Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Когнитивік даму-баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті, оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерісінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы таралы маңызды ақпараты бар когнитивтік даму теориясы шеңберінде сипатталады. (М.Нұсқаулығы, 77 бет ) Қазіргі кезде білім беру үдерісінде қайта құру, яғни жаңа технологияландыру, жаңаша оқытуға көшіп жатыр. Мұның өзі оқушыларға нәтижелі, сапалы білім беру қажеттілігінен жасалып, ұсынылып жатқан дүние. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Психологтардың айтуынша мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Өз – өздерін «енді бала емеспін, ересекпін» - деп түсінеді де, өзіне жұрттың осылай деп қарауын тілейді. Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Жас ерекшеліктеріне байланысты оқудың жекелеген теориялары бағытталған болатын. Ғалымдардың идеяларын басшылыққа алып мектептегі тәжірибе кезеңіндегі өткізілген сабақтарда оқушыларымды ынталандыру мақсатында әр түрлі сөздермен «жарайсың, дұрыс тапқансың» деген сөздер арқылы, үш шапалақ, смайликтер арқылы мадақтап ынталандырып отырдым. Өздерінің түсініктерін оқушылар «бағдаршам», «екі жұлдыз, бір тілек», «бас бармақ» арқылы бағалады, өйткені бағалау оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Өз сабақтарымда жаңа тақырыпты меңгерту, мақсатына жету үшін оқушыларға мәтін ұсынылды. «Ойлан. Бірік. Бөліс» стратегиясын қолдандым. Мәтінді түсініп оқып оқушыларым бірлесе отырып, зерттеу әңгіме жүргізеді. Оқушылар нақты ақпаратты таба алуды, зерттеу әдістерін бағалай алуды, негізгі кезеңдерді өз сөздерімен түсіндіре алуды, оқушылар жүргізілген зерттеулерінен қорытынды шығарып, мүмкін болатын өз болжамдарын ұсына алуды мақсат етті. Осы стратегияны қолданып, оқушылардың жаңалық ашу арқылы оқу маңыздылығын түсінеді деп , белсенділіктері арттады деген нәтиже күттім. Оқушылар мәтінді оқып, өздігінен білім алып, ізденіп, зерттеу әңгіме жүргізіп, сыни тұрғыдан ойлауға үйренді. Жеткіншектердің қалыптасуында жолдастарының қоғамдық пікірі үлкен рөл атқарады. Жұпта және топта талдау барысында оқушылар өз ойларын айтуға, басқалардың пікірін тыңдауға, өз білімін толықтыруға үйренді.. Топтық жұмыс сыныпты ауызбіршілікке , сыйластыққа , бірлесіп жұмыс істеуге, бір-бірін тыңдай білуге,бір-бірінің пікірің қабылдай білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелейді. Балалардың тіл үйренуі – күрделі үдеріс, оған сүйенсек бала үйренетін әр сөзді және сөздің әр фрагментін бастапқыда еліктеп қайталайды және ересектердің жымыюы сияқты құптауы ықпал етіп жаттайды. Өз сабағымда өрбігені постер қорғау кезеңінде сөз саптаулары мен өз ойларын жеткізуі менің ойымнан шықты. Кейбір оқушылар оларға көп түсінік айтқан ұнайтындығын көрсетсе, кейбіреулері жеке тапсырмалар орындаған ұнайтындығын, ал кейбіреулері сурет салған ұнайтындығын айтқан. Сондықтан да жұмыс парақтарымдағы тапсырмаларымда осы сұраныстарды ескеруге тырыстым. Осыған орай деңгейлеп оқыту әдісін қолдандым. Деңгейлік саралау оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі болып табылады. Мұнда оқу үлгерімі С деңгейіндегі оқушы мен дарынды баламен де жұмыс та көрінісін табады. Осылайша деңгейлеп оқыту, деңгейленген тапсырмаларды беру арқылы оқушының танымдық қабілеті анықталып, әрбір оқушының интеллектуалдық даралығын анықтап, ары қарай оны дамыту барысында жұмыс жасауға оңтайлы жағдай туғызылады. Әрбір сабағымда жұмыс парақтарын пайдалану арқылы сынып оқушыларының өзіндік ерекшеліктері тапсырмаларды мүмкіндігінше орындау барысында көрінді. Бұл әдіс арқылы оқушылардың сабаққа, білімге деген қызығушылығының артуы, ой жүйесінің дамуы, сапалы білім алу сияқты жетістіктерге жетуге болады. Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып мұғалімдер өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс. Мұндай оқушылардың қажетті білімді алуға өздеріне ненің көмектесетінін біледі. Білімді баланың есте сақтау қабілеттері өте жоғары, себебі ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алатынын өз тәжірибемде оқушыларға жоғары деңгейдегі тапсырмаларды, ерекше тапсырмаларды орындау кезінде пайдаландым. Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, уақытты тиімді пайдалану үшін сабағымда оқушыларыма интербелсенді тақтадағы «Маңыздылығына қарай фактілерді тәртіппен орналастыр», «Шындық па, жалған ба?» , «Венн диаграммасын толықтыру» сияқты тапсырмаларды орындауға ұсындым. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудағы ойлау процесін қарастыратын болсақ, бұл бөлімде ой жүгіртудің үш түрін: ұқсастық бойынша ой жүгірту, моральдік пайымдау және зерде теориясын қарастырамыз. Бұл - жоғарғы деңгейдегі дағдылары, оларға проблемалармен табысты жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Өз сабақтарымда оқушыларға проблемалық жағдай тұғызу арқылы, жоғары деңгейдегі сұрақтарды қоя отырып пайымдау жасауға, проблемаларды шешуге жағдай жасауға тиімді болар деп ойлаймын. Балалардың креативтілігін дұрыс түсіну керек, өйткені көптеген идеяларды өндіру сапасы мәселесінің маңыздылығы балаларда өзін-өзі бағалау қабілеті дамыған сайын өрістей береді. Шынына келе, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау барысында балалардың жоғарыда аталған ерекшеліктерін ескере отырып келе тапсырмаларды жоспарлап, құру қиынға соқты. «Қалайша әрбір баланың ерекшелігі ескерусіз қалмайды екен?» - деген үлкен сауалды өзіме қорқа-қорқа қойдым. «Әркім өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін», - деп Ақтамберді жыраудың даналығында айтылғандай, әр бала өзіне ыңғайлы жұмыстар кезінде талпынып, қуана-қуана М.Чиксентмихайдың «өзіндік мақсат» деп атайтын төмен машықтар мен жоғарғы талап кезіндегі мазасыздықты және де жоғары машық пен төменгі талап кезіндегі зерігуді болдырмай, ағынға түсуіне ықпал келтіруім керек болды. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу сабақтарым аясында сәтті көрініп, оң нәтиже берген жерлері: біріншіден - сынып оқушылары жаппай жұмыс жасайды, екіншіден – бос отырған оқушы болмайды, үшіншіден – сыныпты ұйымшылдыққа, бір-біріне қайырымдылыққа тәрбиелейді, төртіншіден – тапсырмалар оқушылардың жеке жас ерекшеліктеріне сәйкес дайындалады, жүйеленеді, бесіншіден – оқушыда мазасыздық, зерігу секілді ынғайыссыз кері әсерлерге ұшырамай, өз шамасында жұмыс атқаруына жағдай жасалады, тапсырмалар сан түрлі сипатқа ие болады және т.б. сәтті шықты. Болашақта оқушылардың танымдық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін біліп, сабақ үдерісінде жас ерекшеліктерін ескере отырып оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асырғым келеді. Қолдaнылғaн дереккөздер: 1. Мұғaлiмдeргe aрнaлғaн нұcқaулық. «Нaзaрбaев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 2. «Caбaқты aяқтaу» реcурcтaры 3. «Тaлқылaу құрaлдaры» реcурcтaры | |
Просмотров: 4401 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|