Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ІСІНДЕ ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Өзге ұлт мектептерінде мемлекеттік тілді оқытумен орай жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының арналы бағыттарын, реформа материалдары бойынша үкімет қаулыларын оқып – үйрену және іс жүзіне асырудағы жұмыстар мұғалімдердің алдына жауапты міндеттер қойып отыр. Атап айтқанда, өзге ұлт өкілдеріне ғылым негіздерінде терең де тиянақты білім беру, оларды практикада қолданудың қабілеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру, оқу жоспарларын, бағдарламаларды, көрнекті оқу құралдарын әлеуметтік – экономикалық және ғылыми–техникалық прогрестің талаптарын, оқушылардың жас ерекшеліктерімен сәйкестендіру, еңбек тәжірибесін, оқытуды және кәсіптік бағдар беруді жолға қою, түбегейлі жақсарту міндеттері қойылып отыр. Бұл мұғалімге деген шын қамқорлық, халық ағарту ісін одан әрі дамыту, қазақ тілі пәнін жоғары ғылыми негізінде ұйымдастыру, жаңа сатыға, жаңа белестерге, соны мазмұнға көтеру мақсатын іске асырудан туған жайлар екенін көруге болады. Жалпы білім беретін мектептерге бағытталған реформалардың негізгі мақсаты, атап айтқанда, оқыту процесіне аса көңіл бөлу қажеттігін, әсіресе күнделікті сабаққа барлық оқу-тәрбие ісінің мүмкіншіліктерін пайдалануға міндеттеп отыр. [1:128]
Өзге ұлт өкілдерінің тілін дамыту – қазіргі мектептегі оқу–тәрбие ісіндегі басты проблема. Тіл мен сөйлеу үрдісін дифференциалды қарастыра оқыту қажет, өйткені оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлініп отыр. Сондықтан, мұғалімнің қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөліп, тілдік материалдарды дұрыс таңдай білу (сөздің, сөйлемнің үлгілерін беру), оны дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылыды. Демек, қазақ тілі пәнін оқыту барысында мұғалім оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық, қазақтың әдеби тілінің мөлшері лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан ойын орфографиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырылады.
Оқушының жазбаша және ауызша ойын дұрыс бере, айта білуіне үлгі беретін–мұғалім. Сондықтан мұғалім тілдің тарихын, грамматикасын, стилистикасын, орфографиясын, лексикасын, пунктуациясын жақсы біліп, меңгеруі қажет.
Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылық мәнде жүргізіліп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, үйренуіне,білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.
Демек оқушылардың тілін дамыту жұмысы – ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз. Өйткені, оқушы қай пәнде оқып – үйренсе де, ол өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбекүн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады.
Сондықтан қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Яғни, оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырыла, сондай-ақ ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.
Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасында тіл дамыту жұмыстарына арнайы орын беріледі. Бағдарламада балалардың жас ерекшелігіне байланысты тәрбиелік мәні бар жаттығу материалдары әр сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай балалардың жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың ой-өрісін жетілдіру мақсаты көзделінген. Сондай-ақ бағдарламада тіл дамыту жұмысын ауызша-жазбаша жаттығулары, шығарма диктант сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асыру міндеттелінген.
Қазақ тілін оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушының ауызша және жазбаша ойын граматикалық және статистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету.
Тіл дамыту жұмысы, негізінен, мынадай төрт бағытта жүргізіледі: бірі – мәдени, әдеби сөйлеу білудің мөлшеріне үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту. Демек, тілдің лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құрап үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан мәлімет беру. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі.
Міне, тіл дамыту жұмысының негізгі мазмұны осындай төрт мәселе айналасында қарастырылып іске асырылды.
Дидактикалық қағидалар әр пәнді оқыту методикасының, соның ішінде қазақ тілін оқыту методикасының теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысы да мынадай дидактикалық негізделе жүргізіледі.
1.Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі қағидасы арқылы оқушы тіл мен ойлау бір – бірімен байланыста екендігін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмайтындығы, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетіндігін, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді. [2:448]
Бұл қағида арқылы оқушының ойлау әрекетін дамыта отырып, түрлі ой қорытындыларын жасай білу дағдылары қалыптастырылады. Яғни, бір нәрсені екінші затпен салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу, белгілі затты белгісізбен салыстыру тағы да басқа түрлі ойлау әрекеттерін үйренудің нәтижесінде ой арқылы білім жүйелерін меңгереді.
