Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Асқорыту мүшелерінің құрылысы. Ауыз қуысында астың қорытылуы.
Пәні: Биология Сыныбы: 8
Тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің құрылысы. Ауыз қуысында астың қорытылуы.
Сабақ мақсаты: Асқорыту мүшелерінің құрылысы және қызметімен танысу, адам ағзасы үшін маңызына және зат алмасуда алатын орнына тоқталу.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Асқорытудың адам ағзасы үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру.Ағзалардың барлығының бір-бірімен байланысын айту.
Дамытушылық: Пәнаралық байланыс арқылы пәнге деген қызығушылықты арттыру. Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім, білік, дағыдысын қалыптастыру және өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ типі : жаңа сабақ.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Әдістері: сатылай кешенді талдау. Сұрақ-жауап, тірек-сызба белгілері,топтық жұмыс
Көрнекіліктер: кеспе қағаздар, мақал-мәтелдер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: химия, валеология, әдебиет.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Ой қозғау.
III. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
IV. Бекіту.
V. Үйге тапсырма.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Ой қозғау. Өткен тақырыпты еске түсіру.
1. Адам пайдаланатын тағам құрамында ғы органикалық заттарға не жатады?
2. Адам ағзасы үшін нәруыздың тәуліктік мөлшері қанша?
3. Тағамдық заттар қандай қызмет атқарады?
4. Ұлттық тағамдарды атаңдар.
5. Ас тұзының тәуліктік мөлшері қанша болу керек?
6. Ағзаға су мен витаминдер не үшін қажет? Олады ағза қайдан алады?
7. Нәруыз қандай тағамдардың құрамында көп болады?
III. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:
Тақырыпта оқушының түсінігі үшін есте сақтауына арналған түрлі-түсті суреттер, сызбанұсқалар мен кестелер берілген.
Жұмбақтарды шешу.
1. Бір таудың алпыс екі саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау –бақша, түрлі өсімдіктер,
Барлығын билеп тұрған анасы бар.
(адамның 62 тамыры 12 мүшесі)
2. Қызыл түлкі ықпайды,
Өзінінен шықпайды.
(тіл)
3. 32 қайрақ,
Бірін-бірі шыңдайды.
(тіс)
Оқушылардың өткен сабақ бойынша қызығуын ояту. Денсаулық – өмірдің негізі, ал білім ақыл ойдың дамуы. Адам денені сау болып қалыптасуы үшін салауатты өмір сүруі қажет.
Адам организмнің қалыпты өсіп, дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай – дұрыс тамақтану. Олай болса бүгінгі сабағымызда ас қорыту мүшелеріне тоқталамыз.Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын жануарлардың ас қорыту мүшелерін есімізге түсірейік. Себебі, адамның ас қорыту мүшелерімен жануарлардың ас қорыту мүшелерінің құрылысы ұқсас болып келеді.
Оқушылардың өздеріне оқуға 10 минут беріледі. Сынып оқушыларын 4 топқа бөлінді де тақырыптар бөліп берілді. Әр топ өз тақырыбына дайындалып, арасынан бірнеше лидер шығып, тақырыпты түсіндіреді. Тақтаға әр топтан кезек-кезек оқушыдан шығып, бүгінгі тақырыпты түсіндіріп шығады. Бір-біріне сұрақ қояды. Интерактивті тақта бойынша түсіндіреді.
1- слайд. Жануарлардың ас қорыту мүшелері суреті берілді. Кесте бойынша оқушылардан нөмірленген мүшелердің аты және атқаратын қызметі сұралды.
2- слайд. Кесте бойынша жыртқыш жануарлардың тістерінің түрлері мен ерекшеліктері сұралды.
3- слайд. Адам ағзасы мен жануарлар ағзасының ас қорыту жүйесі салыстырмалы түрде сұралды. слайд. Оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс істеп, ағзалардың ұқсас екенін, олардың бірдей қызмет атқаратынын баяндады.
Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын (асқазан) ашішек, жатады.
4- слайд.«Ас қорыту мүшелері» суреттері беріліп, муляждар көрсетіледі. Ауыз қуысы ұрт, қатты және жұмсақ таңдай тіл.Ұрттың сыртын бұлшық етпен ерін жауып тұрады. Ішкі жағында қызыл иекпен тістер орналасқан. Ауыз қуысының алдыңғы жағында жақсүйек тістер, артқы жағында аңқа мен көмкерілген. Қатты таңдай ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдай артқы бөлімі жіңішкеріп ұзарып бөбешікпен аяқталады.
5- слайд. Тістің құрылысы. Бір оқушы стомотолог роліне ойнайды, оқушылар оған сұрақтар қояды. Ал екінші оқушы тіске байланысты жазған эссесін оқиды.
6- слайд. Тілдің құрылысы.
Тілдің түбі дөңес кілегейлі шырышты қабықшамен қапталған үстіңгі бетінде түрлі пішінді дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің үшы тәттіні, екі бүйірі қышқылмен тұзды, түбі ащыны сезеді. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және жұтуға қатысады.
7- слайд. Сілекей бездері.
8- слайд. Тамақтың өңештен өтуі.
Жұтқыншақ – ұзындығы 11-13 см бұлшық етті мүше:онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді. Өңеш-ұзындығы, шамамен,25 см бұлшық етті түтік.Өңеш көкет арқылы өтіп,ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады
9- слайд. Асқазанның құрылысы. ас қорыту жолының көлемі ұлғаюы.Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан.Пішіні сыйымдылығы 2 -3 л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді. Ас қазанда өңештің кіреберіс саңылауы мен ұлтабар басталатын шығу саңылауын ажыратады. Кішкене қарынның сілемейлі қабығы қатпарлар түзеді. Олар тамаққа толғанда асқазанның созылуна мүмкіндік береді.Асқазан қабырғасының бірыңғай салалы бұлшық еттері асқазанды қозғалтатын сопақша, қиғаш және сақина тәрізді бұлшық еттерден тұратын үш қабат түзеді.сақина тәрізді бұлшық еттер асқазанның ұлтабарға өтетін орнында сфинктер түзеді.
10- слайд. Аш (ащы ) ішек – ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі. Оның ұзындығы5-7 м және үш бөлікке: ұлтабар аш ішек және мықын ішекке бөлінеді: Ұзындығы , шамамен 25см болатын ұлтабардың пішіні таға тәрізді, оған ұйқыбез бен бауыр өзектері ашылады. Аш және мықын ішектің сілемейлі қабығында ішек сөлін бөлетін түтік тәрізді көптеген бездер және жіңішке өсінділер – ішек бүрлері болады. Ішек бүрлерінің жалпы мөлшері 4млн –ға жетеді, бүр биіктігі шамамен, , 1мм, жалпы сіңіретін беті 200 м2- дей.ішек бүрлері бір қабатты эпителийден тұрады.
11- слайд. Тоқ ішектің құрылысын, суреттерін көрсете отырып, жаңа сабақты түсіндірді. Тоқ ішектің ұзындығы 1,5 -2 м және ол соқырішек, жиек ішек және тік ішекке бөлінеді. Соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі- ұзындығы 8-15 см аппендиксі болады. Ол иммундық жүйенің мүшесі болып табылады. Оған қорытылмаған ас қалдығы немесе ауру тудыратын микробтар түскенде қабыну процесі – аппендицит пайда болады. Тоқ ішек қабырғасында бүрлер болмайды, аз мөлшерде сөл өндіретін бездері бар тоқ ішек тік ішекпен аяқталады.
12- слайд. Ұйқыбез. Ұйқыбез асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан. Ұйқыбез өндіретін сілтілік раекция көрсететін ұйқыбез сөлі ас қорытуда маңызды рөл атқарады. Бездің маңызды шығаратын өзегі ұлтабарда ашылады. Ас қорыту қызметінен басқа ұйқы без ішкі секрециялық қызметінде атқарады. Онда безді жасушалардың ерекше шоғыры – аралшықтар бар. Олар өз секретін ұлпа сұйықтығына, содан кейн қанға бөледі.
13- слайд. Бауыр ең ірі без. Массасы, шамамен, 1500 гр. Ол қызыл қоңыр түсті. Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Бауыр – күрделі түтікшелі без оның секреті -өт.
14- слайд. Өт қабына бауыр үздіксіз өндіретін өт жиналады. Ас қорыту кезінде бауыр өзегі арқылы өт жалпы өт өзегіне ағады. Ол ұлтабар арнасына ашылады. Бауыр көптеген улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады. Бауырда көмірсулар қоры гликоген –жануар крахмал түрінде жинақталады.
Сабақты қорытындылай келе оқушылардың не үйренгенін, нені еске сақтағанын білу үшін әрбір ас қорыту мүшесінен сұрақтар қойдым.
1. Ас қорыту мүшелерін атаңыз?
2. Асқазанның құрылысы қандай?
3. Аш ішектегі бүрлердің қызметі қандай?
4. Тамақтың сіңуі қай бөлімде аяқталады?
14-слайд. Ас қорыту мүшелерін дұрыс орналастырайық. Оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс істейді.
Сабақ аяғында ас қорыту мүшелеріне, дұрыс тамақтану, тіс құрылысына байланысты 5 мин. видео ролик көрсетілді. Видео ролик көрсету барысында мұғалім ас қорыту мүшелеріне байланысты қызықты мәліметтер айтылып, оқушылармен сұхбат әңгіме жүргізіледі.
IV. Бекіту.
1. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы?
2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
3. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?
4. Ас қорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады?
5. Тоқ ішектің бөлімдері?
6. Аш ішек бөлімдері?
7. Неге тісті тірі ағза дейді?
8. Тістің қандай бөлімін білесіңдер?
9. Тістің құрылысы неден тұрады?
10. Алғашқы тіс қашан шығыды?
Кестені толтыру
Ас қортыу мүшелерінің
құрылысы Маңызы Қызметі
Ауыз қуысы
Жұтқыншақ
өңеш
Асқазан
Аш ішек
Тоқ ішек
Тік ішек
2- тапсырма
Р/с Толықтыруды қажет ететін тест тапсырмалары Жауаптары
1. Адам тәуілігіне... ас тұзын пайдалану қажет 5-6 кг
2. Органикалық қосылыстардың қан мен лимфаға өтуі.... жүйесі арқылы іске асады. Ас қорыту
3. Ас қорыту мүшесі.... басталады. Ауыздан
4. 25см. Ішкі қуыс бұлшық етті. Өңеш
5. ....5,5-6 метр болады. Аш ішек
6. Тіс.... мойын, түбірі болады. сауыты
7. Тістің дентин затының бұзылуы...... Тіс жегісі деп аталады
8. Ересек адамда... тіс болады. 28-32
9. Ең ірі сілкей безі... Шықшыт
10. Ас қорыту мүшелерінің ішкі бөлігін зерттейтін құрал... эндоскопия
11. Шықшыт безінің қабынуы.... паротит
12. Ең үлкен ас қорыту безі... бауыр
13. Аш ішектегі ұсақ скіндер... бүрлер
14. Тамақта дұрыс пайдалану ғылымы... диетология
15. Бауырдың беріштенуі.... деп аталады. цироз

Сабақты қорытындылау , бағалау.
V.Үйге тапсырма
§45 - §46 оқу.
Категория: Биология | Добавил: жанка9979 (2012-12-01) | Автор: Избастин Дауренбек Калиаскарович E
Просмотров: 13688 | Рейтинг: 2.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 3:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru