Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақ тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Сүйемін» өлеңі. ( 7 – сынып) Білімділік ақын Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін талдай отырып, мақсаты: оның өмірі мен шығармашылығына талдау жасау; Дамытушылық сөз мағынасын, өлең шумақтарын түсіне білуіне, сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуіне қол жеткізу; Тәрбиелік елін, жерін сүюге, ел мен жер алдындағы борышын айқын сезінетін ұрпақ тәрбиелеу; Сабақ түрі: жаңа сабақ; Көрнекіліктер: ақын шығармаларына шолу схемасы, ақын шығармаларының жинақтары, баспасөз материалдары; Қолданылатын сын тұрғысынан ойлап, талдау жасау және өз пікірін қорғау; әдістер: Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Еске түсіру: Мағжан шығармаларын еске түсіру (5-6 сыныпта танысқан өлеңдерін жатқа оқиды.) ІІІ.»Ой қозғау». Оқушылар ақынның өмірі мен шығармалары туралы білгендерін ортаға салады. Білемін. Білгім келеді. Үйрендім. ІҮ. “Ой толғау”. 1. Қай жылы туды, қайда оқыды, ақынның отбасы туралы не білесіңдер? Артында ұрпағы қалды ма? 2. “Батыр Баян” поэмасы не туралы екен? 3. Қанша тіл білген? (айтқандарын түйіндеу) 4. Шығармаларын кімдер зерттеді? Ү. “Араласып кеткен оқиғалар”. «Сүйемін» өлеңінің жеке – жеке шумақтары беріледі. Олар ауысқан шумақтарды ретімен оқиды. ҮІ.”Әсер еткен шумақ, сөз тіркестері». Әр оқушы өздеріне әсер еткен шумақты, сөз тіркесін, теңеулерді жазып, сол туралы пікірін оқиды, талдайды. «Күлдей күңгірт шашы бар». Сол туралы пікірі (Джамбуршина Дананың) Бұл жерде ақын анасының көп қиындық көргенін, қартайғандығын, шашының ағарғанын айтып отыр. (Шоқыбаева Қымбаттың пікірі). Анасының шашының ағарғанын «Күлдей күңгірт шашы бар...» деген жолдардан байқаймыз. «Қыс – ақ кебін, ...» (Молдахметова Диананың пікірі). Қыста жер бетін аппақ қар басып қалғанын ақын «Қыс – ақ кебін, ...» деп бейнелейді. ҮІІ. Мағжан мен Сәкенді салыстыру (венн диаграммасы). ҮІІІ. “Сүйемін” өлеңіне ой жалғайды, яғни шумақ жалғайды, өлеңдегі әр шумаққа мақал – мәтел айтады. ІХ. “Сүйемін” өлеңі бойынша плакатқа көрнекілік жасайды. Х. Қорытындылау: әр оқушы басқа оқушылардың сабақ барысындағы жауаптарына, белсенділігіне сараптама жасайды. Сараптама бойынша білімдері бағаланады. ХІ.Үй тапсырмасы: «Сүйемін» өлеңін жаттау, осы өлең бойынша «Туған жер - тұғырың» тақырыбында шағын ой – толғау жазу. | |
Просмотров: 11718 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|