Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
Ы.Ноғайбаев атындағы № 18 орта мектеп Биология пәні мұғалімі Байтурганова Динара Канапияевна 6 сынып Сабақтың тақырыбы: Балдырлардың көптүрлігі. Балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Көпжасушалы жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар және олардың табиғаттағы, щаруашылықтағы маңызымен таныстыру.Балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру. Дамытушылық:Алдыңғы сабақтан алған білімдерін байланыстыра отырып,жаңа ұғымды өз беттерінше меңгеріп, ұжымдасып жұмыс жасауға икемділіктерін арттыру. Тәрбиелік:Көпжасушалы балдырлардың адам өміріндегі маңызымен таныстыра отырып, олардың пайдалы, зиянды жақтарын таба отырып, тиімді пайдалануға үйрету Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: жылулық шеңбері,топтық жұмыс түрлері, рөлдік ойындар,ізденіс, логикалық Сабақтың көрнекілігі: Балдырлар сөреттері, интерактивті тақта,түрлі түсті қима қағаздар,видео көрсетілім. Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау Пәнаралық байланыс: Географя, математика Сабақтың барысы: Ұйымдастыру; «Жылулық шеңбері» 1.Ұйымдастыру. Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып, өздерін теңіз патшалықтарының арасында жүргендей сезіну үшін , көздерін жұмып «Теңіз үні» әуенін тыңдай отырып, бір- біріне алақан жылуын сыйлайды.Теңіз тірі ағзаларын таңдай отырып үш топқа бөлінеді. 1.Балықтар тобы 2.Шаяндар тобы 3.Балдырлар тобы Үй тапсырмасы; «Ой қозғау» бөлімі 1.Өрмекшінің торы әдісі арқылы балдырларға жалпы шолу жасап ойларын ортаға салады. Белсенділік танытқан оқушларға смайликтер беру. I. «Білім» жүйесі. Видео көрсетілім. Мюнстенберг әдісі бойынша сөздер құрастырып,сабақтың тақырыбы мен мазмұнын ашады. даимкнещпоагламинариямаоплжхъунцйодмячфуцекғезсаргассумюжэхщқұпрпорфирамчыцукңіжасунықджэшщұқагарагармитытеңіздлжшгү Жауабы: ламинария, йод, саргассум, порфира, жасунық, агар-агар, теңіз. «Жұптасып- ойлан- бөліс» 1.Балықтар тобы: Қоңыр балдырларға толық сипаттама.Оқулық пен әлеуметтік желіні қолдана отырып «Ауызша журнал» құрастыру.Мазмұны, көрнекілігі, тақырыптың ашылуы жоспарға сай болу керек 2.Шаяндар тобы: Қызыл балдырларға сипаттама. Постер қорғау 3.Балдырлар тобы: Рөлдік ойындар. Балдырлардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңыздылығын ашу. Эколог- Эндокренолог- Журналист- Аспаз- Тұтынушы- II.«Талдау» жүйесі (Берілген суреттерге қарап, сөйемдерді толықтыр.) 1.Жасыл балдырларға қарағанда қоңыр балдырлар денесі----------------тұрады. 2.Ең көп тараған қоңыр балдыр--------------- 3.Қызыл балдырлардан тамаққа қоспа ретінде ------------- арнайы өсіреді. 4.Қызыл және қоңыр балдырдың хроматофорында--------------- пигменттер болады. 5. Атлант мұхитында көлдің атауымен аттас балдыр-------------- III.«Қолдану»жүйесі. Жеке жұмыс (жекелеген тапсырмалар беріледі) Биологиялық логикалық есептер, тест, кестелер. 1.3 л суда 60 г хломидоманада болады. 7 л суда қанша грамма хломидоманада бар? Жауабы: 140 г 2.Айдостың анасы бір теңіз орамжапырағынан 30 минутта 6 суши дайындады. Бір сағатта қанша орамжапырақтан неше суши дайындайды? Жауабы: 1 сағ 2 теңіз орамжапырағынан 12 суши. 3.Жандостың үйінің бақшасында кәрі бір ағаш бар.Әр жылы 25 сантиметрге өседі.Жандос 8 жас кезінде 140 сантиметр биіктіктегі ағаштың діңіне жандос деп есімін жазды.жандас 12 жасқа толғанда бұл жазу қанша сантиметрге өскен болады? Жауабы: Еш өспейді.Кәрі ағаштың діңгегі емес бұталары өседі. IV. «Жинақтау»жүйесі «Ыстық картошка» стратегиясы қолданылады 1.Теңіз балдырының ерекшелігі қандай. 2. Теңіз балдырлары жасушасы неше ядролы. 3. Қоңыр, теңіз балдырлары Қазақстанның қай суында кездеседі 4.Қоңыр балдвр түрлері: 5.Ламинария су түбіне қандай бөліктері арқылы бекініп өседі 6.Жидекке ұқсас домалақ өсінділері бар балдыр 7.Балдырдан не алынады. 8.Балдырлар денесі неден тұрады. 9.Неліктен төменгі сатылы деп аталған. ”Біздің тақырып” стратегиясы. 2 шыны ыдыс аламыз 1.Біздің тақырып. 2.Сөздер ‘’ Біздің тақырып” банкысына тақырыпқа қатысты сөздер салынады “Сөздер” банкысына - бұл тақырыпқа қатысы жоқ сөздер салынады 1. Балдыр 1.Жапырақ 2. Ламинария 2.Гүл 3. Хломидоманадо 3.Тамыр 4. Таллом 4.Тостағанша 5. Йод,спирт 5.Күлте жапырақша V.Бағалау Оқушы біліміне бағалау парағын пайдалана отырып,баға қою. Рефлекциялық үлестірме. Сабақтың соңында үлестірмедегі қажетті графаға «+» белгісін қойыңыз. Оқушының аты-жөні Тақырыпты толық меңгердім Тағыда пысықтауды қажет етемін Көп нәрсені түсінбедім VI.Үйге тапсырма Тақырыпты оқып, тест құрастыру. Біліміңді сына тапсырмасы Источник: http://статью | |
Просмотров: 1330 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|