Главная » Статьи » В помощь учителю » Думаем, размышляем, спорим |
Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз 4 сынып Сабақтың мақсаты: 1) лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс қолдана білу, дұрыс сөйлем құра білу; 2) тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, мәнерлеп оқуға жаттықтыру; 3) үлкендерді сыйлауға баулу, қазақ тілінде сауатты жазуға баулу. Сабақтың түрі: пысықтау сабақ, дәстүрлі емес. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс. Ресурстар: интербелсенді тақта, ватман, суреттер, оқулық. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Рефлексия «Бүгінгі сабақтан не күтесіңдер?» 2) «Миға шабуыл» (сұрақ-жауап) - Фонетика нені зерттейді? - Қазақ тілінде неше әріп бар? - Неше дыбыс? т.б. ІІ. Жаңа сабақ: Топпен жұмыс 1) Кроссворд шешу (Отбасы) - Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Біздің отбасымыз». (сабақтың мақсаттарымен таныстыру). - «Ассоциация» отбасы сөзіне қатысты сөздерді табу(сөздер қиылып, конвертте беріледі). Әже Ата Әке Үлкен Тату Ана Үлкен емес Іні Сіңлі Аға Қарындас Әпке Нағашы Дәптер Көше Оқулық Буын Жіңішке Әріп Қатаң Жуан Отан Ұяң Үнді 2) Сурет бойынша жұмыс (слайд): - Суретте не бейнеленген? - Отбасы қандай? - Отбасыда кімдер бар? - Енді осы сурет бойынша дұрыс сөйлемдер құрыңдар. (сөздер бөлек-бөлек жазылған) • көйлек тігіп отыр әжем • ойнап отыр қарындасым қуыршақпен • анам пісіріп жатыр тамақ • шахмат ойнап отыр атам Сергіту сәт 3) Мәтінмен жұмыс (слайд): а) мәтінді мәнерлеп оқу; ә) қиын, түсініксіз сөздерді талқылау, б) сұрақ-жауап. 4) Дәптермен жұмыс (әр топқа сөз беріледі) А.с. әже ата әпке аға 5) Диалог құру «Менің отбасым» ІІІ. Сабақты бекіту: 1) «Ыстық орындық» (бір оқушы орындыққа отырады, қалған оқушылар оған өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар қояды). 2) «Акроөлең» (оқушылар әр дыбысқа екі сөзден жазады) О – Отан, орындық Т - тақта, тоғыз Б – бор, бұрыш А – ата, аға С – сабақ, сынып Ы–ыдыс, ынтымақ ІV. Үйге: 5-тапсырма мазмұнын айту, сөздер жатқа V. Бағалау | |
Просмотров: 1644 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|