Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін
айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
Тәрбиелік: Тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың интеллектуальдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: «Бунақденелілердің ішкі құрылысы» суреті, тапсырма жазылған үлестірмелі
қағаздар, видеофрагмент, плакат, суреттер, маскалар,
Әдіс-тәсілдері: қойылым, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, проблемалық әдіс, продуктивті-
редуктивті, тірек сызба,
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Өткен сабақта не туралы білдік?
- Бунақденелілердің қаншалықты пайдалы-зиянды екендігімен таныстық.
- Балалар, «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы бәрімізге таныс қой?
- Міне,сол шегіртке құмырсқаның үстінен сотқа арыз беріпті. Ендеше, сөз кезегін сотқа берейік.
- Тұрыңыздар, сот келеді.
Сот: - Бүгін құмырсқаны, балараны айыптау туралы бір істі қарастырамыз. Сотқа келіп түскен шағым бойынша олардың айыбы өздерінің жаз бойы бірге жүрген достары шегіртке, аю, тасбақа, ағаштарды жәбірлеп, нәтижесінде олар қайғылы дәрежеге жеткен. Сондықтан куәгер сөзін шындап, оларға әділ жаза қолданамыз. Айыпталушы Ара мен Құмырсқаны әкеліңіздер.
Сот: - Аты-жөндеріңіз?
Айыпталушылар: - Құмырсқа, Балара.
Хатшы: - Құмырсқа,Балара болғандықтан қай отрядқа жатасыздар?
Айыпталушылар: - Жарғаққанаттылар отряды.
Сот: - Сөз айыптаушыларға беріледі.
1-айыптаушы Шегіртке: - Мен, өздерің куәсіңдер, бүкіл жаз бойы шырылдап, елдің сәнін келтіремін деп жүргенде күз де келіп қалыпты. Қысқа еш даярлығым жоқ болғандықтан, Құмырсқа жолдастан азық сұрап едім, бермеді.Осынысы дұрыс па? Әділдігін беріңіз, жолдас сот.
2-айыптаушы Аю: - Бәріңіз білесіздер, мен балды өте жақсы көремін. Ауру аяқ астынан деген. Балым таусылғасын аяқ астынан өкпем ауырып, бал жинап жүрген Баларасына барып едім, көп қылып жинап жүрген балынан ең болмаса бір қасық та бермеді. Достық көмек деген бола ма? Жолдас сот, әділдігін беріңіз.
3-айыптаушы Ағаш: - Құмырсқалар менің жапырағымды құртып, одан өздерінің сүйікті тағамын жасап, менің жас өміріме кедергі келтірді. Соның нәтижесінде жапырақсыз қалып отырмын.
Сот: - Сөз енді қорғаушыларға беріледі.
1-қорғаушы: – Маған анам жерге төгілген ас қалдығын тазала деп тапсырма берген. Бұл істі Құмырсқа тап-тұйнақтай қылып орындады.
2-қорғаушы: - Анам ауырғанда Балараның балымен, Құмырсқаның уымен, балараның сүтімен емделіп еді, құлан-таза айығып кетті.
3-қорғаушы: - Менің атам бал беретін ара өсіреді. Оның еш зияны жоқ.
4-қорғаушы: - Балара бал, сүт беріп қана қоймайды. Ол қазба байлық қорын тауып алу үшін де пайда келтіреді.
Залдан: - Құрметті сот, қадірменді жолдастар. Жарғаққанаттылар отряды үнемі зиян келтіреді. Бұл отрядты құрту керек, құрту!
Сот: - Сөз бас қорғаушыға беріледі.
Бас қорғаушы: - Қадірменді жолдастар! Өте жақсымын, ақылдымын деп елдің сәнін келтіріп жүрген шегіртке босқа шырылдамай жаз бойы өзінің қыстай жейтін азығын даярлап қоюы қажет. Олар құмырсқа, аралар құсап, бір үйлі ұя бағып отырған жоқ. Бір қара бастары. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды неге естен шығарған?
Екіншіден, аю балдың емдік қасиетін біле тұра, қомағайланып бір күнде жеп қоймай, неге артына сақтамаған? Егер Балара жинаған балын аюға берсе, адамдар емге не пайдаланады? Осыны ойлады ма екен аю жолдас? Бұған болашағын ойламаған аюдың өзі кінәлі.
Шын мәнінде Балара, Құмырсқаға алғыс айтуымыз керек. Егер олар болмаса, жер бетінде паразиттер, құрттар қаптап кеткен болар еді. Айыптаушылар осыны ойлады ма екен?
- Сот кеңесі келе жатыр.
Сот: - Екі жақты да жеке тыңдап, сот мынадай шешімге келді: Адам жарғаққанаттылардың маңызын, олардың адамға тигізетін пайдасын, құпияларын зерттеп, игілігіне жаратқан. Сондықтан Құмырсқа мен Балараны айыпты деп есептемейміз.
