Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сынып: 5 А Күні: 26.02. 14 Сабақтың тақырыбы: Адам денсаулығы. Грамматикалық тақырып: Шылау. Сабақтың мақсаты: а)Білімділік мақсаты:Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,денсаулық адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. ә) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін , денсаулығын сақтай білу іскерлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту. б) Тәрбиелік мақсаты: Денсаулықты күтуге, бағалауға, жеке бас гигиенасын сақтауға және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Сабақ типі:Білім жетілдіру сабағы Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтау, СТО . Пәнаралық байланыс: орыс тілі, өзін-өзі тану. Сабақ көрнекілігі: тақта, сызба, слайд. Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі: - Амандасу. - Сыныпты түгелдеу. - Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. II. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақта үйге 167 бет 3- тапсырма (жазбаша) жаттап келуге берілген болатын. Ендеше үй тапсырмаларынды тексеріп шығайын. 3мин. Кіріспе сөз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына,дұрыс тамақтануына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан Денсаулық- баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш- жігерді,не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмасау керек. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық». Денсаулық- адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, адам өз денсаулығына жақсы қарай білу керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, күнделікті жеке бас гигиенасын сақтауымыз қажет. Денсаулық- табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Бір жеріміз ауырса, дәрі ішіп жүре береміз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Сол себепті денсаулық әр адамның өз қолында.Сонымен қатар дұрыс тамақтанудың да маңызы зор. III. Жаңа сабақ. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыбымызды жазып қоямыз. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Адам денсаулығы». (слайд 1) Сөздік жұмысы: 1. Дені сау адам- здоровый человек 2. тиімді тамақтану - рациональное питание 3. жеке бас тазалығы -личная гигиена 4. Зиян-вред 5. зиянды әдеттер - вредные привычки 6. ауру –заболевание 7. Ұрпақ- потомство IV. Ой шақыру: - Балалар, сендердің ойларыңша,денсаулық деген не? (Оқушылар пікірін тыңдап және топтастыру) Тіл дамыту. Денсаулық Денсаулық дегеніміз- жанның, тәннің, рухани ішкі дүниенің үйлесімділігі, бір- біріне мейрімділігі. -Міне, балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде әңгімелекпіз.. V. Оқулықпен жұмыс. 1- Тапсырма. Мәтінді мазмұндап оқып, аудару. 2- Тапсырма. Жазбаша. VI. Денсаулыққа пайдалы және зиянды тамақ түрлерін кестеге жазыңдар. Слайд 2 Қандай тамақ пайдалы, зиянды деп ойлайсыңдар. Пайдалы тамақ Зиянды тамақ Алма чипсы Сәбіз газдалған су сүт Кока- кола VII. Бекіту: Жағдаят талдау. Диалог. Слайд3 VIII. Жалғасын тап (мақал- мәтелдер) Слайд4 1. Денсаулық -(зор байлық) 2. Жан ауырса тән азады, (Қайғы басса - жан азады.) 3. Дені саудың (жаны сау.) 4. Дені сау ұрпақ -(ел болашағы) 5. Ауруын жасырған (өледі.) 6. Шынықсаң (шымыр боларсың) 7. Дені сау адам -(дәулетті адам) 8. Ішің ауырса, аузыңды тый, (Көзің ауырса, қолыңды тый.) 9 . ... саудың – жаны сау. 10 . Ауырып ем іздегенше, ... ауырмайтын ем ізде. IX.Қорытынды . Сұрақ- жауап. 1.Адам өміріне ең қажетті не? (ауа, су, жылу, жарық, тамақ) 2.Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ? (дене тәрбиесі) 3.Өз денсаулығынды сақтау үшін қандай шара қлданасың? 4.Адам денсаулығына зиян келтіретін заттарды ата? Бір- біріне тілектер білдіру. Ауыр ойды көтеріп ауырған жан, Қайғы, қасірет жүзіңе белгі салған.... Ажал келіп бас салса, жанды ұрласа, Өмір қайда, сен қайда, соны да ойлан. Абай Құнанбайұлы. -Сонымен балалар,бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді өмірде пайдалана біліңдер.Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі. Өз денсаулықтарыңызды сақтай біліңіздер. Бағалау. Үйге тапсырма. 169 бет 4-тапсырма. Мазмұндау. | |
Просмотров: 1085 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|