтылар класына қандай өсімдіктер жатады? Қарағай,шырша, арша 21. Тұқымбүршік қашан ұрықтанады? Бір жылдан соң,келесі жазда ғана 22.Ұрық неден дами бастайды? Зиготадан 23.Жарық сүйгіш және тамырын тереңге жаятын өсімдік? Кәдімгі қарағай 24.Халық «Бүржидек» деп атайды? Кәдімгі арша 25.Грекше «микос» қандай мағына білдіредіі? Тамыр 26. «Эрозия» - латынша қандай мағына береді? Жегідей жеу, бүлдіру Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады. Оқушыларға жауабына қарай «+», «-» таңбасы қойылады. 3 кезең. Қабылдауды ұйымдастыру Тірек сөздермен жұмыс Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады. 1.Гүлді өсімдіктер 8.Сеппе көкнәр 2.Тозаң 9.Шалғынды 3.Қосарланып ұрықтану 10.Шикізат 4.250 мың 11.Вавилов 5.Қарғакөз 12.Сыпырғы 6.Қосжарнақты 13.Шашақ 7.Жолжелкен 14.Кочан Берілген уақыттан соң блок жабылады. Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады. Блок ашылады. Оқушылар естерінде қалмаған сөздерді толықтырып жазып, жазбаларын толықтырып алады. 4 кезең. Ойлауды ұйымдастыру Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, берілген ақпаратты өңдейді. Тірек сөздердің мағынасын ашады. Мәтінді оқу жылдамдығы 1 параққа 4 мин. 5 кезең. Алғашқы түсініктерді тексеру Қиылыс сұрақтар Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады. 1. Жабық тұқымды өсімдіктердің қанша түрі бар? 250000 2. Жабық тұқымды өсімдіктерде көбею мүшесі? Гүл 3. Жабық тұқымды өсімдіктерде тозаңданудың қандай түрлері бейім? Желмен тозаңдану, бунақденелермен тозаңдану 4. Тозаң түтігі арқылы аталық жыныс жасушалар қайда өтеді? Тұқым бүршігіне 5. Екінші аталық жыныс жасушасы тұқым бүршігінің ең үлкен несімен қосылады? Орталық жасушасымен 6. Ұрық дегеніміз не? Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы 7.Орталық жасуша екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып нені түзеді? Эндосперм 8. Тұқым бүршігінен не түзіледі? Тұқым 9. Жатынның қабырғаларынан түзіледі? Жемісқап 10.Қай жабық тұқымды өсімдіктің өсімді кезеңі жүз жылға созылады? Емен 11. Адамға тамақ өнімдерін беретін және ауыл шаруашылық жануарларына қажетті жемшөп болып саналады? Өсімдіктер 12.Құрылысы, тіршілік ету жағынан бірдей және ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатындар неге жатқызылады? Бір түрге 13.Ағаш тәрізді формалары не ретінде аса құнды? Құрылыс материалы ретінде 14. Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, жұмыс орындарды көгалдандыруға қажетті өсімдіктер? Сәнді өсімдіктер 15.Жабық тұқымдылардың жапырақтарының пішіні мен мөлшері, тамыр жүйесі қандай болады? Әрқилы 16.Ауыл және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуыны байланысты өсімдік өніміне сұраныс қандай болады? Артады 17.Қосарланып ұрықтану қандай өсімдіктерге тән? Гүлді өсімдіктерге 18.Кімнің басшылығымен дүние жүзінің көптеген аймақтарында экспедициялар ұйымдастырылды? Н.И.Вавилов 19.Н.И.Вавилов жинақтаған еңбегі? Ауыл шаруашылық өсімдіктер іріктемесі 20. Құрылысы жағынан ұқсас түрлер неге біріктіріледі? Туысқа 21. Бидай туысы, қарабидай туысы, арпа туысы неге біріктіріледі? Астық тұқымдасына 22.Гүлді өсімдіктер бөлінеді? Даражарнақтылар, қосжарнақтылар 23.Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын өсімдіктерді жатқызады? Қосжарнақтылар 24.