Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№4 орта мектебі»мм Биология кабинетінің зертханашысы Байзакова Рима Мұқтарқызы Сабақтың тақырыбы: Қанның құрамы мен қасиеттері Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қанның құрамы мен қасиеттері туралы мағлұмат беру Дамытушылық: Оқушыларға қанның құрамы мен қасиеттері туралы мағлұмат бере отырып,алған білімдерін тиянақтап, одан әрі зертханаларда өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларға қан ауруларының алдын – алуға, тазалық сақтауға үйрету. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың көрнекілігі: суреттер,карточкалар Сабақтың барысы: а)Ұйымдастыру ә)Үй тапсырмасын тексеру : Сұрақ: неліктен көп қан жоғалтқан адам қайтыс болады? ә) адам өміріңдегі қанның қандай маңызы бар? Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздері мақсат қояды. Жұппен жұмыс. Әр топқа мәтін беріледі. Қан – қан плазмасынан және формалы элементтерден тұрады. Формалы элементтерге – эритроцит, лейкоцит, тромбоцит (қан пластинкасы ) жатады. Қан плазмасы – қанның барлық 55 – 60 % құрайтын түссіз сұйықтық, 90 - 92 % судан, 7 – 8 % нәруыздан, 2 % глюкоза, май, минералды тұздардан тұрады. Қан плазмасының нәруыздары глобулин (организмдерді бактериялардан қорғайды. Альбумин (плазмадағы су мөлшерін реттейді). Фиброноген (қанның ұюына қатысады.) Плазма – су - 90 - 92% - глюкоза – 0, 12% - май – 0, 7 - 0, 8% - тұз – 0, 9% - сүт қышқылы - ферменттер, гармондар - нәруыз – 7 - 8% - альбуминдер (4, 5% ) - глобулиндер (1, 7 - 3, 5 - фибриногендер (0, 4 Фибриногендер – қанның ұюына қатысады. - құрамынды фибриноген нәруызы болмайтын қан плазмасын – қанның сарысуы (сыворотка) дейді. Глюкоза – жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0, 04% - дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшықеттер жиырылып, тырысып (судороги) қалады. Қан жасушалары – эритроциттер (қанның қызыл түйіршікттері) - лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) - тромбоциттер (қан пластинкалары) Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4, 5 – 5 л. Қанның құрамы – плазмадан (55 және қан жасушаларынан (45 тұрады Қан плазмасы – қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Ыдыста тұндырылған қанның екінші және үшінші қоңыр – қызыл қабаты қан жасушалары. Оқушыларға мәтін беріледі. Мәтінді жұппен талқыланады. Сынып екі топқа бөлініп, бір – біріне өз мәтіндері бойынша түсіндіреді. Түсіндіріп болған соң, тапсырмаларды орындайды. №1 тапсырма. Дұрыс жауапты таңда □ плазма – қанның мөлдір, түссіз сұйықтығы; □ плазма құрамында 58 – 70 % су бар; □ плазма құрамында 90 – 92 cу бар; □ плазма құрамында 0, 2 – 1, 8 % cу бар; □ фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады. □ плазма құрамында 7 – 8% нәруыз бар; □ плазма барлық қанның 55% - ын құрайды; □ плазма барлық қанның 65% ын құрайды; №2 тапсырма. Эритроциттерге тән қасиеттерді таңда. 1) Қызыл қан жасушалары; 2) 1 мм2 қанда олардың 6 – 8 мыңы бар; 3) 1 мм2 қанда олар 4, 5 – 5 млн болады; 4) Сүйек кемігінде түзіледі; 6) Қызметі – қанды ұйыту; 7) Тіршілік ұзақтығы – 120 тәулік; 8) Ядролық жасушалар; №3 тапсырма. Мәтіндегі бес қатені тап, олардың астын сызып, дұрыс жауаптарын сәйкес рамкаларға жаз. Эритроциттер – қызыл қан жасушалары. Олар өте кішкентай. 1мм2 қанда олардың 10 млн болады. Бұл – өз беттерінше қозғала алмайтын, шар пішіндес жасушалар. Жасушалардың ішінде нәруыз бен мыстың қосындысы - гемоглобин бар. Эритроциттер көкбауырда түзіліп, сүйек кемігінде бұзылады. Олардың негізгі қызметі - нәрлі заттарды тасымалдау. Проблемалық сұрақ Тұрмыстық газ бен пештегі отын толық жанбаған кезде түзілген иіс газы гемоглобинмен берік химиялық қосылыс түзеді. Осы газбен ұзақ уақыт тыныс алғанда, адам неліктен өліп кетеді? Тест жұмысы 1. Қан жасушаларын ең алғаш көрген және «қан шарлары» деген атауды берген ғалым? (А. Левенгук) 2. Плазма деген не? (қанның сұйық бөлігі) 3. Гемоглабин деген не? (қанның қызыл пигменті) 4. Қан айналым мен қан жүйесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (Гемотология) 5. Организмнің ішкі ортасына не жатады? (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа ) 6. Қанның 1 мм³қанша эритроцит болады? ( 4, 5 – 5 млн) Қорытынды: Үйге тапсырмасы беру §28. Бағалау. | |
Просмотров: 1356 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|