- Сонымен, балалар, біз бунақденелілердің ішінде қайсысы пайдалы екенін анықтадық. Бұдан басқа пайдалы жәндіктерді атаңдар (оқушылардың жауабын тыңдау, толықтыру).
- Ал қандай зиянды жәндіктерді атай аласыңдар?
- Олармен күресу жолдарын атаңдар.
ІІ. Мағынаны тану.
- Біз қарастырып отырған жәндіктердің тобын жіктеп, анықтаңдар.
Жануарлар дүниесі Көпжасушалы жәндіктер дүние тармағы Буынаяқтылар типі Бунақденелілер класы
Сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру.
Буданақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері:
1) Анықтама: Бунақденелілерге оқушылар өз тұжырымдары бойынша анықтама береді.
Бунақденелілер - буынаяқтылардың түрді ең көп қамтыған үлкен класы. Көпшілігі құрлықта мекендейтін, демтүтік арқылы ауамен тыныс алатын, дара жынысты, буынаяқты жәндіктер.
2) Сөзжасам: хитин, гемолимфа, нимфа, наяда, имаго, энтомология.
Оқушылар таныс терминдерді атай отырып, анықтама береді.
Хитин - әктенген тұздар сіңген органикалық заттар.
Гемолимфа – бунақденелілердің түссіз қаны.
Нимфа – түлеген кезде қанат бастамасы пайда болып, жыныс мүшесі толық жетілмеген дернәсіл. Наяда - суда дамитын дернәсіл. Имаго – дернәсілдің ересекке айналу сатысы.
Энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым.
Дәптермен жұмыс. Оқушылар жаңа сөздердің анықтамасын дәптерге жазады.
3) Тіршілік ортасы: Суда, құрлықта, ауада.
Көрнекілікпен жұмыс. Видеофрагмент арқылы оқушылар бунақденелілердің тіршілік ортасына байланысты негізгі ерекшеліктеріне талдау жасайды.
4) Сыртқы құрылысы: Мұның басқа буынаяқтылардан ерекшелігі – денесі айқын
ажыратылатын үш бөліктен: бас, көкірек және құрсақтан құралады, бір немесе екі жұп
қанаттары бар.Сондықтан ұша алады.Қанатсыз бунақдане де кездеседі. ересектерінің бір
немесе екі жұп қанаттары болады, қоректену сипатына қарай ауыз мүшесінің құрылысы әр
түрлі болып келеді, шала және толық түрленіп дамиды, 6 аяғы болады.
Буданақденелілердің құрсақ бөлігі мөлшері біркелкі бірнеше бунақтардан құралады.
Сондықтан бұл класқа жататын жәндіктер – буданақденелілер деп аталады.
Буданақдененің сыртқы жабыны – хитинді қабат. Ол жәндіктің ішкі мүшелерін қорғап, сыртқы
қаңқа қызметін атқарады.
5) Қоректенуі: - Бунақденелілер немен қоректенеді?
- Жапырақтармен, өзге бунақденелілермен, гүл шірнесімен, т.б.
- Қоректену мүшесін ата. (ауыз)
- Ендеше, бұл қандай мүшелер жүйесіне жатады?
- Асқорыту жүйесі ауыздан басталады. Ауыз мүшесінің құрылысы сан алуан.
Оқулықпен жұмыс. Деректермен танысу.
- Сүзуші (шыбын), шаншып сорушы (маса), кеміруші (тарақан), кеміріп жалаушы (бал арасы), түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек) ауыздар болады.Шағып алатын жәндіктердің жіңішке, ұзын, өткір қанжарлары бар. Ол қауіпсіз футлярға салынған.
Көрнекілікпен жұмыс. Оқушылар сурет арқылы дернәсілдің ауыз құрылысымен танысып, оның түрін анықтайды: шаншып-сорушы.
6) Ішкі құрылысы. – Бунақденелілердің ішкі құрылысы ретінде нені атай аласыңдар?
- Тыныс алуы
- Зәр шығаруы
- Жүйке жүйесі
- Қанайналым жүйесі
- Көбею мүшелері
Көрнекілікпен жұмыс. 4 оқушыға біреуден бунақденеің ішкі құрылысы бейнеленген суреттер ұсынылады. Тапсырма: ішкі мүшелер жүйесін анықтау.
7) Тыныс алуы: - Бунақденелілердің тыныс алу мүшесін ата.
Оқулықпен жұмыс. Деректермен танысу.
- Олардың тыныс алу ерекшелігі – денесінің шағын болуына байланысты. Ауа ағзаға
ұсақ түтікшелер трахея арқылы енеді. Кейбір жәндіктер құрсақ бөлігін кеңейтіп, тарылту
арқылы трахеядағы ауаның алмасуына әсер етеді. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін
атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығып, құрсағында көбею мүшелері орналасады.