Мұғалім бұл қағидаларды негізге ала отырып, қазақ тілінің бағдарламалық материалдарын мұқият қарастырып, әр тақырыпты оқытумен байланысты түрлі тапсырмалар беріп, оны оқушы қалай орындады, одан қандай қорытынды шығарды, ол тапсырманы, жаттығуды орындауда неге сүйенді, қандай ойлау әрекеттерін жасады деген мәселерге көңіл бөлінеді.
Сондай–ақ, қағиданы іске асыруда екінші басты мәселе – оқушылардың орфографиялық ережелерді саналы меңгеруін қалыптастырып, дұрыс сөйлей білуге, сауатты, қатесіз жазуға дағды беру.
Сөз тіркесі, сөйлем құрауға үйрету жұмысы оқушы ойын байланыстырып айта білумен бірге, жаза білуге дағды береді. Грамматиканы, синтаксисті жақсы меңгерген оқушы сөз тіркесін, дұрыс біліп, сөйлемді қарастыра алады.
Мұғалім сөз тіркесі және сөйлемді дұрыс құрату арқылы оқушыны тілдік фактілерді орынды қолдана білуге, әсіресе, синонимдік қатарларды, сөзді талғап, таңдап қолдануға үйретеді.
Сөз тіркесі, сөйлемді құрату жұмысы да барлық грамматикалық тақырыптарды оқытумен орай іске асырылды. Мысалы, “Синтаксис және пунктуация”, “Сөйлем мүшелері”, “Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері” тақырыптын оқытумен байланысты қарастырған жөн.
Мұғалім жаттығу жұмыстарын грамматика – стилистикалық бағытта ұйымдастырылды.
Дайын мәтін ала отырып, оған грамматика – стилистикалық талдау жасауына болады. Оқушылардың назарын сөйлем құрылысына аударып, қалай жасалғанаын, қандай стильдік қателер барын немесе қандай ерекшелікпен (сөзді қолданудағы) көрінетіндігін байқатады.
Оқушылырға мынадай жұмыстар орындату тиімді: сөз тіркестері арқылы сөйлем құрату, жай сөйлемді жалпылама сөйлемге айналдыру, аяқталмаған сөйлемді аяқтау, диалогты сөйлем құрату, әңгімені аяқтау, белгілі таныс тақырыптар бойынша бір-бірінің жұмысын реакциялату тағы басқа – осындай жүйелі жүргізілген жұмыстар арқылы оқушы дұрыс сөйлем құрастыруға бейімделеді.
Оқушы сөз тіркесі мен сөйлемнің түрі және мазмұны арасындағы байланысты меңгеруге тиісті.
Яғни, сөз тіркесі сөйлемге қажетті құрылыс материалы ретінде қаралса, сөйлем синтаксистің негізгі бірлігі ретінде қаралатындығын ұқтыру қажет. Мысалы, сөз тіркесінде “қоңыр” деген сын есімнің мағынасындағы өзгерісті, оның тура және ауыспалы мағынада тұрғандығын талдау жасау арқылы түсіндіріп отыру пайдалы: қоңыр күз, қоңыр мата, қоңыр бояу, қоңыр дауыс. Оқушыға “қоңыр бояу, қоңыр мата” деген сөздің тура мағынада айтылып тұрғандығын, ал “қоңыр дауыс, қоңыр күз” деген сөз тіркестерінің ауыспалы мағынада қолданылып тұрғандығын салыстыру арқылы түсінік беріледі. Оқушы тілдің осындай нәзік құбылыстарын байқау арқылы ана тілінің қыр-сырын біле түсуге құмартады. [3:98] Мұғалім алдымен сөз тіркесі және сөйлемнің өзара құрылымдық айырмашылығының неде екендігіне оқушы көзін жеткізу қажет. Демек, сөз тіркесі категориясының лексикамен, морфологиямен тығыз байланысты екендігін, сондай-ақ сөз тіркесі лексика мен морфологияны синтаксиспен тығыз байланыстыратын синтаксистік категория екендігіне баса назар аударылады. Мұның лексикамен тығыз байланыстылығы құрамына енген сөздердің толық лексикалық мағынаға ие болуы және бір-бірімен байланыста айтылатындай тіркесімдік қабілеті болуы шарт екендігінен көрінсе, морфологиямен байланыстылығы, сөз бен сөз белгілері бір қосымша арқылы, яғни сөз тұлғасы арқылы байланысатынынан, екінші жағынан, белгілі бір сөз табынан негізінен сөз тіркесі жасалатындығынан байқалады. Ал байланысқа түскен сөздердің грамматикалық қарым-қатынасы, лексико-грамматикалық деп те, синтаксистік қарым-қатынас деп те аталады.
Тіл дамыту жұмысының бұл қағиданың тәрбиелік маңызы да бар.
Тіл дамыту жұмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір – бірімен байланыстылық қағидасы да басты орын алады. Адам бір-бірімен сөйлеу тілі арқылы тікелей қарым қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші бір адамның айтқан сөзін естиді, тыңдайды әрі онымен пікір алысып сөйлеседі. Адам осындай сөйлеу барысында тілдің түрлі көркемдік тілдік құралдарын пайдаланылады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ымдау тағы да басқа әрекеттер арқылы сөйлеу үрдісінде екінші бір адамға ойын жеткізеді.
Сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлемдермен айтуға бейім келеді, мысалы, сөйлемнің айқындауыш, оңашаланған мүшелерін, құрамдас сөйлем түрлерін қолдана бермейді.
Ал жазбаша сөйлеу – графикалық жазу таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлем түрімен де бере алады. Демек, жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйелі байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалғау, жұрнақ, түрлі тыныс белгілерін (нүкте, қос нүкте, үтір, сызықша, тырнақша, леп белгісі, сұрау белгісі т.б.), синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік құралдарды пайдаланады. [3:56] Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы ойын жазбаша да дұрыс , жүйелі бере алады. Сондықтан бұл екі үрдіс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралғанда, жүргізілгенде ғана дұрыс нәтиже береді.
3. Тіл дамыту жұмысын грамматика, орфография, пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу қағидасы да ерекше орын алады.
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білудің, тыныс белгілерін дұрыс қоюдың көркем әдебиетті көп оқудың үлкен мәні бар. Демек, мұғалім қазақ тілі сабақтарында үйретілген ережеге сай түрлі жаттығу жұмыстарын орындатып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білдірудің жолдарын көрсетіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы қажет.
Тіл дамыту жұмысын стилистикамен байланысты жүргізу қағидасы да басты орын алады. Стилистикамен жұмыс грамматиканы, лексиканы, фонетиканы оқытумен тығыз байланыста жүргізіледі.
Стильдің түрлерін жақсы меңгерген оқушы тілдің морфологиялық құрылысын, яғни сөздердің мағынасына, тұлғасына және синтаксистік қызметтеріндегі өзіндік ерекшеліктерді ажыратып, күрделі сөз тіркесінің құрамын негізгі және көмекші сөздер, олардың өзара байланысын ажырату, жазуы қиын орфографиялық ережелерді меңгертіп, дұрыс, сауатты жазуға дағды алатын болады.
Синтаксисті оқу барысында түрлі синтаксистік конструкцияларды меңгеріп, сөз тіркесі мен сөйлем ішіндегі сөздерді тұлғалық формаларына қарай таңдап қолдануға дағдыланатын болады.
Мұғалім оқулықтағы жаттығулардан, дидактикалық материалдар жинағындағы мәтіндерден стильмен жұмыс істеудің жолдарын көрсетіп отырады.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабақтары бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарын жоғарыдағы айтылған қағидаларды ескере отырып ұйымдастыру пайдалы.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Артыкова Т.М. Педагогические условия формирования учебной языковой среды при обучении государственному языку.-Алматы,2003.-176 с.
2. Әбдікаримова Т.М. Бастауыш сыныпта текст арқылы ауызша тіл дамыту.-Алматы,1993
3. Әбілқаев Ә., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту. Метод. нұсқау 7-сынып.-Алматы,1984
4. Әлімжанова Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы.- Алматы,1965
5. Әміров Р. Бірінші сыныпта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар.-Алматы,1967

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: janna (2010-03-17) | Автор: Кушерханова Жанна Нурмагамбетовна E
Просмотров: 13252 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 4:59 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru