Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Фонетикадан өткенді қайталау.
Берден Қайрат Құндақбайұлы
Ақмола облысы
Атбасар ауданы
Мариновка қазақ орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты.

Білімдік: Оқушыларға фонетика бөлімінен өтілген білімдерін еске түсіріп пысықтау, негіздеу.

Тәрбиелік: Сабақта мақал-мәтел, жұмбақтарды пайдаланып, Абай шығармаларынан үзінділер келтіре отырып, оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Фонетикалық талдау дағдысын одан әрі жетілдіру, ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ ( топтық сайыс ).

Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, әр түрлі ойындар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика.

Сабақтың көрнекілігі: Сандықша, асықтар, карточкалар, перфокарталар.

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.
а).Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оның мақсат-міндеттері, түрі және негізгі әдістерімен таныстыру.

ә).Тақырыбын анықтап алу.

б).Бағдарлаушы сұрақтар арқылы оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру.

1.Фонетика бөлімі нені зерттейді?
2.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ата.
3.Буын, оның түрлері.Мысал келтір.
4.Үндестік заңына мысал келтір.

Сабақ басталарда оқушылар екі топқа бөлініп отырады да, топ басшыларын сайлайды, екі топ бір-бірін таныстырады ( топтың аты, ұраны, әні ).

І топ. "Алғырлар" ІІ топ. "Тапқырлар"
Екі топтың бастаушылары келіп сандықшадан нөмір салынған асықты алған соң, асықты иіреді, асық қалай түссе, сол топ жауап беруді бастайды.
1.Сайысымыздың бірінші шарты бойынша екі топтан 2 оқушы келіп "Дауысты дыбыстар" және "Дауыссыз дыбыстар" атты кестені толтырады ( топ болып орындайды ).

ІI.Екі топ бір-біріне жаңылдырғыш сұрақтар қояды.
"Жаңылдырсаң да жаңылмаймын" атты ойын ойналады.

I топтың жаңылдырғыш сұрақтары:
1.Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
2.Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?
3.Шалға қарағанда балада не көп?

ІІ топтың жаңылдырғыш сұрақтары:
1.Қай буында дыбыс көп болады?Ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме?
2.Бота мен қозы ұқсас екен дейді!Олар қалай ұқсас бола алады?
3.Ерінде еріндік бар ма?Езуде езулік нешеу?

III.Викториналық сұрақтармен жұмыс.
1.Әліпбидегі сегізінші әріптен басталатын өзендердің аты ( Ертіс, Есіл, Еділ т.б. ).

2.Екі әріптен ғана құралатын планета атында әліпбидегі нешінші әріптер қолданылады? ( Ай ). 1, 13 әріптер.

3.Бірінші және он бірінші әріптен құралған сөз қай сөздің антонимі?
( Аз ).

4.Әліпбидегі бірінші әріп пен ең соңғының алдындағы әріптен құралған сөз қай аңның аты? ( Аю ).

5.Әліпбидегі жетінші, жиырмасыншы, жиырма екінші әріптерді тіркеп жазсаң балалар ойынына керек заттың аты шығады! ( Доп ).

ІV. "Е ң ұ з а қ с ө з" о й ы н ы ( Тақтада орындайды ).
Ойынның шарты бойынша екі топтан 2 оқушы шығып, қазақ тіліндегі 33 дыбыс, 33 әріптен тұратын сөзді тауып, оны буынға бөлу керек.

Қа-на-ғат-тан-ды-рыл-ма-ған-дық-та-ры-ңыз-дан.

V.С ө з ж ұ м б а қ ш е ш у.
"С-дан басталатын 8 сөз ".
Берілген басқы әрпі бойынша төмендегі бос торкөзге сол әріптен басталған 8 сөз тауып жазыңдар.

1. С У 1.Сұйық зат. 2. Зат немесе құбылыс атауы.
2. С Ө З 3. Дақыл атауы. 4. Жемістің аты. 5.Қарудың
3. С У Л Ы аты. 6. Жоғары оқу орнының оқушысы.
4. С Ә Б І З 7.Өсімдік атауы. 8.Студентке төленетін
5. С Е М С Е Р айлық.
6. С Т У Д Е Н Т
7. С А Р Ы М С А Қ
8. С Т И П Е Н Д И Я

VІ.П е р ф о к а р т а м е н ж ұ м ы с.
Берілген сөздерді тиісті орнына таңбамен + белгіле.

Р С Мысалдар Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын

1. А ң +

2. О ң +

3. О т ы н +

4. Е г і н +

5. Ж о л +

6. Ж е л +

7. Ө м і р +


VІІ. Ж ұ м б а қ т а р с а й ы с ы.
2 топ бір-біріне оқу-білімге байланысты үш-үштен жұмбақ жасырады.

VІІІ. Т о п б а с ш ы с ы л а р ы н ы ң с а й ы с ы.
"К і м т е з т а у ы п ж а з а а л а д ы?" о й ы н ы.
1.Көрсетілген әріптердің тиістісін орнына қойып, мәнісін түсіндіріңдер:
а).Шег(г)ара; Баш(сы); Сөс(зіз).
ә).Қорғам(н)бек; Жам(н)пейіс; сәң(н)қой.

2.Орнында отырған оқушылар тездетіп бітеу буынды тоғыз құс атын жазу керек.
( Тарғақ, бүркіт, қызғыш, торғай, кептер, сұңқар, байғыз, тұйғын, құзғын ).

ІX. Екі топтан екі оқушы шығып карточкалармен жұмыс жасайды.
Фонетикалық ( дыбыстық ) талдау.Дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау.

1-карточка.
Ақыл мен қайрат жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
( Абай ).
2-карточка.
Тоты құс түсті көбелек,
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
( Абай ).

X. О қ у л ы қ п е н ж ұ м ы с. 184-ж а т т ы ғ у.

XІ. К і м к ө п м а қ а л б і л е д і?

Мына мақалдардың екінші сыңарын тап.
( Ауызша оқып беремін ).

1.Ашу – дұшпан, . . . . . . . ( ақыл дос ).
2.Ақ – . . . . . . . ( ақталар ).
Қара – . . . . . . . ( байланар ).
3.Сабыр түбі – . . . . . . . ( сары алтын ).
4.Жігіт бір сырлы – . . . . . . . ( сегіз қырлы болсын ).
5.Аузында әзілі жоқтың . . . . . . . ( қолында қол шоқпары бар ).

С а б а қ т ы қ о р ы т ы н д ы л а у.
а).Ойын қорытындысын шығару.
ә).Оқушылардың білімін бағалау.

Ү й г е т а п с ы р м а. Фонетикадан өткенді қайталау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: kalimanberdenova (2014-10-14) | Автор: Берден Қайрат Құндақбайұлы E W
Просмотров: 1232 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2025-07-09, 9:46 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru