Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
1. Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын айтады. Бүгінгі сабақта ұлы ақын Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығымен танысамыз. Абай Құнанбаев біздің ұлы жерлесіміз, сабақта біз Абай туралы бейнефильм көреміз. "Қыс" өлеңін оқып, талдаймыз. Оқулықтағы тапсырмаларды орындаймыз. 2. Қазақ тілінен біз Абай Құнанбаев жайында оқығанбыз. а) Абай өмірбаянын бір оқушыға қысқаша айтқызу. 3. "Абай" туралы 5 минуттық бейнефильм көрсетіледі. Бейнефильм бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады: а) Абайдың туған жылы ә) Абайдың туған жері б) Абай мұражайлары қай жерде? в) Сен Семей қаласындағы Абай мұражайында болдың ба? г) Не көрдің? 4. Абайдың "Жыл мезгілдері" туралы өлеңдерін оқу. 5. Оқулықтағы "Қыс" өлеңімен жұмыс. а) Аудио дискіден "Қыс" өлеңін тыңдау, өлең оқылғанда қыс суреттерінен слайдтар көрсетіледі ә) Бір неше оқушыларға мәнерлеп оқыту. б) Аударма сайысы, 3 қатарға 3 шумақты аударту, кім тез аударады сол жеңеді. 6. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау а) Сурақтарға жауап беру Ә) Абай суреттеген адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеген сөздерді тауып, дәптерлеріне жазғызу. б) Бір оқушыға интерактивті тақтаға суретін салдырту, ауызша баяндату. 7. Пәнаралық байланыс (қазақ тілі) а) өлеңнен сын есімдерді табу 8. Пәнішілік байланыс а) қысқа байланысты жаңылтпашты жаңылмай оқу б) жұмбақтар шешу 9. Бағалау 10. Үй тапсырмасы: "Қыс" өлеңін жаттау. | |
Просмотров: 11806 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|