Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология |
Мемлекеттік мекеме «№47 жалпы білім беретін орта мектеп» Ана тілі Тақырыбы: Төлді қалай шақырады? Рахатбаева Жазира Капаровна Бастауыш сынып мұғалімі 2011-2012 оқу жылы Сабақ тақырыбы: Төлді қалай шақырады? Сабақ мақсаты: 1) Оқушыларды төрт түлік туралы, ата-бабамыз төрт түлік малды қалай күтіп бағалағаны туралы, оның пайдасы, олардан алынатын өнімдер туралы әңгімелеу. 2) Төрт түлік мал атауларын және қасиеттерін есте сақтау. Мәнерлеп оқуға, сөз байлықтарын жетілдіре отырып, ойлау, сөйлеу әрекеттері дамиды. 3) Салауаттылыққа, мәнерлеп оқуға және өзбеттілікке тәрбиелеу. Әдістері: 1) Әңгімелеу 2) Сұрақ-жауап 3) Ойын әдістері Көрнекіліктер: 1) Төрт түлік малдың суреті 2) Төлдердің суреттері 3) Пірлердің аты жазылған плакат 4) Тақырып жазылған плакат 5) Альбом 6) «Мал базары» деген ойын Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. 2) Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап арқылы білімдерін талқылау -Енді балалар, осыларды бағып күтетін адамдар болады. Оны осы малдардың пірі дейміз. Осылардың әрбіреуіне сұрақ-жауап арқылы толықтыту. Төрт түлік мал Бие Қой Ешкі Сиыр Түйе Жаңа сабақ: -Балалар, кім айтады далада өсіп тұрған үлкен-үлкен ағаштар неден өседі. -Үйде сендерді үлкен кісілер, ата-әжелерің қалай еркелетеді. -Дұрыс айтасыңдар. Енді осыны жеке-жеке өз енелерімен қосып айтып көрейікші.(Дөңгелектің бір жағына енесін,екінші қарсы бетіне төл салынған суретті көрсету арқылы әңгімелейміз.) -Ешкінің төлі-лақ. Бұл өзі жеңіл қозғалатын, бақырауық дауысы бар,шыдамсыз төзімі аздау мал.Осы туралы кім тақпақ біледі. Жүнін жұлса бақырған Ешкі атасын шақырған Өрісте өскен жануар -Қойдың төлі-қозы. Бұлар өте жуас, момын жануар екен.Сондықтан көбіне халық қой асыраған. Қой баласы қоңырым Ұя бұзбас момыным Шопан ата түлегі -Сиыр төлі-бұзау. Өте тойымсыз, қомағайлау мал.Тілі өте ұзын болады екен.Сонымен өзіне керекті тамағын тауып жейді. Тілімен мұрын жалаған Тілімен бойын тараған Зеңгі баба өсірген -Жылқы баласы-құлын. Бұл өте мықты мал. Қандай жүк брлсада көтере алады. Алыс жолға жүре алатын, көлік ретінде пайдаланған жануар. Жолға шықсам көлігім Жапанда жүрсем серігім Қамбар ата өсірген -Түйенің төлі-бота. Мұның басқа жануарлардан ерекшелігі арқасында екі өркеші болады. Шұбаты денсаулыққа шипалы.Бұл мал көбінесе құмды жерде жүреді. Олар өйткені суға шыдамды.Сондықтан мұны шөлді жерде көлік ретінде пайдаланады. Айналайын ботам Қандай күлте жотаң Табаның жалпақ Теріп жейсің жантақ -Енді осылардың төлдерінің әрқайсысын әрқалай шақырады екен. Мысалы: Ешкі шөре-шөре. Қой пұшайт-пұшайт Түйе кос-кос Сиыр аухау-аухау Жылқы құрау-құрау Төлдердің бізге беретін өнімі туралы айту. Жылқы (Ет, қымыз, қазы). Сиыр (сүт, жүн).Қой мен ешкі (ет,терісі,сүт,жүні).Түйе (шұбат,жүні). «Өз төліңді тап» ойыны. - Мен шақырған бала маска киген балаға жүгіріп барады. ІІІ. Жұмбақ шешу. 1.Кішкентай ғана бойы бар Айналдырып киген тоны бар «Қой» 2.Екеу өлеңдетіп келеді Төртеу төбелесіп келеді «Аттың 2 құлағы, 4 аяғы» 3.Екі айнасы бар Екі найзасы бар Төрт жылтырмағы бар Бір шыбыртқысы бар «Сиыр» Бекіту: Әр топтан әртүрлі сөйлем жазып, ортаға шығып оқиды, немесе барлық топ бірігіп өлең шығаруға болады. Үйге тапсырма: Мәтінді оқиды,өздері ойша әңгіме жазады, не сурет салады. Осылайша өтетін сабақ нәтижесінде Белсенділік Сұраққа толық жауап беру Ойын еркін айта білу Бір-бірін тыңдау Шығармашылық қабілеті артады Ортақ қортынды шығару | |
Просмотров: 18464 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|