Бунақденелілер демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады. Олардың демтүтікті жүйесі жақсы
жетілген. Демтүтіктер дененің екі қапталындағы 10 жұп тыныс алатын тесіктер – демтесіктер
арқылы сыртқа ашылады.
8) Зәр шығару жүйесі: Буданақденелілердің зәр шығару мүшесі – мальпигий тамыршалары,
майлы дене – қосымша зәр шығару мүшесі болып табылады. Зәршығару мүшесі – ішекке
ашылатын өте жіңішке түтікшелер – мальпиги түтікшелері.
9) Жүйке жүйесі: - Жүйке жүйесін нелер құрайды?
- Бұлардың жүйке жүйесі жалпы алғанда төменгі сатылы буынаяқтыларға, тіпті сақиналы
құрттарға ұқсас, алайда мінез-қылығы өте күрделі (балара, құмырсқа). Жүйке жүйесі жоғары
деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні – ми. Мидың үш бөлігі бар.
Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ
жүйке тізбегі екі жұп түйін – ганглий түзеді. Көрнекілікпен жұмыс.
- Мәселен, кейбір құмырсқа түрлерінің бізге көрінбейтін жұлдыздардан шығатын ультракүлгін
сәулелерді қабылдайтын қасиеті барлығын француз астрономдары – ағайынды Андрилер білген.
Бірде олар құмырсқалар салынған жәшікті телескоп әйнегінің алдына қойып, телескопты
белгісіз жұлдыздар бар-ау деген учаскесіне бағыттайды. Бір кезде әлгі құмырсқалар әбігерленіп,
шыдамсыз қимылдар жасаған. Бұл - басқа белгісіз дыбыстарды қабылдауының нәтижесі еді.
10) Қанайналым жүйесі: - Буданақденелілердің қанайналымы ашық тамыр жүйесі арқылы
жүзеге асады. Мөлдір түтік тәрізді жүрегі арқа жағына орналасады, жүрек және одан таралатын
қысқа қолқадан басқа бунақдене денесінде қанайналым тамырлары болмайды.
11) Көбеюі, дамуы: Оқушылар кеспе қағаздарды пайдаланып, тірек сызба құрайды.
- Ұрықтанған жұмыртқадан ересек жәндікке ұқсас жас жәндіктер шығып, тек денесі өссе, және
жыныстық жағынан ғана толысып дамыса, тура даму деп аталады.
Өзіндік жұмыс. Дамудың сызбанұсқасын анықтау.
Шала түрленіп дамудың сызбанұсқасы : жұмыртқа дернәсіл имаго.
Толық түрленіп дамудың сызбанұсқасы: жұмыртқа дернәсіл қуыршақ
имаго . Бунақдененің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.
Жәндіктердің дамуы

тура даму (қанатсыз жәндіктер)
шала түрленіп даму толық түрленіп даму
(инелік, дәуіт, (қоңыз, көбелек, бүрге,
шегіртке, бұзаубас, шыбын, маса, шаншар,
бит, қандала) құмырсқа, түкті ара,
бал аралары т.б.).
12) Жіктелуі: Отрядтарын, өкілдерін атау. Тапсырма: Сәйкестендіру.
1. Турақанаттылар отряды. А) дәуіт
2. Тарақандар отряды. Ә) шегіртке, саяқ, шекшек, шілделік, бұзаубас.
3. Дәуіттер отряды. Б) құмырсқа, балара, шаншар.
4. Инеліктер отряды. В) қандалалар
5. Жарғаққанаттылар оряды Г) инелік
6. Шалақатқылқанаттылар отряды. Ғ) маса, құмыты, шіркей, қара шыбын, бөгелектер
7. Қатқылқанаттылар отряды. Д) көбелек
8. Қосқанаттылар отряды. Е) тарақан
9. Қабыршаққанаттылар отряды. Ж) қоңыз
Жауабы: 1Ә, 2Е, 3А, 4Г, 5Б, 6В, 7Ж, 8Ғ, 9 Д.
13) Ерекшеліктері: - Бұлшықет жүйесі күрделі.
Буданақденелілердің сипап сезу, иіс сезу, көру, есту және тепе-теңдік мүшелері күшті
дамыған.Шөлді жерде жер асты суларын іздеп табуға құмырсқаның көп көмегі тиеді. Себебі
бұл жәндіктер ылғалы бар жерді ғана мекендейді.
Есту мүшесі: суретті көрсете отырып, есту мүшесінің шегірткенің аяғында екенін айту.
Тепе-теңдік мүшелері: Олар үлкен биіктіктен төмен қарай құлдилай алады. Жорғалап жүре
алады, жоғары қарай өрмелей алады, ауада еркін қалықтай алады.
