Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ас қорыту мүшелерінің құрылысымен таныстыру. Міндеттері: Білімділік: Ас қорыту жолымен, ас қорыту мүшелерінің және ас қорыту бездерінің ағзада орналасқан орнымен, ішкі құрылысымен таныстыру, ерекшелігін ұғындыру. Тәрбиелік: Сабақта өзіндік ізденуге, оқулықпен жұмыс жасауға, өз ойын қорытып, дәлелдеуге, өзіне және өзгелерге баға беруге үйрету.Ас қорыту мүшелерінің құрылысымен таныстыру арқылы оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу. Дамытушылық: Оқушылардың мүшелер жүйесі туралы танымын кеңейте түсу. Сабақтың түрі: аралас. Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, тірек сызба, сұрақ-жауап, сөздік жұмыс,талдау-жинақтау,өзіндік жұмыс, тақтамен және оқулықпен, дәптермен жұмыс, ойын. Көрнекілігі: «Ас қорыту жүйесінің құрылысы» суретті плакаты, электронды оқулық, кеспе қағаздар, кесте, тірек сызба. Сабақтың барысы: Алғашқы ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесу. Жұмыс орнының әзірлігін бақылау. Оқушыларды сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын сұрау. §44. Ас қорытудың маңызы. 1-слайд: берілген сұрақтарға ретімен жауап беру. 1. Адам ағзасы үшін тамақтың рөлі қандай? Көрнекілікпен жұмыс. 2-слайд. 2. Қоректік заттар дегеніміз не? (Н,М,К; минералды тұздар, су; витаминдер) 3. Неліктен органикалық заттар организмге бірден сіңірілмейді? Көрнекілікпен жұмыс. Оқушы кеспе қағаздар арқылы сәйкестендіреді: Н амин қышқылы М глицерин, май қышқылы К глюкоза 4. Ас қорыту дегеніміз не? (Тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процестері) Проблемалық сұрақ: - Басқаша бұл процеске қандай анықтама беруге болады? - Тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуі – ас қорыту деп аталады. 5. Ас қорыту сөлі мен ферменттердің рөлі қандай? 6. Тамақ өнімдері дегеніміз не? (күнделікті адам рационының (мерзімдік, тәуліктік азық) құрамына кіретін өсімдіктекті және жануартекті өнім) Көрнекілікпен жұмыс. Оқушы кеспе қағаздарын 2 бағанға орналастырады. Қоректік заттар Тағамдық өнімдер Нәруыздар Нан Майлар Ұннан жасалатын көптеген тағамдар Көмірсулар Көкөністер Минералды тұздар Жеміс-жидектер Су Ет витаминдер Жұмыртқа Сүт өнімдері балық - Өсімдіктекті және жануартекті тамақ өнімдерін ата. - Олардың құрамы жағынан бір-бірінен ерекшелігі қандай? (Өсімдіктекті өнімдер көмірсулар есебінен , ең алдымен, энергия көзі. Жануартекті тамақ өнімдерінің құрамында, негізінен, нәруыздар, майлар мен кейбір витаминдер болады.) 7. Адам ағзасындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар мен витаминдердің рөлі қандай? - Майлар қандай тағамдарда көп болады? Олардың ағза үшін қандай пайдасы бар? - Ағзада нәруыз жеткілікті болу үшін қандай тағамдарды пайдалану керек? 8. Су мен минералды тұздардың ерекшеліктері мен қызметі қандай? Өткен тақырыпты пысықтау. 