Тұқымында бір тұқым жарнағы болатын өсімдіктерді жатқызады? Даражарнақтылар 25.Қай жабық тұқымды өсімдіктің өсімді кезеңі өте қысқа? Сеппе, көкнәр 26.Эндосперм қалай түзіледі? Орталық жасуша екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып Сыни тұрғыдан сұрақтар 1.Гүлді өсімдіктер тұқымы жемістің ішінде жетіледі? + 2. Аталықтар мен аналықтар гүлде жетіледі?+ 3.Аналықтың жатынында тұқым бүршіктері орналаспайды. Орналасады 4. Қандай тозаңданғанына қарамастан,тозаң түйірлері аталықтың аузына келіп түседі? Аналықтың 5.Қосарланып ұрықтану ашық тұқымды өсімдіктерге тән. Жабық 6, Эндоспермде ұрыққа қажетті оттегі жиналады? Қорктік зат 7.Қазіргі кезде жабық тұқымдыларға жатпайды: ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер. Жатады 8. Жабық тұқымдылар тек шөлейттерде кездеседі? Жер бетіндегі барлық құрлықтарда 9.Жабық тұқымдылардың жапырақтарының пішіні мен мөлшері, тамыр жүйесі бірдей болады. Әртүрлі 10. Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріңдегі маңызы орасан зор. + 11.Өсімдіктер шикізат ретінде өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады. + 12.Тек сәнді өсімдіктер халық шаруашылығына қажетті өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, жұмыс орындарды көгалдандыруға пайдаланады 13.Ауыл шаруашылық жануарларына қажетті жемшөп өоры мәдени өсімдіктер болып табылады. Өсімдіктер 14.Жабық тұқымды өсімдіктердің 750 мың түрі белгілі. Жоқ 250000 15.Жабық тұқымды өсімдіктер тамыр арқылы көбейеді? Жоқ гүлі арқылы 16. Қосжарнақтылардың тамыр жүйесі шашақ тамырлы болып келеді? Кіндік 17. Қосжарнақтылардың күлтесі және тостағанша жапырақшаларының саны 3 немесе 4. 5 немесе 4 тен 18. Гүлді өсімдіктерді 3 класқа бөлеміз? 2 19. Даражарнақтылар тұқымында 2 тұқым жарнағы болады? 1 20.Қосжарнақтылар тұқымында 2 тұқым жарнағы болады? Ия 2 жарнағы болады 21. Гүлді өсімдік түрінің 25% қосжарнақтылар болып табылады? 75% 22.Соңғы 40-50 жылдың ішінде экспедициялардың құрамына Қазақстан ғалымдары енді? 15-20 23. Тұқымдардың әрқайсысын қандай да бір отрядқа жатқызады? Класқа 24. Сәнді өсімдіктерді құрылыс материалы ретінде пайдаланады? Ағаш тәрізді формалары 25.Жабық тұқымдылар бөлімі осы кездегі өсімдіктер дүниесінің ішіндегі ең аз тараған түрі? Көп Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады. Оқушыларға жауабына қарай «+», «-» таңбасы қойылады. Оқушылардың жауабына қарай тағы да «+», «-» таңбасы қойылады. 6 кезең. Бекітуді алғашқы ұйымдастыру ТСҚ Сабақта меңгерілген материал бойынша ТСҚ жазылады. Ең көп сөз қорын жазған оқушы дауыстап, жылдам оқиды. 5 минут уақыт өткен соң, оқушылар бір-бірінің қанша сөз жазғандарын санап, есебін шығарады. 7 кезең. Талдау және қорытындылау Мұғалім сабақты қорытындылайды. Өзінің тақырыпқа көзқарасын білдіреді. Тез және сапалы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтайды. ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 5 балдық шкаламен бағаланады. 8 кезең. Үйге тапсырма §23 Жабық тұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Жабық тұқымды өсімдіктердің көптүрлілігі тақырыбымен танысып келу. Барлық оқушыға көтермелеу, мадақтау сөздері айтылып, әркім өзінің еңбегіне лайық бағасын алады. | |
Просмотров: 5718 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|