- Олардың жер бетінде кең таралу себебі неде деп ойлайсыңдар? (дене мөлшерінің ұсақтығы, ұшу қабілеті)
- - Оларға қолайсыз жағдайды анықтаңыз.
- Ылғал, су. Су тиген жәндік қорғансыз. Салмағы екі есе артады. Ал су жәндіктері судан қорықпайды. Олар денесін суға тигізбей, су бетінде еркін қимылдайды.
Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады.
Төменгі сатылы туақанатсыз буданақденелілер пішінін көп өзгертпей тура дамиды. Қанатты
буданақденелілер шала түрленіп және толық түрленіп дамиды.
14) Маңызы: Араның уы (апитоксин) – оның улы безінен бөлінетін түссіз, мөлдір ерітінді. Ара өз денесінен уды тосын қауіп төнгенде немесе бірдеңеге ызаланғанда бөледі екен. Ара уынан жасалған дәрі-дәрмектер негізінде ревматизмді, радикулитті, демікпелі бронхитті, бас сақинасын, гипертонияны т.б. ауруларды емдеуге қолданылады.
ІІІ. Ой толғаныс. Деректермен танысу.
- Жер бетінде бәрінен де кім күшті?
Ол – кәдімгі кішкентай құмырсқа. Ол өз салмағынан 10 есе үлкен ауыр нәрсені көтере алады. Олар үлкен жанұя болып бір илеуде бірге тұрады және қор жинайды. Құмырсқа илеуі – құмырсқа үйінің жер бетінде көрініп тұрған кішкене бөлігі ғана, басым бөлігі кейде 20 метрге дейін жететін аумақты қамтиды. Мұнда желдеткіш те, қойма да, балалар бөлмесі де, тіпті асхана да бар. Әрбір құмырсқа илеуде белгілі бір функцияны атқарады. Құрылысшы-құмырсқа, күзетші-құмырсқа, бала күтуші-құмырсқа да бар.
- Тағы қандай құмырсқа лар болады?
- Ешқандай жұмыс жасамайтын, тіпті қозғалмайтын «тірі бөшке» - құмырсқалар да бар. Құмырсқалар 25 жылға дейін өмір сүре алады. Олардың сүйікті асы - әр түрлі шөптер мен ағаштардың тұқымдары. Оларды жаз ортасына дейін жинайды.
- Тропикалық жерде өмір сүретін құмырсқалармен салыстырған да бұлар ештеңе емес. Көшпелі құмырсқалар жолындағы барлық тірі ағзалармен соғыса кетеді. Олар илеу салмайды, жолда бәрі бір жерге жиналып, үйіндіге айналып демалады
Тапсырмалар. Экраннан тест тапсырмалары көрсетіледі. Дәптермен жұмыс.
1. Бунақденелілердің денесі:
А) баскөкірек, құрсақ
Ә) құрсақ, көкірек
Б) бас, көкірек, құрсақ
2. Бунақденелілерде:
А) 4 жұп аяқ
Ә) 3 жұп аяқ
Б) 2 жұп аяқ
В) 1 жұп аяқ
3. Бунақденелілердің көпшілігнде қанат бар. Олардың саны:
А) 1 не2 жұп
Ә) 2 жұп
Б) 1 жұп
4. Бунақденелілердің қанаты бекінген:
А) кеудеге, құрсаққа
Ә) кеудеге
Б) баскөкірекке, құрсаққа
В) баскөкірекке
5. Бунақденелілердің қанайналым жүйесі:
А) ашық
Ә) жабық
6. Жүрегі орналасқан:
А) дененің артқы жағында ішек үстінде
Ә) құрсақ жағында ішек астында
В) бас жағында
7. Зәр шығару жүйесі:
А) мальпигий түтікшелері
Ә) бүйрек
Б) ауа қапшықтары
Г) мальпигий түтікшелері және майлы дене
Жауабы: 1Б, 2Ә, 3А, 4Ә, 5А, 6А, 7Г.
Оқушылар дәптерлерін өзара алмастырып, тексереді.
Рефлексия.
1. Бунақденелілер арасында күрделі көзшелерімен қатар жай құрылысты көзі бар. (+)
2. Су жәндіктері желбезек арқылы тыныс алады. (-)
3. Жұмыртқадан шыққан жәндіктердің бәрі дернәсіл және қуыршақ сатысынан өтеді. (-)
Үйге тапсырма. Бунақденелілер туралы әр түрлі сценарийлер жазу (ішіне терминдерді енгізу). Қосымша мәліметтерді жазып алу, оқу. Қайталау.
Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушылар жауаптарының дұрыстығына және белсенділігіне байланысты бағаланады.
Категория: Биология | Добавил: SAULE777 (2011-07-15) | Автор: Абдыкалыкова Света Баекенқызы
Просмотров: 30573 | Рейтинг: 4.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 5:56 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru