Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Думаем, размышляем, спорим

«Ғасырдың қасіретті дерті – ЖҚТБ»
КММ ШҚО Тарбағатай ауданы «Тарбағатай колледжі»
Слямов Рауан Сабитович- тәрбиеші
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ғасырдың қасіретті дерті – ЖҚТБ»
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Міндеттері: - СПИД-ң адам ағзасында зиянды әсерлерін ашып көрсету.
- Солардың салдарынан болатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру.
- Салауатты өмір сүруге азаматты жауапкершіліктерін арттыру.
Көрнекіліктер: бейнероликтер, слайдтар, плакаттар, нақыл сөз жазылған
плакаттар.
Тәрбиелік шараның жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Топтармен таныстыру
ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі
ІV. Оқушылармен жұмыс (әр топпен)
V. Бекіту (тренинг ойындар)
VI. Қорытындылау

ІІІ. Кіріспе сөз.
Қоғамды меңдеген СПИД дерті, талай пенденің тыныш ұйқысын қашырып, берекесін алып барады. СПИД қатерлі жұқпалы ауру болғандықтан оның қара бұлты шалмаған жер бетінде елді - мекен қалмады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтері бойынша бүкіл індет басталғалы бері (Вич) 47 миллион адамды қамтып үлгерген, олардың ішінде 3,5 миллионы балалар болса, жалпы алғанда бұл дерт 21 миллион ересектер мен балалардың өмірін қиған. Қарусыз майдан ашқан жұқпалы аурулар дашыған мемлекеттің өзін айналып өтпей, барша халықты түршіктіріп отырғаны жасырын емес. Ал Қазақстанда Вич көз ілеспес қарқынмен бой көтеріп, 2001 жылы оның шарықтау шегі әлем бойынша ең жоғарғы шегіне жетті. Ал соңғы мәліметтерге сүйенсек Вич жұқпасын жұқтырғандар саны 4481 - ге жетсе, соның ішінде 201 - і СПИД дертіне шалдыққан. Арнайы зерттеу мамандарының айтуы бойынша бұл көрсеткіш 10 - 15 есе көп болуыда мүмкін.
Ол облысымызда Вич ауруымен 161 адам есепте тұрса, соның ішінде 30 - ы әйел адам.
Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдың - алу және одан емделу тәсілдерін барша жұртты мазалап ойландыратыны сөзсіз. Осы сұрақтар төңірегінде сөз қозғап, ойларымызды ортаға салып отырайық.

IV Топпен жұмыс.
1. «Ақпараттар бөлімі» ( жалпы СПИД туралы мағлұмат айту)
2. «СПИД-ң жұғу жолдары»
3. «СПИД-ке қарсы жоба» қорғау
4. Шығармашылық топ ( өмір биі)
5. «Сыншыл топ» (психологпен кеңес)
«Тренинг» өткізу
1. Доп арқылы танысу
2. «Ия» қолын көтереді
«Жоқ» екі рет қол соғады

V. Бекіту сұрақтары:
1. СПИД - ластанған шприц арқылы жұғады (иә)
2. АҚТҚ/ЖҚТБ дертіне шалдыққандарға білім алуға, жұмыс істеуге, некеге тұруға болады (иә)
3. СПИД ауруын жұқтырған адамдарды оңашалау керек (жоқ)
4. Бетінен сүйгенде СПИД жұғады (жоқ)
5. Жалпы әдісті пайдалану қауіпті (жоқ)
6. Жалпы дәретхана қауіпті (жоқ)
7. Жөтелу, түшкіру нәтижесінде жұғады (жоқ)
8. Тексерілмеген қан құю қауіпті (иә)
9. АҚТҚ жұқтырған адам дайындаған тағамды пайдалану қауіпті (жоқ)
10. Денеге инемен сурет салғанда залалсыздандырылмаған инструментті пайдалану қауіпті (иә)
VI Қорытынды.
Әлемде бұл аурумен бір минутта 10 адам ауырады екен. Оның ішінде сіздің досыңыз не жақыныңыз болуы мүмкін.
Бір жылдың ішінде бір-ақ рет жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір - ақ рет жасарады. Осы секілді адамның басына да жастық бір рет келеді.
Жаздан соң қалай күз келеді. Сол секілді жастықтан кейін кәрілік те жетеді. Сондықтан жас өмірімізді қатерлі дерттің қармағына іліктірмейік. Іліккен соң одан құтылам деу бос әурешілік.
«Өмір сүр, өзгеге де өмір сүруге мүмкіндік жаса» деген ұлы сөзбен кешімізді қорытындылаймыз.
Категория: Думаем, размышляем, спорим | Добавил: гульнараж (2014-12-21) E
Просмотров: 1855 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 4:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru