Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
ШҚО, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылы «Тарбағатай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Сыгаева Гулмира Шакеновна Пәні: қазақ тілі 8 сынып Сабақтың тақырыбы: Себеп-салдар салалас Сабақтың мақсаты: а) Себеп-салдар салалас туралы түсінік бере отырып,оқушыларға себеп мәнді жай сөйлем қандай жалғаулық арқылы байланысатындығын, салдар мәнді жай сөйлем қандай жалғаулық арқылы байланысатындығын түсіндіру, теориясын меңгерту ә) Топтастыру арқылы балаларды топпен жұмыс істеуге, бір – біріне ойын жеткізуге тәрбиелеу; б) Бірін -бірі құрметтеуге, сыйлауға және сауатты жазуға тәрбиелеу Сабақтың түрі: топтық сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, жергілікті тіл элементтерін пайдалану, ұжымдастыру Сабақтың көрнекілігі: түрлі – түсті қағаздар,кеспе қағаздар, қосымша материалдар, слайдтар. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, сурет, өмірмен байланыстыру Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Үй тапсырмасын пысықтау: Слайд арқылы үйге берілген жаттығуларды пысықтау, талдау Жаңа сабақ Суретті қағаздарды оқушыларға таңдату, ұқсас суреттер арқылы үш топ құру 1 топ : Қызыл түстер «Алғырлар» 2 топ : Көк түстер «Тапқырлар» 3 топ : Сары түстер «Ойшылдар» Топтар ортаға шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне доп лақтыру арқылы тілек тілейді. 1 топ тапсырмасы: «Менің Қазақстаным» слайд арқылы берілген мәтіннен себеп –салдар салалас құрмалас сөйлемді табады, өз іштерінде талдайды 2 топ тапсырмасы : «Ауылым – алтын бесігім» слайд арқылы берілген мәтіннен с.с. салалас құрмаластың жалғаулықты, жалғаулықсыз түрін табады, өз іштерінде талдайды 3 топ тапсымасы: «Менің мектебім» слайд арқылы берілген мәтіннен с.с. салалас құрмаластың басқа салалас құрмаластан айырмашылықтарын салыстырады, өз іштерінде талдайды. Үш топ тапсырмаларын толық орындап болған соң , топ басшылары бір бірімен ауысады да , келесі топқа басшылар өз тапсырмалары бойынша түсіндіреді. Сабақ толық түсіндіріліп, үш топтың арасында талданған соң, жекелей тапсырмалар беріледі. Үлестірмелі қағаздардағы тапсырмалар бойынша әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, мысалдар келтіру арқылы дәлелдейді. Қорыту: Тапсырма толық тексерілген соң, үш топқа да «Тілім менің айбарым» атты тақырыпта эссе жазуға беріледі. Бекіту: А3 қағазға 1 топ себеп – салдар салалас бойынша «Топтастыру» стратегиясын пайдаланып сызады. 2 топ «Кубизм» әдісі арқылы талдайды. 3 топ Берілген мысалдар бойынша сөйлемге сатылай талдау жасайды. Үйге тапсырма : Әдебиет оқулығынан себеп – салдар салаласқа мысалдар теріп жазу. Оқушы білімін бағалау | |
Просмотров: 1630 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|