Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС "Қанатты достар"
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
«Қызыл ту негізгі мектебі»мм
Арзығұлова Гүлмереке Меңдіғалиқызы
Биология пәнінің мұғалімі
І.Сабақтың тақырыбы: Қанатты достар
ІІ .Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға құстар туралы мағлұмат беру.
б)Оқушыларды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу
в) Құстар туралы мол мағлұмат бере отырып, дүниетанымын кеңейту.
ІІІ.Көрнекілігі.Құстар туралы суреттер,компьютер,қанаттысөздер.
ІҮ. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Көктем келді, құлпырады кең дала
Көрік кірді көңілді тау, сай сала.
Туған жерге сағыныш пен оралды
Әнін салып, қос қанатты достарда.

Орман, тоғай, көлге думан әр кірді
Ақтарғандай бір-біріне сан сырды
Аяулысы, табиғаттың көркі де,
Думанына бөлей берші халқыңды.

Таусылмасын сендер салған ерке ән.
Шарықтасын, әнмен атсын әрбір таң.
Көркі болып, сақшысы бол елімнің.
Хабаршысы тыныштықты сақтаған.

Ей, адамдар, аялаңдар құстарды!
Олар нәзік, мейірімге құштар тым.
Байлығын да, әрбір күнгі несібең,
Амандығың қанатында солардың.
Құстар біздің досымыз,
Шырқап әнге қосамыз.
Құстар біздің досымыз,
.

Құстар тойын құттықтап.
Қуантамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап, ұқыптап.
Біз оларды қорғаймыз.
Құрметті оқушылар!
Ертемен жасыл шалғында құстардың ән салғаны уайымсыз, тыныш өмірдің белгісі емес пе? Айнала тып-тыныш. Тек ғана құстардың әні естіледі. Бұл адам баласының бейбіт өмірінің кепілі. Жұпар иісті гүлдер иісіне тұншығып, сайраған құстардың үнін естуден артық бақыт бар ма? Әсем табиғат – біздің тән жарамызды да, жан жарамызды да емдейтін, теңдесі жоқ емші.
Сайысымызға 5 сыныптан 4 топ қатысқалы отыр.
Сол топтарды ортаға шақырайық..
1. Көлдің көркі сән екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған
Бұл қандай құс?
Ортаға “Аққу” тобын шақырамыз.
2 .Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй салады.
Бұл қандай құс?
Ортаға “Қарлығаш” тобын шақырамыз.
3 Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
Бейбітшілік құсы, - деп
Қайсы құсты мақтаймыз.
Ортаға “Ақ көгершін” тобын шақырамыз.
4. Елге жақын жүретұғын бар тоғай,
Ноқай болып көкте және бос тұрмай,
Шыр-шыр еткен әнші де құс ол сондай?
Ортаға “Бозторғай” тобын шақырамыз
Ал, балалар, мына құстың ұясына ақ көгершін ұшып келді. Көгершінің аяғында хат бар екен.
- Хатында не жазылған екен?
- Хат оқылады: “Сәлеметсіздер ме, балалар? Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймын! Балалар, құстардың ұясын бұзбаңдар. Жұмыртқасын жармаңдар Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған 4 топ өздерін таныстырса екен. Сәлеммен “Табиғат ана”.
1. Таныстыру (4 топ өздерін таныстырады.)
2. Өз өнерін көрсету.
“Гүл – Көктем” қонаққа келіпті. Оның бізден сұрайтын бұйымтайы бар екен. Егер тапсырманы орындасаң “Гүл көктем” үнемі құстарға бас-көз болуға сіздерге уәде береді.
Гүл – көктем: - балалар, мына құс ұяларының ішіндегі тапсырманы орындасаңдар, сіздердің құс баласының жұмыртқадан шығып, өсуіне қосқан үлестеріңіз.
3.Сұрақ
“Аққу”тобына:
1 Құстардың табиғаттағы маңызы қандай?
2.Түнде ұшатын құс

“Қарлығаш”тобына:
1.Құстардың адам өміріндегі маңызы қандай?
2.Қай құстар ұша алмайды?

“Бозторғай”тобына:
1. Құстар туралы қандай мақал-мәтел білеміз?
2.Жыртқыш құстарға қандай құстар жатады.

“Ақкөгершін” тобына:
1. Халық жеті қазынаның бірі деп ерекше қастерлейтін құсты атаңыз.
2.Аққудың балапаны қалай аталады?

4 Көрініс көрсету
5. Мәнерлеп оқу
6. Жұмбақтар.
Қорытынды:
-Иә, балалар, бұрын біздер құстарды қуана қарсы алатын едік!
-Ал, қазір ше?
Шыны керек, қорқа қарсы аламыз. Бұл қазіргі кездегі белең алып отырған, үш ұйықтаса адам баласының түсіне кірмейтін “құс тұмауы” деген аурудың шығуы. Бұл құстарға төнген қатер. Міне, балалар, біз әлем болып қанатты достарымызды бұл пәленің құрбаны етпеуіміз керек.
Адамзат қара жерден несібе алады,
Табиғаттан ұрпақ үшін өшін алады!
Жердегі аң, көктегі құсты қырып салсақ,
Табиғат анамыздан не қалады?

Адамбыз ғой, адамбыз анасы бар,
Балапандай қойнында баласы бар.
Қанаты бар, досымызды қорғайықшы,
Олардың да ұрпағы, баласы бар!

Құрметті оқушылар!
Сіздер, еліміздің болашағысыздар!Елдігімізді паш ететін бәйтерегі сіздерсіздер! Ендеше, сол бәйтеректің астына бірігіп, өзіміздің ер ұлан екендігімізді тағы да есімізге алайық! Еліміз бейбіт, тыныш өмір кешсін, көгімізде бейбіт құсы – ақ көгершін қалықтасын.
Категория: Биология | Добавил: Айару9167 (2017-03-27) | Автор: Гүлмереке E
Просмотров: 906 | Теги: Арзығұлова, Меңдіғалиқызы | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 5:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru