Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Раимбекова Елена Васильевна, қазақ тілі пәні мұғалімі КММ «Қосалқы мектеп-интернат» Семей қаласы 8 сынып Тақырыбы: Төрт түліктің пайдасы Сабақтың мақсаты: Оқушылардың төрт түлік мал туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: Балаларды төрт түлік малдың өрісімен,тіршілік табиғатпен, малдың қадір-қасиетімен таныстыру. Мал мен адам арасындағы байланысты ашу. Төрт түліктің адамдарға пайдасы жайында балаларға түсінік беру. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тапсырмалар арқылы пысықтау. 2. Түзету- дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, фонематикалық есту қабілетін дамыту, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту; Тәрбиелік: Балалардың үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге,төрт түлікті күтіп бағуға,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жеке жұмыс: Үлгі бойынша жазу, Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, жазба жұмыстары, тілдік жаттығулар; белсенді тақтамен жұмыс, тыңдау, бейнекөрсетілім, тест, жұмбақ шешу. Сабақ көрнекіліктері: ОТҚ-белсенді тақта,слайдтар, суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу рәсімі: Білер қазақ баласы, Сәлем-сөздің анасы. Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз! 2. Кезекшімен сұхбаттасу - Бүгін кім кезекші? - Сыныпта кім жоқ? ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Мұғалімнің сөзі: Балалар, жаңа тақырыпты бастамас бұрын, төрт түлік мал туралы білетінімізді еске түсірейікші. - Төрт түлік малға қандай малдар жатады? - Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі. - Үй тапсырмасын жұмбақтарды шешуден бастаймыз. (Жұмбақтар шешілген сайын белсенді тақтадан кезекпен төрт түлік малдың суреттері көрсетіледі). 1. «Кішкен ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар» - Бұл не? - Бұл қой. - Қойдың төлі не? - Қойдың төлі – қозы 1 слайд - Қой өзінің төлін қалай жақсы көреді? Оқушының жауабы. 2. «Екі айнасы бар, Екі найзасы бар» - Ол не? - Ол сиыр. - Сиырдың төлі не? - Сиырдың төлі - бұзау. 2 слайд - Сиыр төлін қалай жақсы көреді? Оқушының жауабы 3. «Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ». - Бұл не? - Бұл жылқы. - Жылқының төлі не? - Жылқының төлі - құлын. 3 слайд - Жылқы төлін қалай жақсы көреді? - Оқушының жауабы. 4. «Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан». - Бұл не? - Бұл түйе. - Түйенің төлі не? - Түйенің төлі - бота. 4 слайд - Түйе төлін қалай жақсы көреді? Оқушының жауабы. 5. «Төрт аяғы бар, Басында екі таяғы бар, Иегінде сақалы бар». -Бұл не? -Бұл ешкі. -Ешкінің төлі не? -Ешкінің төлі- лақ. 5 слайд - Ешкі төлін қалай жақсы көреді? Оқушының жауабы. ІІІ. Негізгі кезең. 1. Сабақтың мақсатымен таныстыру 2. Кіріспе: Мұғалім сөзі: Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Кезінде ата - бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп - қонып жүрген. Малдың сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегі тіпті тезегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мал қазаққа жесе - асы, кисе -киімі, мінсе -көлігі болған. Ата - бабаларымыз «мал - жан аман ба?» деп амандық саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып, бағып - күтудің де ерекшелігін жақсы білген. ( 6,7,8, 9 слайдтар) 3. Мәтінмен жұмыс: 3.1. Мәтінді мұғалімнің оқуы Төрт түлік малдың пайдасы 10 слайд Төрт түлік малдың адамға пайдасы зор. Қой - төрт түлік малдың ішіндегі момыны. Қойдың еті, сүті, терісі пайдалы. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сиырдың сүтінен айран, қаймақ, май, ірімшік жасалады. Жылқының сүті қымыз денсаулыққа пайдалы. Жылқыны адамдар көлік ретінде пайдаланады. Қазақта ат ойындары көптеп саналады. Түйенің еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім. Түйені де көлік ретінде пайдаланған. Ол өте төзімді жануар. 3.2. Сөздік жұмысы 11 слайд момын – скромный, тихий тері – шкура көлік - транспорт жүн- шерсть төзімді- терпеливый 3. 3 Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру. 3. 4 Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. а) мұғалім мәнерлеп оқиды; ә) оқушылар дауыстап қайталайды; б) оқушылар тізбекпен оқиды. в) Сөздерден сөз тіркестерін құрау. 4. Сөйлемдер құрау. 3. 5. Оқушылардың мәтінді тізбекпен оқулары. 12 слайд Төрт түлік малдың пайдасы Төрт түлік малдың адамға пайдасы зор. Қой - төрт түлік малдың ішіндегі момыны. Қойдың еті, сүті, терісі пайдалы. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сиырдың сүтінен айран, қаймақ, май, ірімшік жасалады. Жылқының сүті қымыз денсаулыққа пайдалы. Жылқыны адамдар көлік ретінде пайдаланады. Қазақта ат ойындары көптеп саналады. Түйенің еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім. Түйені де көлік ретінде пайдаланған. Ол өте төзімді жануар. 3.6. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру . 13 слайд Төрт түлік малдың адамға пайдасы қандай? Қой қандай жануар? Қойдың несі пайдалы? Сиыр бізге не береді? Сиырдың сүтінен не жасалады? Жылқыны адамдар не ретінде пайдаланады? Түйе не береді? Ол қандай жануар ? 4. Сергіту сәті 5. Жазбаша жұмыс. Сөйлемді тақтаға бір оқушы жазып, талдайды. Қалған оқушылар дәптерге көшіріп жазады. Жылқыны адамдар көлік ретінде пайдаланады. Сөйлемді дәптерге жазу, сөйлемнен бастауышты, баяндауышты табу, сұрақтар қою. (Тақтада бір оқушы орындайды) 8.Психологиялық тренинг «Не артық?» ойыны 14, 15 слайд ІҮ. Сабақты бекіту: Қойылым: «Үй жануарларының таласы». Бір күні сиыр, жылқы, қой үшеуі таласты. Сиыр: - Қожамыз мені жақсы көреді. қожамыздың үй іші менің сүтімді ішеді. Жылқы: Қожамыз сендерден мені жақсы көреді. Отынды, шөпті арбамен мен тасимын. Қой:- Жоқ, қожамыз бәрінен де мені жақсы көреді. Менің жүнімнен киім- кешек тоқиды, киіз басады. Қожайын:- Сендер таласпаңдар, маған бәрілерің де керексіңдер. Ү. Сабақты қорыту: - Балалар, бүгін сабақта не туралы айттық? - Төрт түліктің адамға пайдасы қандай? ҮІ. Үйге тапсырма: Жаңа сөздерді жаттау ҮІІ. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар білімін бағалау. ҮІІІ. Рефлексия. Жалпы сабақ бойынша ойларын айтқызу. 16 слайд | |
Просмотров: 1735 | Комментарии: 5 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|