Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Қазақшаңыз қалай?" сайыс сабақ
Астана қаласы
№22 мектеп – гимназиясы
Смаилова Айман Дайрабайқызы
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Сайыстың тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Сайыстың мақсаты:
1) Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін оята отырып, өз елін, Отанын, тілін, дінін сүюге баулу, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2) Еңбексүйгіштікке, адалдыққа, борыш, ар –ұят, білімділікке тәрбиелеу; оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
Сайыстың барысы:
-Қайырлы күн, құрметті жанкүйерлер, көрермендер, ұстаздар.
Сіздерді тіл мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық және табыс тілейміз.
Бүгінгі күннің өмір талабы – көп тіл білу керек. Сол тілдердің ішінде біздің республикамызда ең маңыздысы –Мемлекеттік тілді білуіміз керек. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!
Біздің сабағымыздың айдары:
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ.
Тілден терең теңіз жоқ.
Ғ.Мүсірепов
- Адамға екі нәрсе тірек тегі
Бірі – тіл, бірі – ділдің жүректігі , - деп бабамыз Жүсіп Баласағуни айтқандай кез келген мемлекеттің, елдің негізгі рәмізі де, ұраны да, ерекшелігі де, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Ендеше тілімізді ардақтап, сол тілде сауатты сөйлеп, ойымызды жеткізе білсек, нұр үстіне нұр!
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! –деп Мағжан ақын жырлағандай, құрметті ұстаздар мен оқушылар тіл апталығымыздың бүгінгі күні 10 сынып оқушыларымен өткізілетін «Қазақшаңыз қалай?» атты тіл сайысымызға қош келдіңіздер!
- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады.
Әділқазылар алқасы:
1. Арыстанова Рысты Рүстемқызы – қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
2. Қыстаубаева Зияда Сетқалиқызы –қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
3. Нұрова Майя Құрманалиқызы – қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Сайыстың шарты:
Ойын 7 кезеңнен тұрады, сұрақтарға шапшаң , дұрыс жауап беру керек.
І кезең. «Өзін – өзі таныстыру» /топтың аты, ұраны/
І топ – Қыран ІІ топ – Жұлдыз
ІІ кезең: «Кім шапшаң» : 10 сұраққа жауап беру. Сұрақ екі топқа бір уақытты қойылады. Жауабы дайын топ жауап береді.
1.Қазақстан Республикасы өз егемендігін қай жылы жариялады? /1991 ж./
2.Республикамыздың тәуелсіздігін білдіретін белгілер /Рәміздер,Ата Заң/
3.Тіл мерекесі қашан тойланады? /22 қыркүйек/
4.ҚР Ата заңы қашан қабылданды? /1995ж.30тамызда/
5. Биыл Ата заңымызға неше жыл? /20 жыл/
6. Қазақстанның үш дана биі кімдер? \Төле би, Қазбек би, Әйтеке би/
7. Қазақтың қандай дәстүрлерін білесіңдер?
8.Тұсау кесу рәсімі қалай өтеді?
9.»Қара шаңырақ» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
10.Отбасының тірегі кім?
ІІІ кезең: «Бір сөзбен түйінде»
І топ:
1. Дина, Құрманғазы (күйш)
2. Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов (педагог)
3. Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев (ғарышкер)
4. Әлия, Мәншүк (батыр қыздарымыз)
ІІ топ:
1. Қобыз, домбыра (аспап)
2. Шелпек, бауырсақ (тағам)
3. Қымыз, шұбат (сусын)
4. Қыз қуу, көкпар, асық (ұлттық ойындар)
ІҮ кезең : Тіл туралы мақал – мәтелдерді жатқа айту
Ү кезең : «Өнерім бар бойымда» /үй тапсырмасы: әр топ өнер көрсетеді/
ҮІ кезең: «Полиглот» сайысы «Үш тілдік – өмір талабы»
І топ:
Лед – мұз – ice
Соль – тұз –sould
Девочка – қыз –girl
Птица – құс-beard
Время – уақыт – time
Вторник – сенбі –tuesday
Четверг – бейсенбі –thursday
ІІ топ:
Зверь – аң –beast
Хлеб –нан-bread
Доска – тақта-bleck board
Трава – шөп – greas
Синий – көк-blue
Пять – бес –five
Вечер – кеш-evening
Учитель – мұғалім-tacher
7 кезең : «Бәйге» - 12 сұраққа 3 минутта жауап беру.
І топ:
1.Аптаның қай күні жолға шықпайды, үлкен кіріске кіріспейді? /Сенбі күні/
2. Сәби жүре бастағанда, қандай той өткізіледі? /Тұсау кесу/
3.Қазақтар соңғы баласын қалай атайды? /Кенже/
4. Қазақстанның рәміздеріне не жатады? /ТУ,Елтаңба, Әнұран/
5. Қазақстанның ұлы ақыны кім? / Абай/
6. Қазақ тілі кімдердің ана тілі? /Қазақтардың/
7.Қазақстан Республикасы қашаннан бері тәуелсіз мемлекет? /16.12.1991ж/
8.Фонетика нені зерттейді? /дыбыстар жүйесін/
9. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? /поэзия/
10. Сын есімнің мағынасына қарай қандай түрлері бар? /сапалық, қатыстық/
11. Күрделі сөздердің қандай түрлері бар? /қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркесті сөз/
12.Сөзге жаңа мағына беретін қосымша қалай аталады? \жұрнақ/
ІІ топ.
1.Аптаның қай күні алыс жолға шығуға болады? Ол күнді қалай атайды? /Сәрсенбі-сәтті күн./
2. Аптаның қай күні қасиетті күн болып саналады? /Жұма/
3.Қазақ халқының үш данасы /Абай, Ыбырай, Шоқан/
4. Үш арсыз ол не? /ұйқы, тамақ,күлкі/
5. Наурыз көже неше тағамнан жасалады? /жеті/
6. Баланың тұсауын кім кеседі? /сыйлы, пысық адам/
7. Қазақстанда тілдер мерекесі қашан тойланады? /22 қыркүйек/
8.Күрделі сөздің қай түрі дефис арқылы жазылады? / қос сөз/
9.Дыбысталуы мен жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер қалай аталады? /омоним/
10. Грамматика қандай бөлімдерден тұрады? /синтаксис, морфология/
11.Әдебиет қай тілден енген сөз, қанадй мағына береді? /араб, «асыл сөз»/
12. Дөрекі сөздерді тіл білімінде қалаай атайды ? /дисфемизм/
Қорытындылау:
- Ал, енді сөз кезегі әділқазылар мүшелеріне беріледі.Шешімін шығарып, марапаттайды.
- -Көп тіл біілсең,көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренгенін жөн болар! – деп , өз жерімізді, елімізді,
тілімізді қадірлеуге , қорғауға, көркейтуге, дамытуға тиіс екенімізді естен шығармайық, достар!
«Желбіреген ту» әні орындалады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: aymansmailova (2015-11-14) | Автор: Смаилова Айман E
Просмотров: 2194 | Комментарии: 1 | Теги: қазақшаңыз қалай? | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2025-07-10, 3:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru