Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

«Ас қорыту мүшелерінің құрылысы»
Ж.Елубаев,
Милы орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі.
Ақтөбе облысы, Әйтеке би
ауданы, Милы ауылы

8 – сынып оқушыларына ас қорыту мүшелерінің құрылысы туралы түсінік қалыптастыра отырып, іш құрылысы ауруларының алдын алу және тамақтану туралы гигиеналық тәрбие беру мақсатында «Ас қорыту мүшелерінің құрылысы» тақырыбында сабақ өтілді.
Көрнекілігі: Ас қорыту мүшелері құрылысының, ауыз қуысының, бауыр, асқазан және ұйқыбезінің орналасуы, бауырдың қанмен қамтамасыз етілу ерекшелігі сызбанұсқалары, мультимедиа құралы
Әдебиеттер: «Биология және салауаттану негізі» журналы, «Биология» оқулығы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Адам организмі үшін тамақтың рөлі қандай?
2. Қоректік заттар дегеніміз не?
3. Неліктен органикалық заттар организмге бірден сіңірілмейді?
4. Асқорыту дегеніміз не?
5. Асқорыту сөлі мен ферменттердің рөлі қандай?
6. Нәруыздар, майлар, көмірсулар мен винтаминдердің рөлі қандай?
7. Су мен минералды тұздардың ерекшеліктері мен қызметі қандай?

Жаңа сабақ
Асқорытудың маңызы:
Адам тіршілігі мезгіл-мезгіл ас ішіп, оны қорытып, денесіне сіңіруіне байланысты. Халқымыз: «Ас – адамның арқауы», «Шайнап берген ас болмайды», «Таңғы асты өзің іш, түскіні досыңнан бөліп іш, кешкі асты жауыңа бер», «Досыңның асын қасыңдай іш»-дейді. Адамның денсаулығы, дене қимылы, ой еңбегі және толып жатқан іс-әрекеттер астың құрамына тікелей байланысты. Астың құрамы өте күрделі. Оған суда ерімейтін ақ уыз және майлар мен крахмалды заттар кіреді. Асқорыту өте күрделі.
Ас қорыту мүшелерінің сызбанұсқалары экраннан сабақты түсіндіру барысына көрсетіліп отырылады.
Асқорыту жүйесі: асқорыту жолы, ас қорыту бездері
Асқорыту жолы (шамамен, 8 - 10 м): ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ұлтабар, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек.
Ауыз қуысының құрылысы: алдыңғы жағында ерін мен ұрт, жоғарғы жағы – қатты және жұмсақ таңдай, төменгі жағы – тіл мен ауыз түбінен, артқы жағы – жұтқыншаққа өтеді
Тіл түбірі – ащы, тіл ұшы тәтті, бүйір жағындағы рецепторлар қышқыл және тұзды, дәмге сезімтал (ауызекі сөйлеу қызметін атқарады).
Жұтқыншақ – ұзындығы 11 – 13 см бұлшық етті мүше.
Өңеш – ұзындығы, шамамен, 25 см бұлшық етті түтік.
Асқазан – ас қорыту жолының көлемді ұлғаюы.
Аш ішек – ас қорыту жолының ұзын бөлігі, ұзындығы 5-7 м, үш бөлікке: ұлтабар, аш ішек, мықын ішекке бөлінеді.
Тоқ ішек: соқырішек, жиек ішек және тік ішекке бөлінеді, ұзындығы – 1,5 -2 м
Тоқ ішекке қорытылмаған ас қалдығы немесе ауру тудыратын микробтар түскенде қабыну процесі – аппендицит (соқырішек) пайда болады. Аппендицитті оташылар лазерлі және ота жасау әдістері арқылы емдейді.
Ұйқыбез – асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқаның деңгейінде орналасқан. Ұйқыбез сөлі ас қорытуда маңызды рөл атқарады.
Бауыр – ең ірі без. Массасы, шаммен, 1500 г. Ол қызыл, қоңыр түсті, күрделі түтікшелі без.
Дамыту
Қазақ ырымдарының қастерлі қасиеті:
1. Қазақ асқан еттің көбігін екі рет алады. Алдыңғысы қанды көбік, артқысы ашты көбік деп аталады. Көбігін алмай жеген ет мәкүрік болады, ауру жабысады деп жорыған.
2. Асқа тойға, мереке-мейрамға бағышталып сойылған малдың еті сол үйдің адамдары ауыз тимей тұрып, басқаларға берілмейді. Қанын итке иіскетпей көміп тастайды. Бұл жақсы тілеу басқаға аумасын, оң тілек ит-құсқа жем болмасын дегені, сондықтан мұндай кезде ылғи да нысаналы мал сатылады.
3. Дастарқан басында ас алдында тамақтанып отырғанда сырттан сәлем беріп кірген кісінің қолын алмайды. Бас изеп, асқа кел деп шақырады. Жуылмаған қолды сілікпейді. Бұлай істегенде ас сілкіленеді, дәм-тұз атады деп ұйғарылады.
Бекіту. Биологиялық сынақхат алынады.
Халқымыз «... – адамның арқауы» дейді.
...-адамның құрылыс материалы, энергия қоры.
... құрамы өте күрделі, оған суда ерімейтін ақуыз және майлар мен крахмалды заттар кіреді. Адамның денсаулығы, дене қимылы, ой еңбегі ... құрамына тікелей байланысты ...-өте күрделі, ол ... жолынан және бездерден құралады.
Қорытынды:
Ел президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында былай делінген:
«Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасқанымызға, дұрыс тамақтануға, есірткілерді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген.
Денсаулыққа зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өиір сүруге ұмтылайық.

Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы: §45. «Ас - адамның арқауы» шағын шығарма жазу.

Категория: Биология | Добавил: Рай (2011-04-01) | Автор: Елубаев Жанабай Есболсынұлы
Просмотров: 5301 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 0:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru