Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Телефонхат Сабақтың мақсаты: телефонхат іс қағазына қойылатын талаптар, оның лексикасы, жазылу стилімен таныстыру; сөйлеу тілін дамыту; телефонхат жібере білуге, қабылдай алуға үйрету. Сабақ мультимедиалық кабинетте өтеді. Сабақтың барысы. І. Үй жұмысын тексеру/ сұрақ – жауап әдісі/ ІІ. Жаңа сабақ. Бүгінігі сабағымыздың тақырыбы: телефонхат . Телефонхат қандай құжат деп ойлайсыңдар?/ оқушылар өз ойларын айтады/ 1слайд Телефонхат - телефон арқылы жеткізілетін жедел сиппатағы ақпарат. Енді мына телефонхат үлгісіне назар аударайық. 2 слайд Телефонхат. 16.02.07. № 14 Тәрбие ісінің меңгерушісіне. Ертең 17.02.07ж сағат 15.00-де №5 мектепте тәрбие ісінің меңгерушілеріне арналған семинар өтеді. Қол қойған: Білім бөлімінің бастығы. Жіберген: Хатшы Ғ. Бейсенова. 16.02.07.күні, сағат 15.35-те қабылдап алған А. Мирсаитова. Енді осы үлгі бойынша телефонхаттың құрылымын атаңдар? 3 слайд Құрылымы: - құжат аты, жіберілген мерзімі, №; - алушының аты- жөні; - негізгі мәтін; - жіберушінің аты – жөні, телефон №; - қабылданған мерзімі; - қабылдаған адамның аты – жөні. Мәтінмен жұмыс / оқушылар мәтінді оқиды/. Телефонхат Телефонхат қызметтік іс қағаздарына жатады. Телефонхаттың мәтіні аса күрделі болмауы керек.Телефонхат мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды.Телефонхаттар басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады. Сұрақ: Мәтіннен қандай жаңа ақпарат алдың? 4 слайд Телефонхаттарды тіркеу журналы № күні мазмұны Жіберуші қабылдаушы орындаушы Жіберілген телефонхаттар № күні мазмұны Жіберуші қабылдаушы Кімге Мұғалім бұл журналға телефонхатты қалай жазу керектігін түсіндіре кетеді. Телефонхат Телефонограмма Телефонхат. | |
Просмотров: 7960 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|