Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Аралас бездер. Ұйқыбез. Жыныс бездері. Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу.
Сабақтың тақырыбы: Аралас бездер. Ұйқыбез. Жыныс бездері. Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу.
Сабақтың мақсаты:
1. Аралас бездердің құрылысы, қызметі, гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу.
2. Бездер туралы білімдерін дамыту.
3. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Кестені толтыру (жазбаша орындалады).
Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері
Тироксин
Паратгормон
Инсулин
Адреналин
Өсу гормоны (соматропты гормон)
Окцитоцин
Вазопрессин

ІІІ. Жаңа сабақ.
Аралас бездер. Ұйқыбез. Жыныс бездері. Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу.
Аралас бездер сөл де, гормон да бөледі. Сөлді арнай өзектері арқылы басқа жерде орналасқан мүшелерге, ал гормондарды тікелей қанға бөледі. Сондықтан бездер әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездеріне жатады. Аралай бездерге ұйқыбез бен жыныс бездері жатады.
Ұйқыбездің құрылысы: ұйқыбез бозғылдау қызғылт түсті, ұзындығы 15-22 см, құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасқан. Ұйқыбездің сыртқы секрециялық (экзокриндік) қызметі: өзінен бөлінетін ұйқыбез сөлі (панкреатин) өзекшесі арқылы тікелей ұлтабарға құйылады. Ішкі секрециялық (эндокриндік) қызметі: ұйқыбездің әр жерінде топтанып орналасқан ерекше жасушалар жиынтығына байланысты. Мұндай топтанып орналасқан жасушалар ұйқыбездің жалпы салмағының 2-10%-ын құрайды. Жасушалар тобы әсіресе ұйқыбездің төменгі ұшында көбірек орналасқан. Адамның ұйқыбезінде мұндай жасушалар тобының саны 1 800 000-ға жетеді, олардың өзегі болмайды. Жасушалар тобының диаметрі 100мкм-ден 500мкм-ге дейін, пішіндері домалақ, сопақша және т.б. сәби және жас кезде ағзаның өсуіне әсер ететін инсулин гормоны, ал қартайғанды глюкагон гормоны көбірек бөлінеді. Ұйқыбездің экзокриндік қызметі асқорыту ферментін бөлу болса, эндокриндік қызметі инсулин, глюкагон гормондарын бөлумен байланысты.
Қызметі: инсулин ( латынша «insula» - аралша, топ) – қарапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозаның өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады.
Инсулин гормоны жетіспегенде (аз бөлінгенде) ағзада болатын ауытқулар: денеде инсулин гормоны жетіспесе, адам қант ауруына (сусамыр) шалдығады. Қант ауруы (сахарный диабет) көмірсу алмасуының бұзылуынан болады. Аурудың белгісі: адам шөлдей береді, тамақты да тез қабылдайды; тез арықтайды. Бұл ауруды суды көп қажет ететіндіктен, «сусамыр» дейді. Қант диабеті ауруын емдеу үшін құрамында көмірсулары бар тағамдарды өте аз пайдалану; диета сақтану; денеге инсулин гормонын жіберу; «толбутамид», «надизан» және т.б. дәрілерді ішу қажет. Ұйқыбезден бөлінетін екінші гормон – глюкагон. Бұл гормонның қызметі инсулин гормонына керісінше. Егер қанда глюкоза жетіспесе, глюкагон гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді. Қандай глюкозаның мөлшері көбейеді.
Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары – сперматозоидтар, әйелдерде жұмыртқажасушасы түзіледі. Ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген жыныс гормондары бірден қанға бөлінеді. Ер адамдардан бөлінетін жыныс гормондары – андрогендер (грекше «аndros»-еркек), оның негізгісі – тестостерон.әйелдердің жыныс гормондары экстрогендер деп аталады.
Қызметі: ер адамдардың жыныс гормоны еркектерге тән белгілердің дамуына әсер етеді (дауыстың жуандауы, сақал-мұрттың шығуы, бұлшықеттерінің даму ерекшеліктері және т.б.). андрогендер – бауыр, бүйрек, бұлшықеттегі нәруыздың түзілуін күшейтеді. Орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Әйелдердің жыныс гормондары әйелдерге тән жыныс белгілерінің дамуын реттейді ( жіңішке дауыс, бетке сақал-мұрттың шықпауы; сүт бездері мер жатырдың дамуы, қаңқа сүйектерінің ерекшеліктері және т.б.). жыныс гормондары жетіспесе, сүйектің өсуі баяулап, дене өспейді, тек аяқ-қолдары тым ұзарып кетеді.
Адам денесінде ішкі секрециялық бездерден басқа сыртқы секрециялық бездер болады. Оларға жататындар: тер, жас, сілекей, сүт бездері мен бауыр және т.б. бездер. Бұл бездердің жасушаларында түзілген сұйықтық арнайы өзекшелер арқылы сыртқа шығарылады (тер, сілекей, өт және т.б.).
Ер адам ағзасында үнемі аз мөлшерде әйел гормондары, ал әйелдерде – еркек громондары өндіріледі. Егер олардың арақатынасы бұзылса, еркек әйел пішінді бола бастайды, ал әйелге мұрт және сақал өсуі мүмкін.
Ішкі секреция бездерінің біріне-бірінің әсері. Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу. Ішкі секреция бездері жұмысының бірімен-бірі өзара күрделі байланысы негізінен мына факторлармен анықталады: 1) әрбір мүшенің жұмысына әр түрлі бездерден бөлінетін бірнеше гормондар бір мезгілде әсер етеді, 2) бір бездің гормоны басқа бездің жұмысына әсерін тигізеді. Жүйке жүйесі арқылы реттелу өте тез жүреді және ол жүйке жүйесінің тікелей бақылауында болады. Гормондар арқылы реттелу жүйке арқылы реттелуден баяуырақ жүреді. Ағзада мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді. Гуморальдық (латынша «humor»-сұйықтық) реттелу ағзаның ішкі ортасы (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) мен жасушалардан, ұлпалардан бөлінетін биологиялық белсенді заттар арқылы жүзеге асады. Гуморальдық реттелуде гормондар негізгі рөл атқарады. Жүйкелік-гуморальдық реттелуде гуморальдық реттелу жүйкелік реттелуге бағынышты. Жүйкелер мен гипофиздің байланысының арқасында, жүйкелік-гуморальдық реттелу жүзеге асады. Екінші жағынан гормондар да жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл екі жүйенің өзара бірлесуі бұзылса, барлық мүшелер жұмысы да бұзылады. Жүйкелік реттелу мен гуморальдық реттелу арқылы ағза үнемі өзгеріп тұратын орта жайғадйларына бейімделеді.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Неліктен аралас бездер деп атайды және оған қандай бездер жатады?
2. Ұйқыбез қайда орналасқан, оның сыртқы және ішкі секрециялық қызметін ата?
3. Жыныс бездері неліктен аралас бездерге жатады, сыртқы және ішкі секрециялық белгілерін сипатта?
4. Аралас бездерден бөлінетін гормондардың аттарын, қызметтерін қысқаша баянда.
Сөзжұмбақ шешу.
1. И
2. Н
3. С
У 4.
5. Л
6. И
7. Н
Инсулин ұйқы безінің гормоны.
1. Қалқанша бездің қызметі бәсеңдгенде пайда болатын ауру (кретинизм)
2. Мойынның алдыңғы жағына орналасқан без (қалқанша)
3. Қалқанша бездің жұмысы жеткіліксіз болғанда ересек адамда пайда болатын ауру (микседема)
4. Инсулин дене жасушаларының ас құрамындағы нені сіңіріп реттейтін гормон (көмірсу)
5. Адам ағзасындағы қарапайым қант қалай аталады (глюкоза)
6. Қалқанша без гормоны (тироксин)
7. Бүйрек үсті безінің гормоны (адреналин)
V. Үйге тапсырма
Кесте толтыру.
Бездің атауы Ағзада орналасуы Қызметі
Категория: Биология | Добавил: саулешка (2011-12-20) | Автор: Кажекенова Э.А. Семей №30 мектеп E
Просмотров: 11261 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 11:48 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru