Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Тақырып: Күз. 2 сынып. Сабақтың мақсаты: Білімдік: сөйлемді дұрыс құрау, сөйлем мүшелерін ажырата білу. Күз туралы әңгімелеу, диалог құрастыру. Дамытушылық: оқушыларды сауатты жазу, сөйлеуге дағдыландыру, іздендіру, талдату, салыстыру, жинақтауға қабілеттерін дамыту, танымдылық қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: табиғатты бағалай білуге, қорғауға, еңбекке тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, оқу, аудару, іздендіру, әңгімелеу, ассоциациялық карта, ойын, жұмбақ, тест. Сабақтың көрнекіліктері: кәртішкелер, Венн диаграммасы, кластер, суреттер, себет. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, кезекшімен сұхбат. II Ой қозғау. - Балалар, бір жылда неше жыл мезгілі бар? - Бір жылда неше ай бар? - Бір мезгілде неше ай бар? Қызығушылықты ояту: Ассоциациялық карта. Өрік, алма, Шие, алша, Жидек, жүзім піседі. Қауын, қарбыз, Қияр, сәбіз Дүкендерге түседі. Астық пісіп, Орақ түсіп, Қырман дәнге толады. Бөбектерім! Айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? - Дұрыс, күзде. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Бізге күн қаншама жеміс береді. -Бүгін біз сабақта күз туралы әңгімелесеміз, грамматикалық тақырыпты пысықтаймыз. Балалар, күз тақырыбына кластер жасаймыз. Күз дегенде ойымызға қандай сөздер түседі? Ағаш сияқты жасалған кластер. 1. к ү з 2.Ойлану сатысы: Қандай? Не? Ерте жақсы күз Қоңыр күз Алтын күз Салқын ауа райы Ой шақыру: 3.« Алтын күз» көрмесі ойыны. Ойының мақсаты: оқушылардың «Күз» тақырыбынан алған білімдерін практикалық ойын арқылы бекіту; ой қабілетін дамыту. Шарты: тақтаға күздің сүреті ілінген. Балалар сендерді көрмені аралауға шақырамын. Заттар сатылмайды. Кім сұраққа дұрыс, жылдам, терең жауап берсе, сол жеңіп шығады. Сұрақтар: Тақтадағы сүретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Күзде ауа кандай болады? Ағаштарда қандай өзгеріс болады? Құстар қайда ұшып кетеді? Күз айлары қалай аталады? Оқу жылы қай айдан басталады? Күзде адамдар қалай киінеді? 4.«Жапырақ жинау» ойыны. Тақтада түсіп жақтан жапырақтар мен кірпінің сүреттері. Ойынның шарты: кірпіге көмектесу. Ол үшін жапырақтың артына жазылған тапсырмаларды орындау керек. Тапсырма: сөйлемді аяқта. Қазір күз ... Күзде жаңбыр жиі ... Ауа райы салқын ... Адамдар астық , көкөніс ... Сұрақ-жауап арқылы сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін еске түсіру. Балалар, қазір, ойынды жалғастырамыз: кірпіге көмектесеміз. 4. Тапсырма: сөйлемді дұрыс құраңдар. Басталды, қоңыр, күз. Суытты, күн. Жиі, жауады, жаңбыр. Жылы, ұшады, құстар, күзде, жаққа. Аңдар ін қаза бастады. Егін, жинайды, диқандар. 5. Венн диаграммасын толықтыру. Күз Жаз 6,« Кім тез?» ойыны. Себеттен кәртішкелерді аламыз. Кәртішкелер саңырауқұлақтар сияқты жасалған. Кәртішкелерде жұмбақтар жазылған. Тақтада жемістердің сүреттері көрсетіледі. Жұмбақтар: Әрі қызыл, әрі тәтті, татқан жанды таңырқатты(алма). Көк костюм киеді, күннің көзін сүйеді ...(қарбыз). Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті (өрік). 7.Күз тақырыбына тест сұрақтары: 1.Жыл мезгілдерін тап а)азан, сәуір. ә)күз,жаз, б)ақпан, маусым. Күз айларын тап: а) наурыз, сәуір, мамыр ә) қазан, қыркүйек қараша б)маусым, шілде, тамыз. Күздің екінші айы. а)наурыз, ә)қазан, б)қантар. 4.Күзде не сарғаяды а)жер , ә)жапырақ, б)шырша 5.Білім күні қашан? а)қыркүйек, ә) қантар, б)сәуір . 8.«Жәрмеңке» ойыны. Шарты: сөйлемді толықтыру, аудару. Айжан жәрмеңкеге келді. Жәрмеңкеде _______ ,________,_______ сатылады. Ол _________ ,_______ сатып алды. Бағалау. Үй тапсырмасы: өткенді қайталау. | |
Просмотров: 2029 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|