3-слайд: Тәуліктік қажетті тағамның орташа мөлшері Тағамның құрамындағы заттар Жеке топтардағы адамдарға қажетті тағамдық заттар Дене еңбегін қажет етпейтін мамандар Аздап дене еңбегін қажет ететін мамандар Дене еңбегін едәуір қажет ететін мамандар Ауыр дене еңбегін қажет ететін мамандар нәруыз (г) 109 122 146 163 май(г) 106 116 134 153 Көмірсу(г) 433 491 558 631 Тағамның жалпы энергиялық бағалығы (кДж) 13 474 15 086 17 270 19 942 Жаңа білімді хабарлау. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау. 4-слайд. Оқушылар күн жадын, сабақ тақырыбын дәптерге жазады. 5-слайд. 6-слайд. Көрнекілікпен жұмыс.ЭО арқылы оқушылар ас қорыту жолымен танысады. Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс. Өзіндік жұмыс. 7-слайд. Оқушы тақтаға кеспе қағаздар арқылы оқулықты пайдалана отырып, орналастырады. Ас қорыту мүшелері Ұзындығы жұтқыншақ 13 см өңеш 25 см асқазан 2-3л аш ішек 5,5-5 м ұлтабар 25-30 см тоқ ішек 1,5-2 м тік ішек 18 см 8-слайд. Талдау-жинақтау: ас қорыту мүшелерін орналасу ретімен сатылай кешенді талдау. Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс - Ас қорыту жолының қабырғасы қандай ұлпалардан тұрады? 9-слайд. Оқулықпен жұмыс. 105-сурет арқылы ауыз қуысымен танысу. Проблемалық сұрақ: - Жұтқыншақтың бұрыннан белгілі қызметі қандай? (тыныс алу – ас қорыту жолы) - Жұтқыншақ немен жалғасқан? Оқулықпен жұмыс. Өзіндік жұмыс. Оқушылар асқазан қабырғасының бұлшық ет түрлерін анықтайды. 10-слайд. 11-слайд. Сөздік жұмыс. Сфинктер – асқазанның ұлтабарға өтетін жеріндегі сақина тәрізді бұлшықеттер қатпары. Оқулықпен жұмыс. Аш ішек туралы мәліметті оқу. Көрнекілікпен жұмыс. Суретті плакат арқылы бауыр, асқазан және ұйқыбездің орналасуын көрсету. Оқулықпен жұмыс. Тік ішек туралы мәліметті оқу. - Ұйқы безінің қызметін анықтаңдар. Тақтамен жұмыс. Оқушы тірек сызба құрайды: Ас қорыту Ішкі секрециялық қызмет сөл секрет 108-сурет арқылы бауырдың қызметіне тоқталу. Дәптермен жұмыс. Бауырдың секреті - өт. Бауырда көмірсулар қоры гликоген – жануар крахмалы түрінде жинақталады. Сабақты қорыту. «Кім шапшаң?» ойыны. Оқушы тақтаға кеспе қағаздар арқылы сәйкестендіреді: І Аш ішек Тоқ ішек Ұлтабар соқырішек Аш ішек жиек ішек Мықын ішек тік ішек ІІ. Ас қорыту жүйесінің мүшелерін ретімен орналастырыңыз: Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек 12-слайд. ІІІ. 1. Адам ағзасындағы ең ұзын ішек: А) аш ішек Ә) аппендикс Б) соқыр ішек В) тоқ ішек 2. Ас қорыту мүшелері қандай бұлшық еттерден түзілген? А) көлденең жолақты бұлшық ет Ә) бірыңғай салалы бұлшық ет Б) қиғаш бұлшық ет В) сақиналы бұлшық ет 3. Асқазанға қанша көлемде ас сияды? А) 1 л Ә) 5 л Б) 4 л В) 2-3 л 4. Бауыр мен ұйқы безі қай ішекке өзектерін ашады? А) аш ішекке Ә) тоқ ішекке Б) тік ішекке В) ұлтабарға 5. Ас қорыту жолының кеңейген жері: А) жұтқыншақ Ә) тоқ ішек Б) асқазан В) тік ішек 1А 2Ә 3В 4В 5Б Үйге тапсырма. §45.Сөздік жұмыс.106-сурет. Сұрақтарға жауап беру.Тест, 163-бет. Бағалау. Сабақ бөлімдері бойынша оқушылар жұмысын талдай отырып, қорытынды бағалау. | |
Просмотров: 6629 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|