Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Бәйтерек
Сабақтың тақырыбы: Бәйтерек
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: сөздердің жасалуы туралы оқушылардың білімрін еске түсіру, сөздердің жасалу жолдарын, тәсілдерін меңгерту.
Сабақтың мақсат-міндеттері:
1.Білімділік. Өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтау. Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, жазуға, дұрыс қолдана білуді үйрету.
2. Дамытушылық. Оқушылардың ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды өз Отанын, елін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест орындау.
Сабақтың түрі: ойын сабағы, шығармашылық ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Астана туралы слайдтар, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Психологиялық жағдай. Оқушылар көңіл-күйлерін суреттер арқылы көрсетеді. Сәттілік тілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тақтада сандар жазып тұр. Мұғалім сөйледерді оқығанда, оқушылар дұрыс жауабын жазады. /1832,1961,1993,1997,1998/
- Астана қаласының алғаш іргетасы қашан қаланды?
- Қай жылдан бастап қаланы Целиноград деп атаған?
- Қашаннан бері қала Қазақстан Республикасының елордасы болып саналады?
- Осы жылдан бастап қаланың аты екінші рет Ақмола болды.
- Қай жылы қаланың атауы Астана болып өзгертілді?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Топтастыру стратегиясы
«Бәйтерек»
/ «Бәйтерек» кешенінің суреттерін көрсетіп, оқушылардың не білетіндерін алдарындағы қағазға сурет, сызба не басқаша түрде салып жазу. Жұмыстарды спикерлер қорғайды/
ІV. Мәтін бойынша жұмыс.
Бәйтерек.
Астана қаласы қазір қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр. Қала төрінде орналасқан алып «Бәйтерек» кешені- тәуелсіздік символы. «Бәйтеректің» пішіні ұлы даланың кеңдігін, еркіндікке ұмтылу идеясын білдіреді.
Н.Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында «Бәйтерек» кешені идеясы қазақ халқының арманын білдіретін аңызға негізделгенін жазады. «Ежелгі аңызда былай дейді: ...Көк теңіздің жағалауында өмір ағашы – алып бәйтерек өседі екен. Жыл сайын бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар сол жұмыртқаны жеп қояды екен... Аңыз бойынша, Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады... Разы болған құс оның жерасты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз - бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған Қазақстан мақсатының көрінісі».
Сөйтіп, «Бәйтерек» кешені әрбір қазақстандықтың отаншылдық сезімін білдіріп тұруға бағытталған. Бұл сезім- біздің Отанымызға деген құрмет. Бұл бәрімізге ортақ қасиет болмақ.
«Егемен Қазақстан» газетінен.

- Мәтінді тізбектей оқу.
- Жаңа сөздермен таныстыру:
Бәйтерек – үлкен ағаш
Өмір ағашы- көп жыл жасайтын ағаш
Самұрық құс – үлкен, бүркіт тәрізді құс
Ер Төстік –ертегі кейіпкері
Топтық жұмыс.
1 топ. Мәтіннің мазмұнын айтып береді.
2 топ. Мәтін бойынша басқа топтарға сұрақ қояды.
3,4 топ. Мәтінді аударады.
V. Ережелерді қайталау мақсатында кесте толтыру.
Біріккен сөз Қос сөз Қысқарған сөз Тіркескен сөз
«Қазақстан жолы», ТМД, баспасөз, бала-шаға, тәуелсіздік символы, км, өз-өзін, өмір ағашы, ҰБТ.

VІ. Сергіту сәті. Интеактивті тақта арқылы көрсетіп, жаттықтыру.

VІІ. Ой толғаныс.
Бес жолды өлең стратегиясы.
1 жол. Зат есім.
2 жол. Екі сын есім.
3 жол. Үш етістік.
4 жол. Төрт сөзден тұратын тұжырымды сөйлем.
5 жол. Бірінші жолдағы зат есімге синоним сөз.
VІІІ. Рефлексия. Сауалнама.

1.Сабақта... жұмыс істедім.
2.Сабақтағы өзімнің жұмысыма....
3.Сабақ .... болды.
4.Көңіл-күйім....
5.Үй тапсырмасы....

белсенді/ селқос
риза болдым / риза болған жоқпын
жеңіл/ қиын
түсінікті/ түсініксіз
пайдалы/ пайдасыз
қызықты/ қызықсыз
жайдары/ жабыраңқы

ІХ. Сабақты бекіту. Тест сұрақтары.
1. «Қазақстан жолы» кітабының авторы.
А. Н.Назарбаев Б. О.Сүлейменов В. М.Шаханов
2. «Бәйтерек»кешені ненің символы?
А. күштің Б. сұлулықтың В. тәуелсіздіктің
3. Бәйтеректің бұтағында қандай құс жұмыртқалаған?
А. қарлығаш Б. айдаһар В. самырұқ
4. Ер Төстік алтын жұмыртақаны не істейді?
А. аман алып қалады Б. жеп қояды В. сатады
5. «Бәйтерек» кешені қазақстандықтардың қандай сезімін білдіруге бағытталған?
А. махаббат Б. отаншылдық В. әзіл

Х. Бағалау. Әр топтың спикерлері бағалау қағазына баға қояды.
ХІ. Үйге тапсырма: «Бәйтерек» және «Тәуелсіздік монументі» туралы мәліметті жазу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: gulnazbt (2014-12-18) | Автор: Турсынбаева Гульназ Балтаевна E
Просмотров: 1527 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2026-07-19, 5:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [872]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья планы воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники Хиджаб любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад мама воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru